Істер номенклатурасын жасау

1. Істер номенклатурасын жасауға қойылатын негізгі талаптар

Мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың (заңды тұлғалардың) іс-әрекеті процесінде көптеген түрлі, әр қилы сипаттағы, мазмұндағы және мақсаттағы құжаттар пайда болады. Олардың барлығы ақпарат тасылмалдаушы болып табылады және басқарма аппаратының қызметінде пайдаланылады.

Пайдаланылып болған соң құжаттар белгілі бір сұраққа қатысты немесе мекеме әрекетінің қандай да бір учаскесіне қатысты құжаттар жинағы ретінде істерге топтастырылады.

Құжаттарды істерге дұрыс топтастыру орындалған құжаттардың түрлері және мазмұны бойынша тез табуды қамтамасыз етеді. Құжаттарды жан-жақты пайдалануға іс жүргізудегі арнайы классификациялық анықтамаларда – істер номенклатурасында бекітілген барынша маңызды ұқсастық және айырмашылық белгілері бойынша ғылыми негізделген алғашқы топтастыру көмегімен қол жеткізіледі.

Істер номенклатурасы – бұл ұйымда басталған сақталу мерзімі көрсетілген, бекітілген тәртіпте хатталған істердің жүйелі тізбесі. Істер номенклатурасы құжаттардың мекеме ішіндегі негізделе отырып, таралуы және қалыптастырылуы, құжаттарды табуды қамтамасыз ету және істерді есепке алу мақсатында жасалады. Істер номенклатурасының көздегені орындалған құжаттарды іске топтастыру, істерді жүйелендіру, істерді индекстеу және сақталу мерзімін тағайындау, сонымен қатар істер номенклатурасы тұрақты және уақытша (10 жылдан жоғары) сақтау істерінің тізімдемелерін жасауға негіз және іс жүргізудегі негізгі есептік құжат болып табылады.

Үш түрлі істер номенклатурасы болады: тұрпатты, үлгі және ұйымның (нақты) істер номенклатурасы.

Тұрпатты номенклатура әрекетінің сипаты және ұйым құрылымы бойынша бір тектес ұйымдар үшін жасалады. Ол саладағы бір индекстеу жүйесіндегі істердің тұрпатты құрамын анықтайды және нормативтік құжат болып табылады.

Істердің үлгі номенклатурасы әрекетінің сипаты бойынша бір тектес, бірақ ұйымның құрылымы бойынша әр құрылымның индексі көрстілген істерінің үлгі ретіндегі құрамын анықтайды және кеңес беруші сипатта болады.

Ұйымның істер номенклатурасы – бұл белгі күнпарақ жылына ұйымның іс жүргізуінде басталуы көзделген істердің нақты атауларының жүйеге келтірілген тізбесі.

Ұйымның істер номенклатурасы ұйымның әрекеті барысында пайда болған құжаттардың мазмұны мен санын, құжаттар құрамын зерделеу негізінде жасалады.

Ұйымның істер номенклатурасын жасағанда ұйымның жарғысын немесе ережесін, штаттық кестесін, ұйым жұмысы туралы жоспарлар мен есептерді, тұрпатты және үлгі істер номенклатурасын, сақталу мерзімі көрсетілген тұрпатты және ведомствалық тізбені, Ведомствалық мұрағаттар жұмысының негізгі ережелерін (М., 1986), алдыңғы жылдардың істер номенклатурасын, тұрақты және уақытша сақталатын істер тізімдемелерін басшылыққа алған жөн.

2. Атаулар және істер номенклатурасында оларды құрастыру

Номенклатурада жұмыстың барлық құжаттандырылатын учаскесін бейнелейтін құжаттарды топтастыруға арналған істер атаулары, оның ішінде қоғамдық ұйымдар (кәсіподақтар, ерікті қоғамдар) әрекеті барысында пайда болған және қоғамдық бастамамен әрекет ететін (комитеттер, комиссиялар, Кеңестер) құжаттарын топтастыру үшін іс атаулары қарастырылуы керек.

Істер номенклатурасына «Қызмет бабында пайдалану үшін» (ДСП) белгісі бар құжаттарды топтастыруға арналған атаулар, анықтамалық және бақылау картотекалары, істер номенклатурасы, жеке істер, «ДСП» белгісі бар құжаттарды есепке алу журналы енгізіледі.

Бір жыл ішінде шешілмеген мәселелер бойынша істердің атауы ауыспалы болып табылады және сол индекспен келесі жылдың істер номенклатурасына ауысады.

Істер номенклатурасына құқықтық мұрагері ұйым болып табылатын, жойылған ұйымдардың іс жүргізуінде аяқталмаған істердің атауы енгізіледі.

Істер номенклатурасына баспа басылымдарының (кітапшалардың, анықтамалықтардың, бюллетеньдердің және т.б.) атаулары кіргізілмейді.

Іс атауы істегі құжаттардың негізгі мазмұнын және құрамын анық бейнелеуі қажет.

Іс атаулары келесі ретпен орналасқан элементтерден тұрады:

- құжат түрінің атауы (бұйрықтар, хаттамалар, т.б.), басталған істің тегі (хат алмасу, құжаттар, істер);

- құжат авторы (ұйымның немесе құрамдас бөлімшенің атауы);

- хат алушы және хат жіберуші (хат-хабар жіберлген ұйымның және хат-хабарды алатын ұйымның атауы);

- іс құжатының қысқаша мазмұны;

- істегі құжаттың мазмұнына қатысты мекеннің (аумақтың) атауы;

- істегі құжаттың датасы (кезеңі);

- істегі құжаттың көшімесінің бар-жоғы туралы.

Іс атауында нақты емес мәліметтерді көрсетуге жол берілмейді («әр түрлі материалдар», «жалпы хат алмасу», «кірісі құжаттары», «шығыс құжаттары» және т.б.).

Іс атауында құжат атауы жеке немесе көпше түрде көрсетіледі (бір аттас құжаттарды іске топтастырғанда), мысалы:

«Диплом беруді есепке алу журналы».

«Кәсіпорын акционерлері жиналысының хаттамалары».

«Құжаттарды орынуды бақылау бойынша мәліметтер».

Істе бірнеше атауы бар құжат болған жағдайда олар атауда тізіліп жазылады, мысалы:

«... жіберілген ғылыми жұмыстарға пікірлер және қорытынды»

«... ғылыми кеңес мәжілістерінің стенограммалары мен хаттамалары».

Бір сұрақ бойынша, бірақ іс жүргізуде реттік тәртіптегі байланысы жоқ құжаттары бар іс атауында іс түрі ретінде «құжаттар» термині қолданылады, ал атау соңында құжаттың негізгі түрлері көрсетіледі.

Мысалы: «Сала аралық және салалық тақырыптық көрмелерді өткізу бойынша құжаттар (жоспарлар, тізімдемер, бяндамалар, экспонаттар сипаттамалары).

«Құжатар» термині бір құжатқа қосымша-құжаттары бар істер атауында қолданылады.

Мысалы: «Әдістемелік кеңес мәжілісінің хаттамаларына қосымша құжаттар».

Құжат авторы ретінде ұйымның атауы қысқа болып көрсетіледі немесе ортақ түрлік атауы беріледі.

Мысалы: «Институттың ғылыми кеңесі мәжілісінің хаттамалары».

Хат алмасулар кіргізілген істер атауларында оның кіммен және қандай сұрақтармен жүргізілгені көрсетіледі.

Егер хат алмасу бір тектес хат алушылармен бір сұрақ жөнінде жүргізілсе, онда іс атауында нақты атау көрсетілмейді, олардың жалпы атауы беріледі:

«Аудандық мұрағаттармен ғылыми-практикалық конференциялар өткізу туралы хаттар»

«Трестермен құрылыс жұмыстарын механикаландыру туралы хаттар».

Егер хаттарды әр тектес хат алушылармен бір сұрақ бойынша жазысса, онда оны іс атауында тізіп жазбауға болады.

Мысалы: «Ғылыми-ұйымдастыру сұрақтары бойынша хат алмасу».

Егер тек бір хат алушымен хат жазылу жүргізілсе, іс атауында тек бір нақты хат алушы көрсетіледі.

Мысалы: «Топаз» өндірістік бірлестігімен шикізатпен қамтамасыз ету бойынша келісім шартты орындау туралы хат алмасу».

Іс атауында қажет болса құжаттың көшірмесі бар-жоғы көрсетіледі.

Мысалы: «Ректордың жеке құрамды жинақтау және өзгерту бойынша бұйрықтар. Көшірме».

Жоспарлық немесе есептік құжаттамалары бар істер атауында жоспардың (есептің) жасалған кезеңі (айы, тоқсаны, жылы) көрсетіледі.

Егер іске белгі бір формадағы статистикалық есеп көрсетілсе, іс атауында оның формасы, оның номері немесе шартты белгісі (шифрі) көрсетіледі. Форманың номері негізгі элемент ретінде емес, атауға қосымша ретінде жақшаның ішінде көрсетіледі.

Мысалы: «Еңбек және қызметкерлердің жұмыстан шығуы туралы болжау бойынша тоқсандық және айлық статистикалық есептер (ф. 1-ТВ)».

Егер іс бірнеше томнан немесе бөлімнен тұратын болса, онда істің жалпы атауы жасалады, содан соң қажетінше ортақ атаудың мазмұнын нақтыландырушы болып табылатын әр томның (бөлімнің) өз атауы жасалады.

3. Істер номенклатурасындағы істер атауын жүйеге келтіру

Істер номенклатурасында істердің атаулары белгілі бір ретпен орналасады. Істер атаулары істер номенклатурасының тараулары бойынша топтастырылады.

Істер номенклатурасының тараулары дегеніміз ұйымның бекітілген құрылымына сәйкес орналасқан бөлімшелердің аты болып табылады. Істер номенклатурасының бірінші тарауы ретінде құжаттама басқармасы қызметін көрсету қажет, себебі дәл сонда негізгі ұйымдастыру-өкімдік құжаттамаларының түпнұсқалары шоғырландырылады. Істер номенклатурасы тарауларының реті нормативтік құжаттарда бекітілген ретке (бекітіліген құрылым, штаттық кесте) сәйкесуі керек. Мысалы: құжаттаманы басқару қызметі, жоспарлы бөлім, өндірістік-техникалық бөлім, қауіпсіздік техникасы бөлімі, бухгалтерия, кадрлар бөлімі және т.б. Ұйымда құрамдас бөлімшені жіктеуші болған жағдайда ол істер номенклатурасының жіктеу схемасы ретінде пайдаланылады, яғни оның тараулары қызметін атқарады.

Құрамдас бөлімшелерден кейін маңызына қарай қоғамдық бастамада әрекет ететін органдар мен бөлімшелер (кәсіподақ комитеті, қоғамдық комиссия, қоғамдық инспектор) және қоғамдық ұйымдар орналасады.

Құрамдас бөлімшелер болмаған жағдайда істер номенклатурасының тараулары ретінде ұйымның әрекет бағыттары пайдаланылуы мүмкін. Мысалы:

1. Басшылық.

2. Жоспарлау.

3. Өндірістік әрекетті ұйымдастыру.

4. Қаржыландыру.

5. Есеп жүргізу және есеп беру.

6. Кадрлармен жұмыс.

7. Басқарманы құжаттамамен қамтамасыз ету.

Заңды тұлғалардың құрылтайлық құжаттары бірінші орында «Басшылық» бөлімінде орналасады, егер олар басқа бөлімде болса, онда ескертуде оның орналасқан орны туралы белгі қойылуы керек.

Істер атауларының номенклатураның тараулары ішіндегі орналасу реті істі құрайтын құжаттардың маңыздылық дәрежесімен және олардың өзара байланысымен анықталады. Егер номенклатура тарауының ішінде тараушалар болмаса ұйымдастыру-өкімдік құжаттаманы іс жүзіндегі басқарма құжаттамаларының алдына орналастырған жөн.

Бірінші ұйымдастыру-өкімдік құжаттамалары бар істер атаулары орналасады. Жоғары тұрған органдардың қаулылары мен бұйрықтары бар істердің атаулары ұйым басшысының бұйрығы бар істердің алдында орналасады. Бұдан әрі ұйымның өзінде жасалған немесе мекемеге жіберілген ережелер, қағидалар, нұсқаулар, әдістемелік кеңестер орналасады. Содан соң жоспарлық және есептік құжаттары бар істер атаулары орналасады. Бұл топтардың ішінде де істер маңыздылық дәрежесіне орай орналасады: бірінші жылдық жоспар, содан кейін тоқсандық, айлық жоспарлар. Есептер де әл сол сияқты орналасады: жылдық, тоқсандық, айлық.

Өкімдік құжаттар жобалары және оларды дайындау бойынша басқа да құжаттар, жоспарға енгзілген өзгерістер, бұйрыққа негіздемелер іс номенклатурасында негізгі құжаттың артынан қойылады.

Хат алмасулар енгізілген істер тобында бірінші жоғары тұрған органдармен хаттары бар істер, содан соң ведомствоаралық хат алмасулар, ары қарай бағынышты мекемелермен хат алмасулар кіргізілген істер орналасады.

Мәліметтер машинамен басылған тасымалдаушыдағы ұзақ мерзімді маңызға ие Тізбенің өзіне сәйкес бабымен анықталатын құжаттық ақпарат та істер номенклатурасына кіреді.

Машиналық тасымалдаушыдағы ақпараттық құжатты есепке алу және сақтаудың негізгі бірлігі мәліметтер файлы болып табылады.

Істер номенклатурасында файлдардың жүйелендірілуі мәліметтер базасының ішкі құрылымына сәйкес болуы керек.

Мәліметтер базасының құрылымына, файлдардың саны мен мазмұнына өзгерістер енген жағдайда ол туралы істер номенклатурасында аталып өтілуі қажет.

4. Істер номенклатурасының формасын толтыруға қойылатын талаптар

Істер номенклатурасы бекітілген форма бойынша жасалады (1 қосымша).

Істер номенклатурасының мазмұнды бөлігі 5 бағанадан тұратын графа болып келеді:

- іс индексі

- істер (томдар, бөлімдер) саны

- істердің (томдардың, бөлімдердің) сақталу мерзімі және тізбе бойынша бап нөмірі

- ескерту.

1 бағанада істер номенклатурасына енгізілген әр істің индексі қойылады. Индекс ағымдағы іс жүргізуде маңызды роль атқарады. Индекстер жүйесі үш түрлі болады: сандық (араб және рим сандары), әріптік (орыс және латын әліпбиінің әріптері) және аралас (сандар мен әріптің араласып келуі).

Жаңа заман тәжірибесінде көбінесе сандық индекстеу қолданылады. Индекс ұйымда бекітілген құрамдас бөлімшені, қоғамдық ұйымның сандық белгісінен және құрамдас бөлым шегіндегі істер номенклатурасы бойынша атаудың реттік нөмірінен тұрады.

Мысалы: 10-01, мұндағы 10 құрамдас бөлімшенің нөмірі болса, 01- номенклатура бойынша істің реттік нөмірі.

Істер индексінің тұрақтылығын сақтау мақсатында істер номенклатурасының әр бөлімінде бұрын қарастырылымаған жаңа істер басталатын жағдайды есепке алып бос индекстер қалдырылады.

Номенклатураның екінші бағанасында істер атауы беріледі. Бұнда істер атауының келесі ретін пайдаланылуы мүмкін:

ұйымдастыру-өкімдік құжаттамалар;

жоспарлық құжаттама;

есептік құжаттама;

негізгі іс әрекет сұрақтарын орындауға қатысты құжаттама;

негізгі іс әрекетті орындауды тексеруге қатысты құжаттар;

құжаттармен есептік-анықтамалық жұмысқа қатысты құжаттар.

Құжаттардың әр бөлінген кешенінің ішінде істер аттарын деңгейі бойынша жүйелеуге кеңес беріледі: жоғары тұрған ұйымдардың құжаттамалары, қор құраушы ұйымның құжаттамалары.

Номенклатурада бірінші жоғары тұрған органдардың өкімдік құжаттары топтастырылған істер көрсетіледі, одан кейін өз басшысының, алқалы органның өкімдік құжаттары жинақталған іс көрсетіледі.

Бір ұйымның номенклатурасының әр тарауында істер атауларын орналастырудың бірдей ретін қолданған жөн.

Істер номенклатурасының 3 графасы күнпарақ жылының аяқталуы бойынша толтырылады. Әр іс 250 беттен аспуы тиіс. Сондықтан бір іске қатысты құжаттардың көлемі үлкен болған жағдайда томдар мен бөлімдерге бөлуге жол беріледі.

4 графада «Мемлекеттік комиттеттер, министрліктер, ведомствалар және басқа мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар әрекетінде пайда болған сақталу мерзімі көрсетілген құжаттардың тұрпатты тізбесі» (М., 1989) негізінде істің сақталу мерзімі, бап нөмірі көрсетіледі. Бұл тізбе сақталу мерзімін анықтауға негіз болатын нормативтік құжат болып табылады. Ведомствалық тізбе тұрпатты тізбеде көрсетілмеген нақты жүйенің (саланың) арнайы құжаттарына арналған сақталу мерзімін тағайындауға қолданылады.

«... тұрпатты тізбеде» құжаттардың сақталу мерзімі ұйымдардың екі тобы бойынша берілген. Бірінші топқа мемлекеттік мұрағат пен оның филиалдарын және аудандық мұрағаттарды жинақтау көзі болып табылатын ұйымдар (Тізбенің №3 графасын қара) жатады. Екінші топқа мемлекеттік мұрағат пен оның филиалдарына құжаттары түспейтін ұйымдар жатады (Тізбенің 4 графасын қара). Істер номенклатурасын жұмыста бұл ұйымның облыс мемлекеттік мұрағатын немесе оның филиалдарын жабдықтау көзі болып табыла ма, жоқ па екендігін анықтау қажет, тек содан кейін ғана Тізбенің қай графасына жататындығына сәйкес (3 немесе 4 графасы) сақталу мерзімін қою керек.

Сондай-ақ сақталу мерзімін анықтау барысында кейбір баптардың әр түрлі сақталу мерзімдеріне бөлінетінін есепке алу қажет, мысалы:

«Қаржыландыру және несие беру»

а) жылдық – тұрақты;

б) тоқсандық – 3 жыл;

в) айлық – 1 жыл.

Сондықтан ұйымның номенклатурасына тізбе баптарынан нақты құжат санатының сақталу мерзімі жазылады.

Іс атауының негізінде және олардың тізбе баптарына жатуына байланысты ғана сақталу мерзімін дұрыс анықтау мүмкін емес. Істердегі құжаттардың нақты мазмұнына талдау жасак керек. Құжаттың заңдылық күші, түпнұсқалылығы, телқұжаттылығы (қайталануы) және т.б. ерекшеліктері есепке алынады. Егер істе бір сұрақ бойынша, маңыздылығы әр түрлі және сақталу мерзімі әркелкі (мысалы, 3 жыл, 5 жыл, 10 жыл) құжаттар топтастырылса, онда ол істің сақталу мерзімі сақталу мерзімі ең ұзақ құжаттың мерзімі бойынша тағайындалады (біздің жағдайда 10 жыл).

Сақталу мерзімі тұрпатты немесе ведомствалық құжаттар тізбесінде қарастырылмаған құжаттар істер номенклатурасына кіргізілген жағдайда олардың сақталу мерзімін уақытша ұйымның сараптау комиссиясы және мемлекеттік мұрағаттың сараптау комиссиясы анықтайды.

Ұйымның істер номенклатурасына тізбеден сақталу мерзіміне қатысты арнайы белгілер көшіріліп жазылады. Тізбеде нақты құжат түрінің сақталу мерзімімен бірге қойылған «СТК» (сараптау-тексеру комиссиясы) белгісі бұл құжаттардың бір бөлігінің ғылыми-тарихи маңызы болуы мүмкін және құндылықты сараптау қорытындысы бойынша бұл құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтауға беру туралы шешім қабылдануы ықтимал дегенді білдіреді. Істер номенклатурасында сақталу мерзімін қойғанда «СТК» белгісін алып тастауға тыйым салынады.

Кейбір құжаттар санатының сақталу мерзімі туралы келесі белгілер қойылады. өкімдік, Ұйым автор болып табылмайтын нормативтік, әдістемелік сипаттағы құжаттарға істер номенклатурасында «Жаңамен ауыстырылғанға дейін», «Қажеттігі өткенге дейін» белгілері қойылады. «Мемлекеттік мұрағатқа өткізілгенше сақталады, қабылданбағандары қажеттігі өткен соң жойылады» белгісі бұл санаттағы істердің сақталу мерзімі мемлекеттік мұрағаттың шешуі бойынша анықталады дегенді білдіреді.

«Ескерту» деп аталатын 5 графада сақталу мерзімін анықтауда қолданылған құжаттар тізбесінің аты, істің басталуы туралы, ауыспалы естер туралы, жоюға бөлу туралы, белгілер қойылып, істер мерзіміне «Тексеру аяқталған жағдайда», «Келісім шарт мерзімі аяқталғанға дейін» және т.б. қосымша жазбалар жазылады.

Күнпарақ жылының аяқталуы бойынша номенклатураға басталған істердің саны туралы тұрақты және уақытша сақтауға жеке-жеке қорытынды жазба жасалады (1 қосымша).

Ағымдағы іс жүргізу жылында аяқталған құжаттардың сақталу мерзімін есептеу келесі жылдың 1 қаңтарынан басталады.

5. Ұйымның істер номенклатурасын жасау және бекіту тәртібі

Құрамдас бөлімшелердің істер номенклатурасы соңғы тоқсанда жасалады және онған бөлімше бастығы қол қояды (2 қосымша).

Құрамдас бөлімшелердің істер номенклатурасы негізінде құжаттаманы басқару қызметі ұйымның жиынтық істер номенклатурасын жасайды. Ұйымның жиынтық істер номенклатурасына оны пайдалану бойынша нұсқаулар жасалады (№2 қосымша).

Ұйымның істер номенклатурасына ведомствалық мұрағат (егер ол бар болса) виза қояды, құжаттама басқару қызметінің басшысы қол қойғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар басқармасының сараптау-тексеру комиссиясының келісіуне ұсынылады, келісілгеннен соң ұйым басшысы бекітеді.

Жиынтық істер номенклатурасы күнпарақ жылының 1 қаңтарында іске қосылады және 5 жыл бойы жарамды болады. Ол тек ұйымның (немесе оның құрамдас бөлімшесінің) функциясы мен құрылымы түбегейлі өзгергенде ғана қайта жасалып, қайта бекітуге ұсынылады. Бұндай өзгерістер болмаған жағдайда әр жылдың соңында ол туралы анықталады, қажет болған жағдайда толықтырып, түзетіп келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосады. Егер ұйымның әрекеті маусымдық сипатта болса (іс жүргізу жылы сезондық қызметке байланысты басталып, аяқталатын экспедициялар, театрлар, оқу орындары және т.б.) келесі жылдың істер номенклатурасы адлыңғы маусымның алдында жасалады.

Істер номенклатурасы қажеттінше дана санымен жасалады. Бірінші данасы іске салынып, құжаттама басқару қызметінде сақталады, екіншісін құжаттама басқару қызметі жұмыс барысында пайдаланады, үшінші данасы ведомствалық мұрағатта есептік құжат ретінде сақталады, төртінші данасы келісілген соң мемлекеттік мұрағатта қалады, бесінші данасы үзінді қалпында ұйымның қажетті құрамдас бөлімшелеріне жұмыста пайдалану үшін беріледі.

Құжаттарын мемлекеттік сақтауға өткізбейтін ұйымдар істер номенклатурасын жоғары тұрған органның сараптау комиссиясымен келіседі.

Істер номенклатурасын жасау бойынша әдістемелік құрал мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың (заңды тұлғаларадың) құжаттама басқару қызметінің қызметкерлеріне арналған.

1 қосымша

«БЕКІТЕМІН»

Ұйымның аты Ұйым басшысы

Қолы Тегі

ІСТЕР НОМЕНКЛАТУРАСЫ

00.00.0 № 01-17

Өскемен қаласы

200__ жылға

Индекс Істер (томдар, бөлімдер) атаулары Істер, том-дар саны Сақт. мер-зімі,тізбе б/ша баптар номері Ескерту
         
02 – БАСШЫЛЫҚ
02-01 Жұмысқа қабылдау, ауыстыру, мақтау, сыйлық беру, ұзақ іс сапарлар туралы бұйрықтар   75 ж. бап 19б Сақталу мерзімі көрсетілген тұрпатты құжаттар тізбесі М., 1989
02-02 Демалыс беру, жауапқа тарту, іс сапарлар беру туралы бұйрықтар   3 ж. бап 19в  
02-03 Жеке құрам бойынша бұйрықтарға негіз болатын құжаттар (өтініштер, анықтамалар, баяндау хаттар және т.б.)   3ж. бап 492  
... ... ... ... ...
02-20 Іс сапар куәліктерін беруді есепке алу журналы   3 ж. бап 537  

Құжаттаманы басқару

қызметі басшысының

лауазымының атауы Қолы Тегі

КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ

Ұйым СК 00.00.00. №00 Шығыс Қазақстан облысы

Хаттамасы мұрағаттар басқармасы СТК

00.00.00. №00 хаттамасы

1 қосымшаның жалғасы

200_ жылы ___________________________________________________________

(ұйымның аты)

Сақталу мерзімі бойынша Жиыны Оның ішінде
    ауыспалы «СТК» белгісімен
Тұрақты      
Уақытша (10 жылдан астам)      
Уақытша (10 жылға дейін)      
Жиыны      

Құжаттаманы басқару

қызметі басшысының

лауазымының атауы Қолы Тегі

00.00.00

Қорытынды мәліметтер ведомствалық мұрағатқа берілді.

Мұрағатқа мәліметті

берген тұлғаның

лауазымнң атауы Қолы Тегі

00.00.00

2 қосымша

Ұйымның атауы

Құрамдас бөлімшенің атауы

Істер номенклатурасы

00.00.0 №00

00.01.0 Өскемен қаласы

200____ жылға.

Индекс Істер (томдар, бөлімдер) атаулары Істер, том-дар саны Сақт. мерзімі, тізбе б/ша баптар номері Ескерту
         

Бөлімшенің басшысы Қолы Тегі

КЕЛІСІЛДІ

Мұрағат меңгерушісі

(мұрағатқа жауапты) Қолы Тегі

3 қосымша

__________________________________

ұйымның атауы

жиынтық істер номенклатурасын пайдалану бойынша

НҰСҚАУ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: