Кіріспе 9 страница

Көптеген авторлар О. М. отбасы мүшелері арасындағы белгілі танылмаған өзара келісім деп түсіндіреді, оның қызметі жалпы отбасы және оның мүшелері туралы қабыл алынбаған бейнелерді (ұғымдар) сезінуге кедергі болу. «Бетсалым», «қабыл алмау», «ыдырау» тәрізді мифтер, «аңғырт отбасылық психологияда» сипатталған О. М. белгілі мазмұны бар, заманауи Ресейдегі әрекетсіз отбасыларында жиі кездесетін кейбір когнитивтік таңдамалы сценарийлер жіктеледі (Мишина Т. М., 1983; Эйдемиллер Э. ГИПНОТЕРАПИЯ, 1994). Психологиялық қорғаныс механизмі – «ыдырау» 2 түрде болады.

Біріншісі жұбайлар ұқсас жеке проблемалары болған жағдайда кездеседі. Мұнда «қабыл алмаған жақтар» жұбайлардың әрқайсысы туралы түсініктер олармен отбасыдан тыс көрсетіледі және ынтымақтас түрде екі жұбаймен де қабылданбайды. Мысалы, жұбайлар өздерінің жеңсіктік қажеттіліктеріне байланысты ығыстырылатын жеңсіктік түрткілермен «біз таза, идеалды адамдар» мифін жасауға, ал басқа адамдарды лас, көргенсіз санап, бұл бағалауды жалпы қоғамның моральдық тірегіне таратуға бейім.

Ыдыраудың екінші формасында жұбайдың бірі екнішісінде онымен жеке тұлғаның тұншыққан аспектілерінің символы ретінде санасыз қабылданатын тұлға қасиеттерін іздеген жағдаятты айтуға болады. Өзара тыйым салу келісімінің мәні серіктестің әрқайсысы өзінің жұбайында санасыз түрде өзінде мойындамайтын қасиеттердің айқындалуын қолдайтыны болып табылады. Үйлесімді келісімнің орнына, нақтырақ, жеңсіктік жарамдылық мәселелері бойынша серіктестің бірінде басқасын өзі іске асыруға қорқатын мінез-құлық формаларына ынталандыруға талпыну сезімі пайда болады. Бұл жағдайда өзінің жеңсіктік қажеттіліктерін қанағаттану жолдарын іздеумен бірге сенімсіздік, қорқыныш пен кінә күйзелісі болады.

Отбасы мүшелерімен қабылданатын когнитивтік аспектілер, отбасы қызметі туралы отбасы бірлігі ұсталып тұратын когнитивтік отбасы сценарийлері негізделетін келісілген түсініктердің пайда болуы когнитивтік психология және когнитивтік-мінез-құлық психотерапия шегінде қарастырылады (Ellis A., 1977, 1981, және т.б.). Когнитивтік отбасы жағдаяттары белгілі отбасы контекстіндегі тұлғалардың жеткілікті ұзақ тіршілік ететін, динамикалық және интерференцияға резистенттік қызметінде немесе әрекетіндегі үлгісі болып табылады. Ол бар элементтердің дифференциациясы мен интеграциясы арқасында дамиды (қондырғы, өкім және пікір,эмоциональдық-мінез-құлық реакциялар және т.б.) және екі жеке тұлға, тұлғаның өзара ауысып отыратын әрекеттесу сипатында және отбасы мен ортаның талаптарында қажеттілік бойынша актуалдануы мүмкін.

Э. ГИПНОТЕРАПИЯ Эйдемиллер (1995) бойынша әрекетсіз отбасылардағы неғұрлым жиі келесі О. М.болады:

«Біз сондай керемет жанұямыз, бірақ басқалары оны ұқпайды», «Оның оңбағандығы соншалық (өз баласы туралы), біздің қамқорлығымызға тұрмайды», «Ол өте сезімтал (бала, отбасының сырқат мүшесі) және ерекше қарым-қатынасты талап етеді; біз сол үшін өмір сүреміз». Айналадағыларға (мұғалім, таныс, психотерапевт) ұсынылатын ұқсас О. М. отбасы рөльдерінің белгілі құрылымын белгілейді: «кумирі бар отбасы», «сырқат мүшесі бар отбасы», «қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» және т.б.

Осы мифтер негізінде белгілі түрде отбасы мүшелерін біріктіретін танылмайтын эмоциялар жатыр: күнә, эмоциональдық шеттету, белгілі отбасылық рөльде қатысуға жауапкершіліктен қорқу. «Біз» бара-бар бейнесі отбасылық контекстінің динамиклық жүйесінде мүшелер (элементтер) мінез-құлықының бүтін реттелуіне ықпалын тигізеді, ал теңбе-тең емес жанұядағы әрекетсіз қатынастарды ұстап тұратын септігін тигізетін О. М. формасын қабылдайды, оның нәтиесінде мүшелерінің өсу мен өзгерістегі, өзін-өзі жігерлендіру және кооперацияға деген қажеттілік қанағатсыз болады, ал жанұя үлкен жүйе – қоғамдағы өзгерістерді көп есепке алмай жалпы өзінің бұрыңғы тәжірибесін ебедейсіз жүзеге асырады.

Пысықтауға арналған сұрақтар

1. Отбасы психотерапиясының негізін салушы.

2. Отбасылық психотерапия кезкңдері.

3. Отбасылық психотерапиялық тәсілдерге не жатады?

4. Отбасылық кеңес берудің мақсаты.

Әдебиет:

1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.

2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

5. Осипова А.А.Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

6. Романин А.Н.Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.68-71.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: