Тапсырма 1. 1) А1 ұяшығына 2001 санын енгізу, А2 ұяшығына 2002 санын енгізіңіз

1) А1 ұяшығына 2001 санын енгізу, А2 ұяшығына 2002 санын енгізіңіз. А1:А2 блогын белгілеңіз. Толтыру маркерін А10 ұяшығына дейін алып барыңыз.

2) С1 ұяшығына “Дүйсенбі” мәнін енгізіңіз; С2: «Сейсенбі» мәнін енгізіп, С1 және С2 ұяшықтарына курсорды қойып автотолтырудың көмегімен С7 ұяшыққа дейін апта атауларын енгізіңіз.

3) В1 ұяшығына “январь” мәнін, В2 ұяшығына “ферваль” мәнін енгізіп автотолтыру арқылы ай атауларын толтырып шығыңыз.

Әдістемелік нұсқау

Автотолтыру арқылы ұяшықтың көшірмесін тізбектерді (арифметикалық және геометриялық прогрессияны, күн, жыл тізбегін, апта ай, аттарын, т.б.) кестеге жылдам енгізуге болады. Бастапқы ұяшықтарды блокпен белгілеу керек. Тышқан көрсеткіші блоктың оң жақ төменгі бұрышында толтыру маркеріне айналады. Толтыру маркерін (+) керекті ұяшыққа дейін алып бару керек. Автотолтыру оңға қарай немесе төмен қарай орындалады.

Ескерту: Егер тышқан көрсеткіші толтыру маркеріне айналмаса, оны төмендегі әрекет арқылы орнатыңыз:

Негізгі менюден Сервис Þ Параметрлер… терезесін ашып, оның Түзету (Правка) қондырмасында Ұяшықтарды тасымалдау, Ұяшықтардың мәндерін автолтыру командаларын жалаушалармен белсендіріңіз.

Тапсырма 2

1) Жұмыс кітабының 1-бетіндегі берілгендерді толық қорғаңыз, қорғалғанын тексеріңіз, сосын берілгендерден қорғауды алып тастаңыз.

2) Ұяшықтардағы берілгендерді жеке-жеке қорғаңыз, тексеріңіз, қорғауды алып тастаңыз.

Әдістемелік нұсқау

Ұяшықтардағы берілгендерді, жұмыс кітабының бетіндегі берілгендерді, жұмыс кітабындағы берілгендерді өзгертуден қорғау үшін сәйкес түрде:

Формат Þ Ұяшық Þ Қорғау;

Сервис Þ Қорғау Þ Парақты қорғау;

Сервис Þ Қорғау Þ Жұмыс кітабын қорғау командаларын орындау керек.

Берілгендерден қорғауды алып тастау үшін, осы командаларды Қорғауды алып тастау деп өзгертіп, орындау керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: