Тапсырмалар. 1. Мәтіндік редакторда жазылған құжатты ашыңыз

1. Мәтіндік редакторда жазылған құжатты ашыңыз. Алдын ала көру режиміне көшіп, неше беттен тұратын құжат екенін анықтаңыз.

2. Осы режимде отырып “Подгонка страницы” белгішесін таңдап, бірінші беттің соңына “Ас - тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді, ал адамзат салиқалы, саналы сөзімен сәнді” деген нақыл сөзді теріп жазыңыз да, басқа атпен файл ретінде сақтап жазыңыз.

3. Мәтінге өзіңізге ұнаған кез келген графикалық объект енгізіңіз.

4. Құжаттың беттерін нөмірлеңіз. Бірінші жұп беттерін, одан кейін екінші жағына тақ беттерін баспаға шығарыңыз.

5. Құжаттың тек бесінші бетін баспаға шығарыңыз.

6. Құжаттың 3, 6, 9 беттерін баспаға шығарыңыз.

7. Құжат туралы қосымша мәліметтерді баспаға шығарыңыз.

Студенттің өзіндік оқытушымен жұмыстары

1.

 
 


2. Принтерді баптау.

3. Баптау параметрлерін орнату және өзгерту.

4. Жаңадан принтерді орнату.

Бақылау сұрақтары:

1. Баспаға шығармастан бұрын мәтінді алдын ала көру не үшін қажет?

2. Құжаттың мәтінді көру режимдерінің қандай түрлері бар?

3. Алдын ала көру режимінде мәтінді өзгертуге бола ма?

4. Баспаға шығару параметрлері қалай тағайындалады?

5. Бір беттің тек жартысын ғана баспаға шығару мүмкін бе?

6. Құжаттың тақ беттері қалай баспаға шығарылады?

7. Құжаттың 4, 8, 12 беттері баспаға қалай шығарылады?

8. Мәтіндік процессор деп нені айтады?

9. Word мәтіндік редакторы терезесінің негізгі элементтерін атаңыз.

10. Microsoft Word программасы қалай іске қосылады?

11. Word программасында қандай саймандар тақтасы қолданылады?

12. Қажетті саймандар тақтасын экранға қалай шығарамыз?

13. Даяр болған құжат қалай ашылады?

14. Құжатты қалай сақтаймыз?

15. Word мәтіндік редакторынан шығудың түрлерін көрсетіңіз?

16. Жаңа құжат қалай ашылады?

17. Терілген құжатты сақтау жолдарын көрсет.

18. Қандай құжатты көру режімдерін орнатуға болады?

19. Мәтін бөлігін ерекшелеу қалай жүзеге асады?

20. Алмасу буфері деген не?

21. Автомәтін деген не?

22. Word процессорында қандай негізгі басқару тақтасы қолданылады?

23. Қажетті саймандар тақтасын экранға қалай шығарамыз?

24. Мәтінді редакциялаудың негізгі амалдарын атаңыз.

25. Мәтін бөлігін басқа орынға қалай көшіруге болады?

26. Маркерленген және нөмірленген тізімді қалай орындауға болады?

27. Жаңа маркерді қалай орнатуға болады?

28. Мәтіннің жиегін белгілеу, бояу қай менюде орналасқан?

29. Мәтінді бағаналарға бөлу қалай орындалады?

30. Формат – Тізім меню командалары қандай батырмалардан тұрады?

31. Мәтiннiң жиегiн суретпен қоршау қай меню командасы арқылы орындалады?

32. Парақішіндегі өріс, абзац дегеніміз не?

33. Қатар арасындағы интервал түрлері қандай?

34. Безендіру стилі дегеніміз не?

35. Стильді құру командасын ата.

36. Шаблон дегеніміз не?

37. Word –та шаблон құру командасын ата.

38. Тақырыптар қандай безендіру элементтерінен тұрады?

39. Кешенді құжат дегеніміз не?

40. Кесте қандай эелементтерден тұрады?

41. Кестенің бағанасы, қатары қалай белгіленеді?

42. Жазылған мәтінді кесте ішіне қалай енгізуге болады?

43. Кесте ішіндегі мәтінді басқа орынға қалай көшіреді?

44. Бағана, қатар өлшемдерін қалай өзгертуге болады?

45. Кестенің бағаналары енін бірдей жасауға бола ма? Қатар биіктіктерін ше?

46. Тор сырықтарын көрінбейтіндей етіп жасауға бола ма?

47. Кесте элементтерін өзіміздің қалауымыз сұрыптауға балады ма?

48. Кесте есептеулер жасауға бола ма?

49. Арифметиқалық ортаны есептеу жолын айтып беріңіз?

50. Кесте ішінде сандарды бөлуге бола ма?

51. Мәтінді ерекшелеп алу тәсілдерін ата.

52. Соңғы орындалған әрекеттерді қайта қалпына келтіруге бола ма?

53. Ерекшеленіп алынған фрагмент әріптері регистрін өзгерту үшін қай команданы орындау қажет.

54. Мәтінді көшіру және орнын ауыстыру қалай орындалады?

55. Кернинг дегеніміз не?

56. Құжатқа суретті енгізу жолдарын ата.

57. Безендірілген тақырыптар даярлау үшін қандай құрал қолданылады?

58. WortArt саймандар тақтасына кірудің жолдарын ата.

59. WortArt объектісін форматтауға бола ма?

60. Объектіні өңдеуге арналған WortArt саймандар тақтасы арқылы қандай өңдеу жұмыстарын жүргізуге болады?

61. Объектіні форматтауда Жағдай (Положение) қыстырмасында орналасқан қандай құралдарды пайдаланамыз?

62. Бірнеше объектілерді туралау үшін қай пернені қолданамыз?


Зертханалық жұмыс №10

Тақырып: MS Excel-электрондық кестесі. Ұяшықтармен жұмыс. Формуланы пайдалану. (4сағат зертханалық жұмыс, 1 сағат СӨОЖ)

Мақсаты: Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысу, кестеге мәліметтер енгізу, кестені файл ретінде сақтау және жүктеу, редакциялау және пішімдеу (форматтау), матрицаларды өңдеуде EXCEL функцияларын пайдалану, матрицаларға арифметикалық амалдар қолдануды автоматтандыру, формулалармен және жиындармен (массивтермен), Excel-де қолданылатын функциялармен, сандардың форматтарымен, кестедегі ақпараттарды өзгертуден қорғау әрекеттерін орындау, кестені баспаға шығару әрекеттерін үйрену.

Excel кестелік программасын іске қосыңыз: 1. Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (ПУСК) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарынан таңдап, Microsoft Office ® Microsoft Excel амалын орындау. 2. Тышқанның оң жағын бер рет шерткендегі Жанама менюден Құру (Создать) кестелік процессор E:\distr\ЕШКО\Словарь.htm - Табличный_процессорMicrosoft Excel таңдап, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертеміз. Іске қосылғаннан кейін төмендегі терезені көреміз:

1.1-сурет. Excel программасының терезесі.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағандардан тұрады. Жолдардың саны – 65536, ал бағандар саны – 256. Баған мен жолдың қиылысқан жерінде орналасқан тор ұяшық деп аталады.

Жол нөмірі – көлденең орналасқан қатарлардың сол жақ шетінде жазылған нөмірімен белгіленеді.

Ұяшық көрсеткіші – жұмыс істеуге дайын ағымдық ұяшықты көрсетіп тұрған тіктөртбұрышты таңба.

1. EXCEL программасын іске қосу


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: