C. анкилоздар

D. ульнарлы девиация

+E. Геберден түйіндері

51. Аталған белгілердің қайсысы ревматоидтық артритке тән емес?

A. саусақ басы ұсақ буындарының симметриялы зақымдануы

B. митральды қақпақ жетіспеушілігінің дамуы

C. таңертеңгілік ауырғандық белгісінің күшеюі

+D. кешке қарай буын құрысуының күшеюі

E. антибиотик қолданғаннан тиімділіктің болмауы.

52. Ревматоидтық артритте қандай буындар зақымданады?

+A. проксимальды бунақ аралық буындары

B. дистальды бунақ аралық буындары

C. ірі буындар

D. мойын омыртқасы

E. бел омыртқасы

53. Төменде көрсетілгендердің қайсысы жүйелі склеродермияға тән емес:

А. дисфагия

В. телеангиоэктазия

С. склеродактилия

+D. бүйрек амилоидозы

Е. полиартрия

54. Ревматизмнің алдында жиі жоғары тыныс алу жолдарының ауруын қоздыратын инфекция:

А. жасыл түсті стрептококк

В. тұмау вирусы

С. алтын түсті стафилококк

+D. «А»тобынан β-гемолитикалық стрептококк

Е. энтерококк

55. facies mitralis қандай жүрек ақауына тән?

А. өкпе артериясының сағасының тарылуында

+В. митральды стеноз

С. үш жармалы қақпақшаның стенозы

D. қолқа сағасының стенозы

Е. жүрекше аралық перденің ақауы

56. Ревматоидтық артритке тән:

+A. латекс-тесттің жоғары титрі

B. LЕ жасушаларының жоғары титрі

C. дистальды фалангы аралық буындардың зақымдануы

D. ұшпалы буындық синдром

E. қақпақшалардағы вегетация

57. Подагра әдетте қай буынның зақымдалуынан басталады?

A. жамбас

B. тізе

+C. бірінші табан-фалангалық

D. білезік

E. иық

58. Ревматоидты артрит диагнозына тән емес белгі:

A. таңертеңгілік құрысу

B. буын беткейлерінің узурасы

C. анкилоздар

+D. дистальді фаланга аралық буындардың зақымдалуы

E. буын маңы тіндердің зақымдалуы

59. Туберкулездің адамға негізгі жұғу көзі кім болады?

A. ТМБ жұққан адамдар

+B. туберкулезбен ауыратын бацилла бөлуші адам

C. қансоратын шыбын-шіркейлер

D. туберкулезбен ауыратын жануарлар

E. аталғандардың барлығы дұрыс

60. N.facialis зақымдалу симптомына не тән?

A. птоз

+B. ауыз бұрыш түсуі

C. қыликөз

D. миопия

E. тілдің ауытқуы

61. Туберкулез бойынша I диспансерлік бақылау тобына жатады:

A. созылмалы белсенді емес туберкулезбен

+B. белсенді туберкулезбен

C. белсенді емес туберкулезбен

D. туберкулезбен ауруына қауыпі жоғары топ

E. аталғандардың барлығы дұрыс

62. Жедел шашыранды туберкулезі науқасына қандай жағдай және тән шағымдар?

A. жағдайы жақсы, шағымдары жоқ

+B. жағдайы ауыр, аз кілегейлі қақырықты жөтел, жоғары қызу, ентігу, тахикардия, кейде есі шатас

C. жағдайы жақсы, аз кілегейлі қақырықты жөтел, анда санда субфебрилді қызу

D. жағдайы орташа, жүргенде ентігу, әлсіздік, субфебрилді қызу

E. жағдайы ауыр, іш тітіркену симптомдары оң, жоғары қызу

63. БЦЖ вакцинасы болады:

+A. ТМБ өгіздік типтің тірі әлсіретілген культурасы

B. ТМБ автоклавтаған сорпалық культурасы

C. ТМБ сорпалық культурасының сүзіндісі

D. микобактериялардың атипикалық түрлерінің автоклавталған культурасының сүзіндісі

E. ТМБ адамдық типтің вирулентті культурасы

64. Вакцина БЦЖ енгізу әдісі:

A. тері үстілік

+B. тері ішілік

A. тері астылық

B. бұлшық етке

C. парентералді

65. Адам ағзасына әсері бойынша туберкулин не болады?

+A. аллерген

B. антиген

C. токсин

D. гаптен

E. антидене

66. Ересек адамдардың туберкулезіңде өкпенің қай сегменттері жиі зақымдалады?

A. III, IV, V

+B. I, II, VI

C. V, VI, VIII

D. I, VII, VIII

E. IV, V, IX

67. Милиарлы туберкулез науқасында күдік тудыратын клиникалық белгілер – олар:

A. қалтырау, брадикардия, қатты құрғақ жөтел, өкпеде жайылмалы құрғақ сырылдар

B. тахикардия, ентігу, өкпеде көптеген құрғақ және ылғал сырылдар

+C. қалтырау, тахикардия, айқын ентігу, құрғақ жөтел, өкпеде тұрақсыз құрғақ сырылдар

D. қалтырау, тахикардия, қақырықты жөтел, өкпеде жайылмалы құрғақ сырылдар

E. қалтырау,тахикардия, қақырықты жөтел, локалды ылғал сырылдар

68. Тенезмдер – бұл:

А - жалған шақыру

В - сигма тәрізді ішек аймағындағы ауырсыну

С - тік ішек аймағындағы ауырсыну

+D - кіндік айналасындағы ауырсыну

Е - оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну

69. Флекснер шигелласымен шақырылатын дизентерияның жиі таралу жолы қандай?

+А - су арқылы

В - контактылы-тұрмыстық

С - тағамдық

D - ауа-тамшылы

Е - трансмиссивті

70. Аденовирусты инфекцияға тән клиникалық көрініс:

А - ларингит

+В - фарингит

С - трахеит

D - склерит

Е - ринит

71. Қандай клиникалық белгі парагрипп ауруын сипаттайды?

А – жөтел

В – дене қызыуның көтерілуі

С - әлсіздік

+D – дауыстың қарлығуы

Е – тамақтың ауырсынуы

72. Энтеробиоздың қоздырғышын атаңыз?

+А- острица

В-ергежейлі цепень

С-шошқа цепені

D -бұқа цепені

Е-жалпақ таспа құрт

73. Тұмау кезінде жоғары тыныс алу жолдарының қай бөлігі зақымдалады?

+А – көмей

В – жұтқыншақ

С – бронхтар

D – кеңірдек

Е - альвеолалар

74. Жедел дизентерияның ауыр ағымын төменде көрсетілген шигеллалардың қайсысы тудырады:

А - Штуцер-Шмитц

В - Флекснер

С - Зонне

D - Бойди

+Е – Григорьев-Шиг

75. Риновирусты инфекцияда жоғары тыныс жолдарының қай бөлігі зақымдалады?

А - жұтқыншақ

+В - мұрын

С - кеңірдек

D- көмей

Е - өкпе

II - ДЕҢГЕЙ

1. Анамнезінде пансионатта, қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданған; айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея; лимфоцитопениямен лейкоцитоз, пневмонияның қай түріне тән:

A. хламидиилық

+B. легионеллалық

C. микоплазмалық

D. пневмококктық

E. стафилококктық

2 Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен байқалды. Бұл пневмонияның қоздырғышы не болуы мүмкін:

A. микоплазма

B. клебсиелла

C. аденовирус

D. пневмококк

+E. стафилококк

3. М. атты 28 жастағы науқаста плевраның үйкеліс шуы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Берілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін:

+A. құрғақ плеврит

B. плевра эмпиемасы

C. жедел пневмония

D. экссудативті плеврит

E. бронхоэктаз ауруы

4. Тыныс тұншықпасы ұстамасы мен астматикалық статусытың бастапқы сатысын екшегенде ең сенімді белгі болып табылады:

A. айқын цианоз

B. экспираторлық тұншығудың ауырлығы

C. науқастың мәжбүр қалпі

+D. бета 2 агонисттерге рефрактерлік

E. эуфиллинді көк тамырға енгізудің тиімсіздігі

5. Өкпенің созылмалы обстуктивті ауруларының маңызды екшеу диагностикалық белгісі болып табылады:

A. экспираторлық диспноэ

B. қақырықты жөтел

C. қораб реңді өкпелік дыбыс

+D. жартылай қайтымсыз бронхиальды обструкция

E. құрғақ сырылды тыныс шығарудың ұзаруы мен әлсіз везикулярлық тыныс

6. Тыныс жетіспеушілігінің айқындылығын анықтау үшін ең ақпаратты әдіс:

A. науқастың шағымдары мен анамнезі

+B. спирографиялық зерттеу

C. рентгенологиялық зерттеу

D. науқасты физикалық тексеру

E. артериалық қанның газдық құрамын зерттеу

7. 60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшерде қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ тонның акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да анықталуы мүмкін белгі:

A. қарыншаішілік блокадалар

B. сол жақ қарынша гипертрофиясы

C. сол жақ жүрекше гипертрофиясы

+D. оң жақ қарынша гипертрофиясы

E. Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы

8. Созылмалы обструктивті бронхиттің эмфизематоздық түріне қандай белгі тән:

А. өкпедегі сырылдар

В. көп мөлшердегі қақырық

+С. физикалық күш түскенде ентікпенің болуы

D. тыныс алғанда кедергінің жоғарлауы

Е. альвеолаішілік қысымның жоғарлауы

9. Науқаста ұстамадан кейін мардымсыз кілегейлі қақырық бөлінді. Қақырықты зерттегенде Куршман спиралы мен эозинофилдер анықталды. Көрсетілген көрініс қандай ауруға тән?

А. жедел бронхитке

+В. тыныс тұншықпасына

С. өкпе шеменіне

D. созылмалы бронхитке

Е. өкпе туберкулезіне

10. Науқас кеуде клеткасының қимылы симметриялы, перкуторлы қорап дыбыс, везикулярлы тынысы әлсіреген, дем шығару ұзарған, бауыр тұнығы төмен ығысқан. Сіздің диагнозыңыз?

А. гидропневмоторакс

В. өкпе фиброзы

+С. жайылмалы өкпе эмфиземасы

D. тыныс тұншықпасы

Е. бөлікті пневмония

11. Науқасты тексергенде тыныс алғанда кеуденің оң бөлігінің қалыңқылығы, үшінші оң қабырғадан төмен перкуторлы дыбыстың тынықталғаны анықталды, бронхофония және тыныс әлсіреген. Рентгенде: жүрек солға ығысқан. Сіздің диагнозыңыз қандай?

+А. экссудативті плеврит

В. крупоздық пневмония

С. өкпе ателектазы

D. пневмоцирроз

Е. пневмоторакс

12. 43 жастағы науқас, 7 жылдан бері созылмалы обструктивті бронхитпен ауырады. Науқас аз ғана физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентікпе мазалайды. Қарағанда: жылы цианоз анықталды. Науқаста қандай асқыну болуы мүмкін:

+A. тыныс жетіспеушілігі

B. жүрек жетіспеушілігі

C. бүйрек жетіспеушіліг

D. бауыр жетіспеушілігі

E. тамыр жетіспеушілігі

13. 40 жастағы кеуде клеткасының кифоз түрінде айқын деформациясымен науқаста, тыныс жетіспеушілігінің белгілері анықталды. Тыныс жетіспеушілігінің себебі неде:

A. орталықты

B. нервтік-бұлшықеттік

+C. торакальдық

D. бронхөкпелік

E. аралас

14 40 жастан асқан ер адамның өкпесінде симптомсыз қарайған дақ анықталған жағдайда дәрігер алғаш жоққа шығару қажет:

A. өкпе туберкуломасын

+B. шеткі өкпе ісігін

C. ошақты пневмония

D. дұрыс А, В

E. пневмоцирроз

15. Бронхтардың бітелуі симптомы қандай ауруға тән:

A. Өкпе эхинокогі

B. Крупозды пневмония

+C. Өкпе ісігі

D. Туберкулома

E. Бронхоэктаз ауруы

16. М. атты 48 жастағы науқас тәулігіне 5-6 рет мазалайтын тұншығу ұстамасына, кілегейлі-көпіршікті қақырықты жөтелге шағымданады. Түн сайын тұншығу ұстамасынан оянады. Қарағанда: ТАЖ-26 рет мин. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 55%. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A. тыныс тұншықпасы, орташа дәрежелі, өршуі ТЖ ІІ

+B. тыныс тұншықпасы, ауыр ағымы, өршуі, ТЖ ІІ

C. созылмалы обструктивті бронхит, өршуі, ТЖІІ

D. созылмалы обструктивті бронхит, өршуі, ТЖІІІ

E. тыныс тұншықпасы, ауыр ағымы, өршуі, ТЖ ІІІ

17. Созылмалы өкпе текті жүректің негізгі морфологиялық субстраты болуы мүмкін:

A. сол қарыншаның дилятациясы

B. оң қарыншаның дилятациясы

C. сол қарыншаның гипертрофиясы

D. оң қарыншаның гипертрофиясы

+E. оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилятациясы

18. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен ауыратын науқаста өкпе текті жүрек дамуының негізгі себебі:

A. тыныс жолдарының обструкциясы

B. бронх бұтағының деформациясы

C. жүректің минуттық көлемінің азаюы

+D. өкпе артериясының гипоксиясы мен ұзақ спазмы

E. бронхиолалар мен альвеолаларда қысымның төмендеуі

19. Бөліктік пневмококты пневмонияда бастапқыда қақырықта пайда болатын белгі:

+А. қақырықсыз жөтел

В. кілегейлі қақырықты жөтел

С. «тотық түсті» қақырықты жөтел

D. іріңді қақырықты жөтел

Е. қан аралас қақырықты жөтел

20. Аталған аурулардың қайсысында пневмококк анықталады?

А. созылмалы бронхитте

В. бронхоэктаз ауруында

С. өкпе туберкулезінде

+D. пневмонияда

Е. өкпе абсцесінде

21. Аталғандардың біреуінен басќасы, АГ-ның жењіл және орташа дәрежесінде науќастарды тексеру бағдарламасына жатады:

А. сұрастыру және физикальдық тексеру

В. клиникалыќ ќан анализі

С. несеп анализі (тұнбасын микроскопиялыќ зерттеу)

D. электрокардиография

+Е. бас сүйек рентгенограммасы

22. Миокард инфарктісімен науқастың терісі салќын қоњыр-бозғылт түсті, ұсаќ терімен жабылған, жіп тәрізді пульс, систолалыќ ќан ќысымының төмендеуі байқалды. Науќаста ненің белгісі болуы мүмкін?

А. өкпе шемені

В. үлкен ќан айналым шеңберіндегі жетіспеушілік

+С. кардиогенді шок

D. жүрек ырғағының бұзылысы

Е. ми ќан айналымының бұзылысы

23. Миокард инфарктісінің жедел сатысының электрокардиографиялыќ белгілері:

+А. монофазалыќ ќисыќтың түзілуі

В. Т тісшесінің инверсиясы

С. ЖЭО қалпының өзгерісі

D. жүрек ырғағының бұзылысы

Е. өткізгіштігінің бұзылысы

24. 19 жастағы науқас жүректің митральды ақауына күдікпен зерттеуге келіп түсті. Қарау кезінде жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Жүрек ақауын екшеу үшін зерттеу әдістері:

A. ЭКГ

+B. Жүректі ультрадыбысты зерттеу (УДЗ)

C. Кеуде клеткасының рентгеноскопиясы

D. Қандағы антистрептококкты антиденелер титрін зерттеу

E. ФКГ

25. ЭКГ де ірі ошақты миокард инфарктісіне тән белгіні көрсетіңіз?

A. ST горизантальды депрессиясы

B. доғасы жоғары ST депрессиясы және симетриялы емес Т тісшесі

C. ST жоғары көтерілуі

D. QS тісшесі

+E. Q терең тісшелері

26. Науқас 5 жылдан бері стенокардиямен ауырды. Ауырғандық аз ғана күш түскенде 100 метрге дейін жүргенде және тыныш күйде пайда болады. Осы науқаста стенокардияның қандай клиникалық түрі екендігін көрсетіңіз?

A. тұрақты стенокардия I-ші ФК

B. тұрақты стенокардия II-ші ФК

C. тұрақты стенокардия III-ші ФК

+D. тұрақты стенокардия IV-ші ФК

E. үдемелі стенокардия

27. ЖИА мен ауыратын науқастың ЭКГ-де барлық тіркемелерде Р тісшесінің жоқ екендігі, ретсіз Р толқыны, RR интервалының ұзақтығының әртүрлілігі, QRS комплексі өзгермегендігі анықталды. ЭКГ- дегі өзгерістер қандай ауруға тән?

+A. жүрекшелер жыбыры

B. жүрекшелер дірілі

C. қарыншалар жыбыры және дірілі

D. қарыншалық пароксизмальды тахикардия

E. жүрекшелік пароксизмальды тахикардия

28. Науқаста кенеттен жүректің шалыс соғуы ұстамасы (160 рет мин) байқалды. Ұстаманы дәрігер коротид синусына массаж жасап басты. Жүректің шалыс соғу ұстамасы немен байланысты:

А. синустық тахикардия

В. пароксизмальды жыбыр аритмиясы

С. пароксизмальды жүрекшелер дірілі

+D. пароксизмальды қарынша үстілік тахикардия

Е. пароксизмальды қарыншалық тахикардия

29. Тамырлар атеросклерозы диагностикасының ең сенімді тексеру әдісін көрсетіңіз:

А. рентгендік зерттеу

В. эхокардиография

С. плетизмография

D. ангиография

+Е. электрокардиография

30. Миокардтағы некроздық өзгерістерді анықтауда ең информативті әдіс болып табылады:

А. шеткі қандағы лейкоциттер санын және С-реактивті белокты анықтау

В. қандағы ЛДГ деңгейін анықтау

С. қандағы КФК деңгейін анықтау

D. қандағы трансаминазалар деңгейін анықтау

+Е. қандағы КФК-ның МВ фракциялары деңгейін анықтау

31. Пароксизмальды қарыншалық тахикардияда ЭКГ-де қандай белгі болмайды:

+A. қарыншалық комплекс алдында оң мәнді Р тісшесі

B. қарыншалық комплекс алдында Р тісшесі болмайды

C. QRS комплексі 0,12 сек жоғары кеңіген

D. ырғақ жиілігі минутына 140 жоғары

E. ST сегментінің депрессиясы

32. Велоэргометриялық сынаманың оң мәнді өзгерісі қандай белгімен анықталады:

+A. ST ығысу шамасымен

B. ST ығысу түрімен

C. а және і көрсетілген белгілердің уақытша пайда болуымен

D. артериальды гипотензия белгілері пайда болуымен

E. барлық аталғандармен

33. ЖИА анықтауында қолданылатын ең ақпаратты әдіс:

A. тыныштық жағдайда түсірілген ЭКГ

B. велоэргометрия

C. ЭКГ дәрі-дәрмекпен жүктемелік тесттер

+D. селективті коронарография

E. ЭХО КС

34. Жедел миокард инфарктісі болған науқастың кеуде қуысында ауырғандық, қалтырау, перикард үйкеліс шуы, ЭТЖ жоғарылауы пайда болды. Бірақ, ЭКГ-да өзгерістер жоқ. Сіздің диагнозыңыз:

A. миокард зақымдану ошағының жайылуы

B. идиопатиялық перикардит

+C. инфарктан кейінгі синдром (Дресслер синдромы)

D. миокард жыртылуы

E. жүрек хордаларының жыртылуы

35. 47 жасар ер адам екі ай бойы 500метр орташа жылдамдықпен жүрген кезде, баспалдақпен 3-ші қабаттқа көтерілгенде пайда болатын кеуде артындағы қысып ауырғандыққа шағымданды. Кейде ауырғандық тыныш күйде пайда болады. Осы жағдайдағы стенокардияны қалай жіктеуге болады:

A. тұрақсыз стенокардия

B. жүрек ишемия ауруының аралық түрі

+C. тұрақты күш түсу стенокардиясы

D. варианттық стенокардия

E. алғаш пайда болған стенокардия

36. 47 жасар ер адам екі ай бойы 500метр орташа жылдамдықпен жүрген кезде, баспалдақпен 3-ші қабаттқа көтерілгенде пайда болатын кеуде артындағы қысып ауырғандыққа шағымданды. Кейде ауырғандық тыныш күйде пайда болады. Осы жағдайдағы стенокардияны қай функциональды классқа жатқызуға болады:

A. I

+B. II

C. III

D. IV

E. функциональдық классын анықтау мүмкін емес

37. Стенокардия ұстамасына ауырғандыќтың ќандай түрі тән емес?

А. төс артындағы ќысып ауырғандыќ

В. жүрек тұсындағы күйдіру сезімі

С. төс артындағы басып ауырғандыќ, сол жаќ ќолға иррадиациясымен

+D. тыныс алумен байланысты жүрек тұсындағы шаншып ауырғандыќ

Е. физикалыќ және психоэмоциональды жүктеме кезіндегі жүрек тұсындағы ыңғайсыз сезім

38. Стенокардиядағы ауырғандыќтың миокард инфарктісінен айырмашылығы:

А. орналасуымен

В. иррадиациясымен

+С. ұзаќтығымен

D. сипатымен

Е. тудырушы факторлармен

39. Миокард инфарктісіне күмәні бар ауруға алғашќы көмек неден басталады:

А. электрокардиограмманы зерттеу

В. нитроглицеринді тіл астына беру

+С. наркотиктік анальгетиктермен ауырсынуды басу

D. ауру тарихын толыќ жинау

Е. науќасты ќараудан

40. Созылмалы жүрек жетіспеушілігін іске қосатын негізгі механизм болып не табылады?

А. артериальды ќан ќысымының жоғарылауы

В. симпато-адренальды жүйе белсенділігінің артуы

+С. жүректің айдау функциясының төмендеуі

D. ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі белсенділігінің артуы

Е. Франк-Старлинг механизмінің жүзеге асуы

41. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және гастроэзофагиальді рефлюкспен ауыратын науқастарға нені қолдануға болмайды:

+A. холинолитиктер

B. адреномиметиктер

C. Н2 -гистамин рецепторланың блокаторын

D. сұйық антацидтер

E. протон помпасының ингибиторлары

42. Гепатомегалия, спленомегалия, мелена пайда болуы қандай жағдайға тән:

A. 12 елі ішектің қансырайтын жарасына

+B. бауыр циррозындағы өңеш веналарының қансырауына

C. шажырқай артериясы тромбозына

D. бейспецификалық жаралы колитке

E. қансырайтын асқазан жарасына

43. Гипомоторлы дискенезия мен қосарланған тітіркенген ішек синдромы кезінде қолданылады:

+A. бидай кебегі + форлакс

B. бидай кебегі+дицител

C. бидай кебегі+ лоперамид

D. мотилиум

E. смекта

44. АІЖ –ң әсіресе жоғарғы бөлімінің моторикасын қалпына келтіретін препаратты көрсетіңіз:

A. цизаприд

+B. домперидон

C. дицител

D. но-шпа

E. смекта

45. Тәулігіне 5-10 мг преднизолонды бауыр циррозының қандай түрінде тағайындайды:

+A. аутоиммунды гепатиттің нәтижесінде дамыған цирроз

B. созылмалы вирусты гепатит В фонында дамыған цирроз

C. біріншілікті биллиарлы бауыр циррозы

D. гемохроматоз кезіндегі цирроз

E. алкогольді бауыр циррозы

46. Бауыр циррозының қандай түрінде урсодезоксихол қышқылын тағайындайды:

A. аутоиммунды гепатиттің нәтижесінде дамыған цирроз

B. созылмалы вирусты гепатит В фонында дамыған цирроз

+C. біріншілік биллиарлы бауыр циррозы

D. гемохроматоз кезіндегі цирроз

E. алкогольді бауыр циррозы

47. Созылмалы вирусты гепатитпен В ауыратын науқасты лабораторлық зерттеулерінде келесі өзгерістер анықталған: қанның жалпы билирубині 60-ммоль/л, Алт-120 бірлік, Аст-80 бірлік, сілтілі фосфатаза-200 бірлік, холестерин-5 ммоль/л. Мұндай жағдайды қалай бағалау керек:

A. бауыр ішілік холестаз болуы

B. бауырдан тыс холестаз болуы

C. бауырлық клеткалық жетіспеушілік синдромы

D. бауырдың мезенхимальдық қабыну синдромы

+E. бауырлық клеткалық жетіспеушілік синдромы+ бауырішілік холестаз болуы

48. Созылмалы панкретитке тән ауру сезім симптомының ерекшелігі:

+A. іштің жоғарғы бөлігінде интенсивті, бел бойлайтын ауру сезімі, Шофар, Губергриц зоналарында ауру сезімі, тамақпен басылмайды, күннің екінші жартысында, түнде пайда болады

B. тамақ қабылдаумен байланысты емес, арқаға жатқанда күшейетін эпигастрий аймағында қатты үдемелі ауру сезімі

C. 15 минуттан 5 сағ дейін созылатын, оң жақ қабырға астында орналасатын, жиі кешке, түнде пайда болатын ауру сезімі, Мерфи, Мюсси- Георговский симптомдары оң

D. оң жақ қабырға астындағы қарқынды емес сыздап ауру сезімі, көп мөлшерде майлы тағам қабылдау салдарынан туындайтын эпигастрий аймағындағы ауырғандық сезімі

E. эпигастрий аймағындағы тамақ ішкеннен кейін, антацидтерді қабылдағаннан кейін басылатын ауру сезімі, Мендель симптомы оң

49. Созылмалы холестатикалық гепатитті емдеу шараларының ең негізгісін атаңыз:

+A. өт іркілісін болдырмау

B. витаминдер пайдалану

C. гепатопротекторларды пайдалану

D. диеталық ем жүргізу

E. ферментті дәрілерді пайдалану

50. ГЭРА –ны емдеудің ең тиімді препараттардың комбинациясын көрсетіңіз:

A. омепразол+висмут субцитрат (де-нол)

+B. домперидон(мотилиум)+рабепрозол(париет)

C. маалокс+фамотидин

D. омепразол+амоксициллин+кларитромицин

E. омепразол+трихопол+тетрациклин

51. ЭФГДС зерттеуі көмегімен диспансерлік бақылауды қажет ететін асқазанның шырышты қабатының ісік алды өзгерістеріне жатады:

A. асқазан жарасы

+B. эпителийдің метаплазиясымен бірге жүретін атрофиялық гастрит

C. Нр біріккен атрофиялық емес, созылмалы гастрит

D. асқазан шолағының рефлюкс-гастриті

E. СЕҚҚП-гастропатия

52. Н.р. (+) 12 елі ішектің жара ауруын емдеу үшін препараттар комбинациясы:

A. омепразол+висмут субцитрат (де-нол)

B. домперидон (мотилиум) + рабепрозол (париет)

C. маалокс+фамотидин

+D. омепразол+амоксициллин+кларитромицин

E. омепразол+трихопол+тетрациклин

53. НПВС-пен біріккен Н.р. (-) асқазан жара ауруын емдеу үшін препараттар комбинациясы:

+A. омепразол+висмут субцитрат (де-нол)

B. домперидон (мотилиум) + рабепрозол (париет)

C. маалокс+фамотидин

D. омепразол+амоксициллин+кларитромицин

E. омепразол+трихопол+тетрациклин

54. 50 жастағы ер адам еңкейгенде, тамақ қабылдаған соң күшейетін мойынға, арқаға таралатын кеуде артындағы күдіру сезіміне, қабылдаған тағам аралас кекіруге шағымданады: Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады:

+A. рефлюкс-эзофагит

B. стенокардия

C. кардии ахалазиясы

D. асқазан жарасы

E. мойын омыртқа бөлігінің остеохондрозы

55. Пилородуоденалді аймақтағы тұрақты ауру сезімі тамақ ішкеннен соң 3-4 сағаттан кейін пайда болады, арқаға беріледі, ауру сезімінің шыңында құсу жеңілдік әкелмейді. Бұл қандай ауруға тән:

A. А типті гастрит

B. асқазанның кардиалді бөлімінің жарасы

C. асқазан денесінің жарасы

+D. постбульбарлы жара

E. В типті гастрит

56. Асқазан мен 12 елі ішектің кілегей қабыттарына төменде көрсетілген дәрілердің қайсысы цитопротективті әсер етеді:

A. атропин

B. гасртоцепин

C. фамотидин

D. В тобы витаминдері

+E. де-нол және сукральфат

57. А гастритінің патогенезінде маңызды роль атқарады:

+A. асқазан қалаушы клеткаларына антидене түзілуі

B. асқазанның басты клеткаларына антидене түзілуі

C. асқазан бездерінің муциніне антидене түзілуі

D. асқазан шырышты қабатында иммунды депозиттерінің париетальді жиналуы

E. простогландиндерге антидене түзілуі

58. Қатерсіз ісікті жоққа шығару үшін қандай жағдайларда міндетті түрде динамикалық ФГДС жүргізу қажет:

A. атрофиялық гастрит

B. пернициозды анемия

C. 12-елі ішек жара ауруы

+D. үлкен өлшемді асқазан жарасы

E. эрозивті гастродуоденит

59. Рабепрозол қандай дәрілер тобына жатады:

A. холинолитик

B. гистамин рецептоларының блокаторы

+C. протон помпасының ингибиторлары

D. гастропротектор

E. репарант

60. Омепрозолдың негізгі әсер ету механизмі:

+A. асқазан қалаушы клеткаларының блокадасы

B. асқазанның негізгі клеткаларының блокадасы

C. простогландиндер синтезінің тежелуі

D. гастрин синтезінің тежелуі

E. муцин синтезінің тежелуі

61. Ағзаның темір қорының төмендеуі анықталады:

A. эритроциттер протопорфириндердің деңгейінің жоғарлауы

+B. сарысулық ферритиннің төмендеуі

C. макроцитоз

D. жалпы темір байланыстырушы қабілеттің жоғарлауы

E. десфералды енгізген соң зәрде темірдің жоғарылауы

62. В12 – тапшылық анемияға тән емес:

A. гиперхромды анемия

B. полисегментоядролы нейтрофилдер

C. лейкопения

D. тромбоцитопения

+E. микросфероцитоз

63. Витамин В 12 тапшылығына әкелетін себептерге жатпайды:

A. Кастл ішкі факторының түзілуінің бұзылысы

B. ішектердің патологиясындағы сіңірілудің бұзылысы

C. ұйқы безінің ферментті қызметінің төмендеуі

D. В12 витаминнің аспен түсуінің тапшылығы

+E. көмірсу алмасуының бұзылысы

64. В12 тапшылық анемияның өршу кезеңінде шеткі қанда анықталады:

A. микросфероцитоз

B. анэозинофилия

+C. Жолли денешігі, Кебот сақинасы

D. лимфоцитопения

E. моноцитоз

65. Қандай зертханалық көрсеткіш өзгерісі анықталғанда В12-тапшылық анемия диагнозы күмәнсіз болады:

A. түстік көрсеткіштің жоғарлауы

B. эритроциттер санының төмендеуі

C. эритроциттердің макроцитозы

+D. сүйек кемігінің мегалобластозы

E. лейкоциттер санының азаюы

66. Маркиафавы-Миккел ауруы туралы қандай тұжырым дұрыс емес:

+A. шеткі веналардың және ішкі мүшелердің тромбоздарымен жиі асқынады

B. зәрде бос гемоглобиннің болуы

C. клеткаішілік гемолиз

D. жүре пайда болған гемалитикалық анемияларға жатады

E. жиі лейкопения және тромбоцитопения анықталады

67. Жедел лейкоздың рецидиві диагнозы анықталады:

A. шеткі қанда бласты клеткалардың пайда болуы

B. экстрамедулярлы лейкемиялық зақымдалуы

C. сүйек кемігінің пунктатында 5% астам бласты клеткалардың анықталуы

D. нейролейкемияның болуы

+E. аталған белгілердің біреуі анықталса жеткілікті

68. Боткин-Гумпрехт көлеңкелері қай ауруда анықталады:

A. жедел миелобласты лейкозда

+B. созылмалы лимфолейкозда

C. созылмалы мелолейкозда

D. жедел екшелмеген лейкозда

E. созылмалы мегакариоцитарлы лейкозда

69. Гемофилияға қан кетудің қай түрі тән:

+A. гематомдық

B. петехиялық

C. петехиялы - дақты

D. ангиоматоздық

E. аралас

70. Созылмалы лимфолейкоздағы лимфоаденопатия синдромына тән емес:

A. лимфа түйіндерінің мөлшері біртіндеп ұлғаяды

B. үрдіске лимфа түйіндердің барлық тобы қосылады

C. лимфа түйіндерінің консистенциясы жұмсақ

D. лимфа түйіндері ауырсынбайды

+E. лимфа түйіндері өзара және терімен жабысады

71. В12-тапшылықты анемияға тән сүйек кемігіндегі өзгерістер:

A. гемопоэз гипоплазиясы

B. миелобласттар санының жоғарылауы

+C. мегалобластикалық эритропоэз

D. лимфоциттер санының жоғарылауы

E. эритроидтық өсіндінің гиперплазиясы

72. Гипопластикалық анемияға тән:

A. спленомегалия

+B. панцитопения

C. гем синтезінің бұзылуы

D. гиперхромия

E. лимфоцитопения

73. Гипопластикалық анемиямен иммунды тромбоцитопенияның ажырату диагностикасында негізгі зерттеу болып табылады:

+A. трепанобиопсия

B. қанның жалпы анализі

C. коагулограмма

D. УДЗ

E. сүйек ретгенографиясы

74. Жедел лейкоздың диагностикалық белгісі болып табылады:

A. геморрагиялық және анемиялық синдромдардың бірігуі

B. анемиялық және септико-некротикалық синдромдар бірігуі

+C. сүйек кемігінің бластты трансформациясы (бластоз 30% артық)

D. лимфа түйіндер пунктатында Березов-Штернберг клеткаларының болуы

E. шеткі қанда Боткин-Гумпрехт көлеңкелерінің болуы

75. Қандағы ненің жоғарылауы бүйрек жетіспеушілігінің ең сенімді белгісі болып табылады?

A. натрийдің

B. кальцийдің

C. мочевинаның

+D. креатининнің

E. қалдық азоттың

76. Темір тапшылықты анемияға тән сүйек кемігіндегі өзгеріс:

A. лимфоциттердің көбеюі

+B. сидеробласттар санының азаюы

C. мегакариоциттердің азаюы

D. мегалобластоз

E. миелоидты метаплазия

77. 22 жастағы жігіт кенет ауырды: дене қызуы 39-40˚ дейін жоғарылады, жұтынғанда ауырсыну, әлсіздік, ентігу, мұрыннан қан кету мазалайды. Шеткі қанда және миелограммада бласты клеткалар 80% немесе одан көп. Қандай зерттеу тиімді болып табылады:

A. стернальды пункция

B. трепанобиопсия

+C. стернальды пункция + цитохимиялық реакция

D. трепанобиопсия + цитрохимиялық реакция

E. қайта алынған жалпы қан анализі + стернальды пункция

78. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде ненің себебінен анемия туындайды:

A. темір тапшылық

B. витамин В12 тапшылық

C. аутоиммунды гемолиз

D. фолий қышқылы тапшылығы

+E. эритропоэтин синтезінің төмендеуі және азотемияның уытты әсері

79. Темір тапшылық анемияның патогенезінде маңызы зор:

+A. гемоглобин түзілуінің төмендеуі

B. ДНК синтезінің төмендеуі

C. эпителий тінінің зақымдалуы

D. уытты қышқылдардың жиналуы

E. гемолиздің күшеюі

80. В12 витаминінің сіңірілуіне қажет фактор:

A. тұз қышқылы

B. гастрин

C. пепсин

+D. гастромукопротеин

E. фолий қышқылы

81. 75г глюкозаны ішке қабылдағаннан соң 2 сағаттан кейін қант диабетін (ДДСҰ бойынша) анықтауда гликемияның маңызды шекарасы қандай болуы қажет:

A. 6 ммоль/л

B. 8 ммоль/л

C. 8,4 ммоль/л

D. 9,7 ммоль/л

+E. 11,1 ммоль/л

82. Инсулин тәуелді қант диабетінің патогенезі неге байланысты:

+A. β -клеткалардың деструкциясымен

B. β-клеткалардың рецепторлық аппаратының бұзылуымен

C. инсулиннің гормональдық антоганистеріне

D. инсулиннің гормональдық емес антоганистеріне

E. инсулинге сезімтал рецепторлар санының азаюына

83. Ұзақ әсерлі инсулинді қолдануға көрсеткіш:

A. кетоацидоз

B. хирургиялық ем

+C. 1 типті қант диабетінің компенсация сатысы

D. жедел қабыну процессі

E. семіздік

84. Аталғандардың біреуінен басқасы, инъекциядан кейінгі инсулиндік липодистрофияның дамуына себепші:

A. инсулин препаратының сапасы

B. клетканың аутоиммундық процесспен механикалық бұзылуына жауап ретіндегі қабыну реакциясы

+C. қант диабетінің декомпенсациясы

D. салқындатылған инсулинді енгізу

E. тері асты шеліне спирттің енуі

85. Тиреотоксикозға тән қызбаның түрін атаңыз:

A. тұрақты қызба

B. гектикалық қызба

C. ұстамалы қызба

+D. субфебрильді қызба

E. қызба байқалмайды

86. Тиреотоксикозға тән артериялық қысым өзгерісі түрін көрсетіңіз:

A. систолдық қан қысымының көтерілуі

B. диастолық қан қысымының көтерілуі

+C. пульстік қысымының көтерілуі

D. кіші қан шенберіндегі қысымының көтерілуі

E. пульстік қысымының төмендеуі

87. Екіншілік гипотиреоз патогенезін көрсетіңіз:

A. ТРГ (тиреолиберин) жетіспеушілігі

B. ТТГ (тиреотропин) жетіспеушілігі

C. Иод жетіспешілігі

D. Т3 жәнеТ4 жетіспеушілігі

E. СТГ жетіспеушілігі

88. Төменде аталған көрсеткіштердің қайсысы феохромоцитома диагнозын қою үшін ең информативті болып табылады:

A. калий экскрециясы

B. катехоламиндер экскрециясы

+C. катехоламиндердің қан сарсысуындағы деңгейі

D. натрий экскрециясы

E. магний экскрециясы

89. Қант диабетінің ең дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:

+A. созылмалы гипергликемия, глюкозурия жағдайы

B. созылмалы гипергликемия жағдайы

C. глюкозоурия жағдайы

D. гиперкетонемия жағдайы

E. артериальды гипертензия және гипергликемия, семіздік синдромы

90. Феохромоцитома салдарынан туындаған артериальдық гипертензияны емдеуде тиімді болып табылады:

A. пропранолол

B. фуросемид

C. резерпин

D. молсидомин

+E. фентоламин

91. Қант диабетінде болатын бүйрекке тән өзгерісті көрсетіңіз:

A. пиелонефрит

B. бүйрек амилоидозы

+C. түйінді гломерулонефрит

D. несеп-тас ауруы

E. жедел бүйрек жетіспеушілігі

92. Тиреотоксикозда патогенетикалық ем тағайындаңыз:

A. антиструминнің 1тб аптасына 1 рет

B. адиуретин 0,05г күніне 2-3 рет

+C. меркозолил 0,05г күніне 3 рет

D. тиреодин 0,05г күніне 2 рет

E. адреналин 0,1%-1 мл ертіндісін т/а

93. Липид алмасуына тиреоидты гормондардың әсері:

A. липогенез күшейту

+B. липолиз күшейту

C. холестерин мөлшерін көтеру

D. липид көрсеткіштері өзгермейді

E. триглицерид деңгейін жоғарылатады

94. Гипотиреоздың патогенетикалық емін көрсетіңіз:

A. мерказозил

B. бета – блокатор

C. резерпин

+D. тироксин

E. седативтік препараттар

95. Аталғандардың біреуінен басқасы, гиперосмолярлы команың дамуына, септігін тигізеді:

A. қант диабетінің жеткіліксіз компенсациясы

B. инттеркурентті аурулар

C. зәр айдағыш және стероидеы препараттармен ұзақ емдеу

D. дигидратациямен жүретін жағдай(құсу,іш өту)

+E. инсулинді мөлшерінен көп енгізу

96. Төменде көрсетілгендердің қайсысы инсулин секрециясын көп жоғарлатады?

А. Белок

В. май

+С. көмірсу

D. клечатка

Е. витаминдер

97. Инсулин жетіспеушілігінде қандай биохимиялық өзгеріс байқалады:

A. глюконеогенездің төмендеуі

+B. кетогенездің жоғарлауы

C. липолиздің төмендеуі

D. белок биосинтезінің жоғарлауы

E. электролит балансының өзгеруі

98. Көмірсу алмасуына инсулинің әсері:

A. глюкорецепторлардың белсенділігін төмендетеді

B. глюкогенезді жоғарылатады

+C. клетканың глюкоза фосфориленуін белсендіреді

D. бауырда глюкогенезді тежейді

E. бауырда глюкогенезді күшейтеді

99. Я атты 28 жастағы науқас, кеуде клеткасында тамырдың соғу сезіміне, кезеңді пайда болатын бастың ауырғандығына және бастың айналуына шағымданады. Балалық шағында баспадан кейін полиартрит байқалған. Тері жамылғысының бозғылттығы байқалады, мойын тамырларының күшті пульсациясы, өкпеде сырыл жоқ. Жүрек аймағында айқын пульсация, ортаңғы бұғана сызығынан VI қабырғааралықтағы жергілікті пульсация анықталады. Жүректің сол жақ салыстырмалы тұнық шегі бұғана орта сызығы бойынан 3см сыртқа ығысқан. Жоғары және оң жақ шегі өзгермеген. Жүрек ұшында және Боткин нүктесінде I және II тоннан кейін шулар естіледі. Төстің оң жағынан II қабырғааралықта II тон күрт әлсіреген, I және II тоннан кейін шулар естіледі. АҚҚ – 130/50 мм с.б.б., пульс – 88 рет минутына, жоғары, жылдам, толық. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

+A. аорта қақпақтарының жетіспеушілігі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: