Жалпы ережелер. 366. Саны көп әскери бөлімдер, бөлімшелер мен командалар темір жол және су көлігімен тасымалдау үшін әскери

366. Саны көп әскери бөлімдер, бөлімшелер мен командалар темір жол және су көлігімен тасымалдау үшін әскери эшелондарға құрылады.

Әрбір әскери эшелонға (командаға) нөмір беріледі.

Әуе көлігімен тасымалдау кезінде әрбір әуе кемесі үшін әскери командалар жасақталады.

367. Әскери эшелонның (команданың) жеке құрамы белгіленген мінез-құлық ережелерін, әскерлерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын білуі және сақтауы, қырағы болуы, мемлекеттік құпияларды сақтауы және әскери мүлікті сақтауы тиіс.

368. Әрбір әскери эшелонда әскери бөлім командирінің бұйрығымен әскери эшелон бастығы, әскери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, жауынгерлік қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі, жабдықтау жөніндегі көмекшісі, байланыс бастығы, дәрігер (фельдшер) тағайындалады.

Әскери командада команда бастығы тағайындалады.

Вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары) бойынша жетекшілерді оларда бөлімшелерін тасымалдайтын командирлер немесе әскери эшелон бастығы, ал әуе кемелерінің салондары бойынша тәуліктік кезекшілерді әскери команда бастығы тағайындайды.

Әскери эшелон (команда) бастығының әскери атағы мен тегі, әскери эшелонның (команданың) нөмірі барлық жеке құрамға жарияланады.

Өз құзыреті шегінде әскери қатынастар мен көлік органдарының лауазымды адамдарынан басқа кез келгенге әскери эшелон (команда) бастығының іс-қимылына араласуға тыйым салынады.

Аға командирлердің (бастықтардың) барлық бұйрықтары (командалары) әскери эшелон бастығы арқылы беріледі.

369. Әскери эшелондағы тәуліктік нарядтың қызметі осы Жарғының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

Әскери эшелонда ішкі және қарауыл қызметтерін өткеру үшін:

әскери эшелон бойынша кезекші мен оның көмекшісі;

роталар (оларға тиісті бөлімшелер) бойынша кезекшілер;

вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары, әуе кемесінің салоны) бойынша тәуліктік кезекшілер;

қарауыл;

кезекші бөлімше;

кезекші байланысшы;

кезекші белгі беруші тағайындалады;

тәуліктік нарядтың басқа да адамдары тағайындалуы мүмкін.

370. Әскери эшелонның (команданың) жеке құрамына:

әскери қатынастар мен көлік органдары лауазымды адамдарының жұмысына араласуға;

поезды (кемені, әуе кемесін) аялдауға тиісті уақытынан артық ұстауға;

белгіленген команда немесе белгі берілгенше отырғызуды және түсіруді (әуе кемесіндегі өз орнын тастап кетуге) жүргізуге, вагондарға (кеменің палубасына) секіруге немесе олардан поезд (кеме) жүріп бара жатқанда секіруге;

поезд қозғалысының қауіпсіздігі мен адамдардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, поезды тоқтату тұтқасымен тоқтатуға;

поездарда (кемелерде) жазулар жазуға, плакаттарды, ұрандарды, жалаушаларды жапсыруға, ілуге;

хаттар мен жеделхаттарда әскери бөлім атауын көрсетуге және тасымалдау туралы ескертуге, бөтен адамдармен бұл туралы әңгімелер жүргізуге; тиеу-түсіру орындарында және вагондарда (кеме үй-жайларында, әуе кемелерінде) хаттар, газеттер, қағаз бен басқаларды қалдыруға;

вагондардың төбелерінде, платформаларда, тежеу алаңдарында, машиналардың кабиналары мен қораптарында, танкілер мұнараларында, ал темір жолдардың электрлендірілген учаскелерінде болуға, одан басқа байланыс желілерінің темір тіректері мен жерге берілетін құрылғыларына жанасуға, байланыс сымдарына екі метрден таяу жақындауға;

кеменің қызметтік үй-жайларында, кеме командасының жұмыс орындарында, құтқару қайықтарында болуға; шлюздердің қабырғаларына өрмелеуге;

вагон есіктерінің аралығында отыруға немесе тұруға, вагондардың есік жақтауларына (кемелердің леерлік қоршауларына, планширлеріне) сүйенуге;

вагондарда (кемелерде) жарық беру мен жылытудың белгіленбеген түрлерін қолдануға;

тиегеннен кейін техникаға жанар май құюды (толтыра құюды) жүргізуге;

темір жолдармен (порт, әуежай аумағы) бойынша орынсыз жүруге, аумақты бүлдіруге және станция (порттар, әуежайлар) шектерінде от жағуға; эшелонға (командаға) тиесілі емес көлік құралын рұқсатсыз алуға;

тоқтау және қозғалыс кезінде вагондардан (кемелерден) әлденені лақтыруға тыйым салынады.

371. Әскери эшелонмен бөтен адамдарды және әскери эшелонға қатысты емес жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Көліктің, жолшыбай әскери командалар лауазымды адамдарының әскери эшелонмен жол жүруіне қатынас жолдарындағы әскери комендант рұқсат етеді.

Қауіпті жүктер эшелонның, әскери қатынастар мен көлік органдары лауазымды адамдарының ұдайы бақылауымен көлік түрлеріне қолданылатын нормативтік құжаттар талаптарына қатаң сәйкестікте тасымалданады.

372. Әскери эшелоннан (командадан) қалып қойған әскери қызметші қатынас жолдарындағы әскери комендантқа, ал ол болмаған кезде станция (порт, әуежай) бастығына келуге, қалып қою себебін баяндауға (хабарлауға), әскери эшелонның (команданың) нөмірін айтуға және әскери коменданттың немесе станция (порт, әуежай) бастығының нұсқауы бойынша іс-қимыл жасауға міндетті.

Әскери эшелон (команда) бастығы

373. Әскери эшелон (команда) бастығы: ұдайы жауынгерлік әзірлік, әскери эшелонды (команданы) уақтылы тиеу, қайта тиеу және түсіру; қару-жарақ пен әскери техниканы дұрыс орналастыру мен бекіту; әскери эшелон (команда) жеке құрамының тәртібі мен белгіленген тасымалдау ережелерін және қауіпсіздік талаптарын сақтауы; жан-жақты қамтамасыз етуді және өртке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, тасымалданатын қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, материалдық құралдардың, жылжымалы құрам мен оның жабдықтарының сақталуы; эшелонның санитарлық-гигиеналық жай-күйі үшін жауап береді.

Әскери эшелон (команда) бастығы әскери бөлім командиріне немесе әскери эшелонды (команданы) құрған адамға және қатынас жолдарындағы әскери коменданттарға бағынады.Ол әскери эшелонның (команданың) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

374. Әскери эшелон (команда) бастығы:

әскери эшелонды (көлікті, команданы) тиеу басталар алдында тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде, қатынас жолдарында, әсіресе электрлендірілген темір жол учаскелерімен жол жүру кезіндегі қауіпсіздік талаптары, өрт қауіпсіздігі және өрт шыққан кездегі іс-қимылдар бойынша жеке құрамға нұсқама жүргізуге, вагондарда (адамдарға арналған кеме үй-жайларында) ас үйлерді, пештерді (жылыту-желдету контейнерлерін) және басқа да өртке қауіпті жабдықтарды орнату кезінде өртке қарсы іс-шараларды орындауға;

эшелонда байланысты ұйымдастыруға және тиеу-түсіру және басқа да командалардың бастықтарын тағайындауға;

әскери эшелонды (команданы) ұйымдасқан түрде және белгіленген мерзімде тиеуді, қайта тиеуді және түсіруді жүргізуге, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, басқа да материалдық құралдарды орналастыру мен бекітудің дұрыстығын, тиеу-түсіру орнында белгіленген тәртіпті қамтамасыз етуге;

вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары) бойынша жетекшілердің түсірілетін әскери мүлікті қабылдауын, түсіру орындарында оны түсіруді бақылауды жүзеге асыруға және жүру жолында оның сақталуын қамтамасыз етуге;

жеке құрамның тасымалдау ережелерін сақтауын және қауіпсіздік талаптарын орындауын, поездардың (кемелердің) аялдауы уақытында тәртіп сақтауын қамтамасыз етуге;

жан-жақты қамтамасыз етуді, ішкі және қарауыл қызметтерін, әскери эшелондағы өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыруға, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың жағдайын, олардың бекітілу жай-күйін және сақшылар мен қадағалаушылар үшін қоршаулардың сенімділігін бақылауға;

әскери эшелонның (команданың) кенеттен түсірулерге және жауынгерлік міндеттерді орындау үшін немесе бұзылған көлік объектілерін кейіннен тиеу үшін айналып өтіп, тағайындау ауданына маршпен баруға әзірлігін қамтамасыз етуге;

әскери эшелонға (командаға) көлік құралдарын уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етуге;

тәуліктік нарядтың ауысым уақытын белгілеуге, жеке құрамның тамақтану тәртібін айқындауға және азық-түліктерді тарату мәзірін бекітуге;

жүру жолында қатынас жолдарындағы әскери коменданттарға әскери эшелонның (команданың) жай-күйі туралы баяндауға және оларға бағыт қағазын көрсетуге;

эшелондағы санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге;

қалып қойған әскери қызметшілер туралы қатынас жолдарындағы әскери комендантқа, ал ол жоқ жерде – олар қалып қойған станция (порт, әуежай) бастығына хабарлауға;

қарсыластың ықпалынан, өрттен, қар басудан, су шаюдан туындаған қозғалысты мәжбүрлі тоқтату кезінде, апаттар мен басқа да оқиғалар кезінде бұзылған қозғалысты қайта қалпына келтіруде көлік органдарына көмек көрсетуге;

сырқаттарды (жаралыларды) әскери эшелонның вагон (купе, каюта) – оқшаулағышына орналастыруға, ал одан әрі жүре алмайтындарды жақын маңдағы әскери немесе азаматтық емдеу мекемелеріне орналастыруға; әскери эшелонның (команданың) құрамынан әлдекім қайтыс болған жағдайда оның мәйітін заттарымен, құжаттарымен, хаттарымен және ақшасымен жақын маңдағы госпитальға немесе ауруханаға беруге міндетті; теңізде ұзақ жүзу кезінде мәйітті теңіз дәстүрі бойынша жерлейді.

Әскери эшелонның (команданың) бастығы әскери эшелонды (команданы) тасымалдау және қамтамасыз ету мәселелері бойынша сөйлесу үшін көліктің байланыс құралдарын (телеграфты, телефонды, радионы) пайдалануға құқығы бар.

375. Тасымалдауға қатысты мәселелерді әскери эшелонның (команданың) бастығы қатынас жолдарындағы әскери комендантпен, ал ол жоқ жерде станция (порт, әуежай) бастығымен шешеді.

376. Бір поезда (кемеде, әуе кемесінде) бірнеше әскери эшелон (команда) жол жүрген кезде әскери бөлім командирі немесе қатынас жолдарындағы әскери комендант басқа әскери эшелондардың (командалардың) бастықтарына қатысты әскери эшелондардың (командалардың) біреуінің бастығын үлкен етіп тағайындайды, бұл туралы бағыт қағаздарына тиісті жазу жазылады.

377. Вагондар техникалық ақаулылығынан әскери эшелоннан ағытылған жағдайда әскери эшелон бастығы оларды ауыстыруды талап етеді. Оларды ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда жеке құрам поездың басқа вагондарына уақытша орналастырылады. Қару-жарағы, әскери және басқа техникасы бар вагондар ағытылған кезде олармен экипаждар (жүргізушілер, есептоптар), ал басқа әскери мүлікпен қарауыл қалдырылады. Оларды тағайындау пункттеріне тез жеткізуге шаралар қолданылады.

Әскери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

378. Әскери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары: тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстардың ұйымдастырылуы мен жай-күйі, эшелон жеке құрамының моральдық-психологиялық жай-күйі мен әскери тәртіпті нығайту жөнінде өткізілетін іс-шаралардың тиімділігі үшін жауап береді.

Ол әскери эшелон бастығына бағынады және барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

379. Әскери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

эшелонның жеке құраммен жоғары қырағылық және тасымалдау туралы мәліметтерді құпия ұстау, қару-жараққа, әскери және басқа техникаға, көлік мүлкіне ұқыпты қарау рухында тәрбие жұмысын жүргізуге;

әскери тәртіпті нығайту мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі, тасымалдау қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

жүру жолында жеке құрамды ақпараттандыруды, мемлекеттік-құқықтық даярлық жөніндегі сабақтарды ұйымдастыруға және жүргізуге;

жеке құрамның денсаулығы, тамақтануы, тұрмысы туралы қамқорлық көрсетуге, оның бос уақытын мәдени өткізуді ұйымдастыруға;

жүру жолында жеке құрамды мерзімдік басылымдармен және пошта жіберілімдерімен қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға;

тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті техникалық тәрбиелеу құралдары мен мүлкін дұрыс және ұқыпты қолдануға;

әскери эшелонның жеке құрамын зілзала апаттар немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінен бұзылған темір жолдағы қозғалысты қалпына келтіру жөніндегі жұмысқа жұмылдыруға;

әскери эшелон бастығына әскери эшелон жеке құрамының әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі туралы уақтылы баяндауға міндетті.

Әскери эшелон бастығының жауынгерлік қамтамасыз ету

жөніндегі көмекшісі

380. Әскери эшелон бастығының жауынгерлік қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі әскери эшелонның күзеті мен қорғанысының жай-күйі үшін жауап береді.

Ол әскери эшелон бастығына бағынады және жауынгерлік қамтамасыз ету үшін бөлінген әскери эшелон бөлімшелері жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

381. Эшелон бастығының жауынгерлік қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі:

тасымалдау кезеңіне жауынгерлік қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және әскери эшелон бастығына баяндауға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге;

күту ауданында, тиеу және түсіру станцияларында, тиеу-түсіру орындарында мен жиын ауданында жеке құрамға, қару-жараққа, әскери және басқа техникаға арналған бүркемелерді жабдықтау мен пайдалану тәртібін белгілеуге;

радиациялық, химиялық және биологиялық (бактериологиялық) барлауды, ал қажет болған жағдайда қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, жеке құрам орналасқан вагондар мен кеме үй-жайларын ішінара дезактивациялауды және газсыздандыруды ұйымдастыруға;

әскери эшелонның жеке құрамын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыруға;

тиеу және түсіру аудандарында қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың қозғалысы мен бүркемеленуін реттеуді ұйымдастыруға;

әскери эшелонда қарауыл қызметінің өткерілуін және әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері мен құралдарының жауынгерлік кезекшілігін ұйымдастыруға және бақылауға;

марш жасауға көшу жағдайында жауынгерлік қамтамасыз ету іс-шараларын көздеуге міндетті.

Әскери эшелон бастығының жабдықтау жөніндегі көмекшісі

382. Әскери эшелон бастығының жабдықтау жөніндегі көмекшісі: әскери эшелонды уақтылы және толық материалдық қамтамасыз ету; жүру жолында сумен жабдықтауды, тамақтануын және монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру үшін жауап береді.

Ол әскери эшелон бастығына бағынады және оған тікелей бағынысты жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

383. Эшелон бастығының жабдықтау жөніндегі көмекшісі:

әскери эшелонның жеке құрамын азық-түлікпен, заттай мүлікпен қамтамасыз ету үшін арналған барлық қажетті құжаттарды әскери бөлім штабында алуға және оларды тасымалдау уақытында есепке алуға;

жөнелту пунктінде нормалар бойынша тиісті азық-түлікті алуды және оны эшелонда тасымалдауды, жүру жолында қорларын толықтыруды қамтамасыз етуге;

сапалы тамақтануды және тиісті жабдықталым нормаларын әрбір әскери қызметшіге жеткізуді қамтамасыз етуге, эшелонда ас үйлер болмаған кезде әскери азық-түлік пункттерінен ыстық тамақ алуды ұйымдастыруға;

ас үйлер мен адамдарды тасымалдауға арналған вагондарды отынмен, сумен, мүкәммалмен, ыдыспен, жарық беру және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етуге;

эшелон дәрігерімен бірлесіп, эшелонның ас үйлерінде ыстық тамақ дайындау үшін азық-түліктің тарату мәзірін жасауға және оны эшелон бастығына бекітуге ұсынуға;

өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;

адамдарды тасымалдауға арналған вагондар жабдықтарын дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға, вагондардағы (адамдарға арналған кеме үй-жайларындағы) өрт сөндіру құралдары мен жылыту құрылғыларының ақаусыздығын бақылауды жүзеге асыруға;

эшелонның жеке құрамына монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: