E. трикуспидальды жетіспеушілік. 106. 55 жастағы әйел, машинистка, қол саусақтарының ауырғанына шағымданды

106. 55 жастағы әйел, машинистка, қол саусақтарының ауырғанына шағымданды. Қарағанда II-III-IV саусақтардың шеткі фаланга негізінде тығыз шодыр анықталды, тері және жұмсақ тіндер ісінген, қызарған, ауырсынумен; дистальды фалангааралық буындардың қозғалысы шектелген, ауырсынумен. Сонымен қатар, тізе буынындағы, мойын және бел аймағындағы омыртқалардың сыздап ауырғандығы байқалады. Дене салмағы жоғарылаған. АҚҚ – 160/90 мм с.б.б. Қан анализінде: гемоглобин - 120 г/л, лейкоциттер - 7,2х109/л, ЭТЖ - 12 мм/сағ. Аталған мәліметтер негізінде қандай алғашқы диагноз қоюға болады:

A. ревматизм

B. ревматоидты артрит

C. жүйелі қызыл жегі

+D. Геберден түйіндерімен остеоартроз

E. құяң

107. Ревматоидтық артриттің дебютінде қандай буындардың зақымдануы бұл диагнозды жоққа шығарады:

+A. алақанның шеткі фалангаралық буындары

B. білезік буындары

C. тізе буындары

D. алақанфаланг буындары

E. проксимальды фалангаралық буындар

108. 30 жастағы науқас 4 жыл бойы ревматоидтық артритпен ауырады. Соңғы 6 ай ішінде лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия. Қанында: НВ-85 г/л, лейк.- 3тыс., ЭТЖ-34мм/сағ., СРБ+++, Ваалер-Розе реакциясы 1:128. Науқастың диагнозы:

A. Фелти синдромы

B. жүйелік көрністермен созылмалы белсенді гепатит

C. ЖҚЖ

D. Остеоартроз

E. Стилл синдромы

109. 25 жастағы науқаста, инсоляция процедурасынан кейін қызба пайда болды, бетте эритема, лимфотүйіндерінің ұлғаюы, буындар және бұлшықеттердегі ауырғандық, анальгинді дәрілік көтере алмаушылық. 6 айдан кейін беттегі, аяқтағы ісікті байқады. Жалпы несеп анализінде: белок 1,5 г/л, лейкоциттер 8-10 көрі аймағында, көп мөлшердегі сілтілік эритроциттер көру аймағында, цилиндрлер 5-6 көру аймағына дейін. Сіздің диагнозыңыз:

+A. люпус – нефрит

B. бүйрек туберкулезі

C. бүйрек амилоидозы

D. созылмалы гломерулонефрит

E. созылмалы пиелонефрит

110. Ұлпалардың жайылмалы зақымдануы салдарынан нефриттің гистологиялық суреті, «сым ілмек», фибриноидтық, гиалиндік тромбтар, ядроның патологиясы симптомдарымен сипатталатын қызба қандай ауруға тән:

A. ревматоидтық артрит

B. Крон ауруы

C. түйінді периартериит

+D. жүйелі қызыл жегі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: