Міндеттері

- Пәні, мақсаты, негізгі міндеттері мен гигиенада қолданылатын зерттеу әдістері, басқа пәндермен байланысы жөніндегі білімін қалыптастыру.

- СЭҚ дәрігерінің жұмысын ұйымдастыру негіздерін. Өндірістегі сақтық және күнделікті санитарлық бақылаудың мазмұны жөніндегі білімді қалыптастыру.

- Санитарлық ағарту жұмыстарының әдістері мен түрлері жөніндегі білімді қалыптастыру.

- Зиянды фактордың мүмкіндік рөлін аурудың этиологиялық немесе қауіп қатер факторы ретінде бөлу дағдыларын қалыптастыру.

- Гигиенада қолданылатын негізгі зерттеу әдістері жөніндегі дағдыларын қалыптастыру.

- Гигиена бойынша нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарды қолдану дағдысын қалыптастыру.

- Тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу үшін гигиена аумағында алынған білімдерді қолдану дағдысын қалыптастыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері. Аурудың екіншілік, үшіншілік алдын алу шаралары.

2. Гигиенаның әдістері.

3.Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлерінің алдын алуда күнделікті және алдын алулық санитарлық бақылаудың рөлі.

Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтарда дискуссия, жағдайлық есептерді шешу.

Әдебиеттер:

негізгі:

1. Гигиена под ред. акад. РАМН Румянцева Г.И. - М.:ГЭОТАР:Медицина, 2000. – 608 бет.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человека. – Ростов на Дону «Феникс». 2002. – 512 беттер.

қосымша

1.Румянцев Г.И. с соавт. – Общая гигиена.- М.: Медицина,1985.- 253-263 беттер.

Бақылау

· 1.Бастапқы білім деңгейлерін ауызша сұрау арқылы бақылау:

1. Гигиена - медицинадағы негізгі алдын алу пәні ретінде.

2. Медицинада емдік және алдын алу бағыттарының өзара байланысы.

3. Денсаулық жағдайындағы бұзылыстардың біріншілік, екіншілік және үшіншілік алдын алу және олардың тиімділігі. Денсаулық сақтаудың алдын алу бағытында приоритеттілігі

4. Гигиенаның мақсаты. Гигиеналық ғылымның зерттеу нысандары, мазмұны мен міндеттері. негізгі тараулары.

5. Гигиеналық зерттеу әдістері.

6. Тәжірибелік жұмыста медициналық қызметкер үшін гигиеналық дүниетанымының маңызы.

7. Санитария жөнінде түсінік. Гигиеналық ғылыммен өңделген санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды іске асыруда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің рөлі.

8. СЭС қызметкерінің жұмысын ұйымдастыру негіздері.

9. Санитарлық эпидемияға қарсы жұмысты жүргізудің негізгі түрі ретінде сақтық және күнделікті санитарлық бақылау.

10. Санитарлық заңдылық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысында атқаратын рөлі.

· 2. Студенттердің өзіндік жұмыстарының орындалу нәтижелері бойынша қорытынды білім деңгейлерін бақылау:

Тапсырма №1. Гигиеналық зерттеу әдістері бойынша жағдайлық есептерді шешу

Есеп № 1.

Бояу өндірісі цехында жұмыс зонасына ацетон, бензол, сонымен қатар, жылулық радиацияның көздері (жылынған қондырғыларынан шығатын инфрақызыл сәулелену) бар. Зауыт пен СЭҚ зертханасынан кезекті түрде жұмыс зонасының ауасынан ауадан сынама алынады. Мұнда ацетон мен бензолдың жоғарғы деңгейі анықталды. Олардың концентрациялары ШРЕК-тен 2-3 есе жоғары екендігі белгілі болды. Жылулық радиацияның интенсивтілігі норма шегінде. Ацетон және бензол орталық жүйке жүйесіне, қан жүйесіне, бауыр және басқа да ағзаларға әсер ететін у болып табылады. Өндіріс жұмысшыларын медициналық тексеру кезінде жоғарғы орталық жүйке жүйесінің, асқазан ішек жолдарының, қан, аурушаңдылығының жоғарғы деңгейі анықталынды. Жұмыс зонасының ауасының ластануы технологиялық үрдістің бұзылуымен, желдету және жабдықтардың герметизациясының жеткіліксіздігімен байланысты екендігі анықталды.

Есептеу арқылы белгілі болды, кезекті алдын алу шараларын қолданбаған кезде, ластағыштар 3-4 жылдан соң нормативтен 5-6 есе жоғарылайды, ал аурушаңдылық 1,5-2 есеге жоғарылайды. Ауаның ластану деңгейін төмендету және кәсіптік аурулардың алдын алу үшін тиімді желдетуді ұйымдастыру, жабдықтарды герметизациялау, технологиялық үрдістерді жетілдіру, СИЗ міндетті түрде қолдану ұсынылды.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2. Цехта гигиеналық жағдайды талдау барысында гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

3. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылады?

4. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5. ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды өңдеу үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылады?

6. Гигиенаның қандай әдісінің көмегі арқылы ацетон мен бензолдың ағзаға әсері бекітілді?

7. Перспектива бойынша гигиенаның болжамы бекітілді?

8. Есептерде гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

9. Қазіргі уақытта жұмысшыларды медициналық тексерулерден өткізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қай түріне жатады?

10. Алдыңғы жылдарда жұмысшылардың аурушаңдылығы бойынша мәліметтер санитарлық эпидемиологиялық әдістің қай түрінің көмегі арқылы алынды?

11. Цехта санитарлық бақылаудың қандай түрі жүргізілді, оның мақсаты қандай?

12. Берілген есептегі барлық шаралар мен міндеттер медицинаның қай бағытында берілген?

Есеп № 2.

Болат құю цехында зауыт зертханасының мәліметтері бойынша жұмыс зонасының ауасында күкірт пен азот тотықтары мен қос тотықтары, иісті газ табылған, бұлардың концентрациялары ШРЕК 2-3 есе жоғары. Болат ерітетін беткейлер бірнеше жүздеген градустарға дейін ысиды. Олардан шыққан жылу сәулелерінің қарқындылығы ШРЕК тен 2 есе жоғары. Цехта жаз айында ауа температурасы 38-39 градусқа дейін жетеді. Қарқынды шу, бұлардың деңгейі қалыптың жоғарғы деңгейіне жетеді. Күкірт пен азоттың тотықтары мен қос тотықтары көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабаттарына тітіркендіргіш әсер етеді, риниттерді, бронхиттерді, пневмонияны шақырады, токсикалық әсер көрсетеді. Иіс тигізіп уландыратын газ қанда карбоксигемоглобиннің түзілуіне және тіндерге оттегінің тасымалдануының бұзылуына әкеледі. Шу кохлеарлы аппараттқа деструктивті әсер көрсете, ал, жылулық радиация шектен тыс қызынуға және катарактаға әкеледі. Статистикалық зерттеулердің әдістері бойынша бірнеше жылдар бойына цехта жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпеде, ОЖЖ, ЖҚЖ аурушаңдылығының жоғары деңгейлері анықталды. Кезекті медициналық тексерулерді жүргізу барысында жұмысшылардың 20% созылмалы трахеиттер мен бронхиттер, 15%- миокардтың дистрофиясы, артериялық гипертензия, 18 % астениялық және астено-жүйкелік бұзылыстар, 10% - кереңдік байқалды. Зиянды әсерлердің әсер ету деңгейлерін төмендету үшін жабдықтарды герметизациялау, желдету тиімділігін жоғарылату, су жамылғыларын қолдану, қорғаныс көзілдіріктер мен арнайы киімдерді пайдалану қажет.

Сұрақтар:

1.Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2.Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

3.Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

4.Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5. ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?

6. Ағзаға жылулық радиация мен ластағыштардың әсерін гигиенаның қандай әдістерімен анықталынды?

7. Келешекке гигиеналық жағдайға болжам жасалды ма, оның қорытындысы қандай?

8. Есептерде гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

9. Қазіргі уақытта жұмысшыларды медициналық тексерулерден өткізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қай түріне жатады?

10. Алдыңғы жылдарда жұмысшылардың аурушаңдылығы бойынша мәліметтер санитарлық эпидемиологиялық әдістің қай түрінің көмегі арқылы алынды?

11. Цехта санитарлық бақылаудың қандай түрі жүргізілді, оның мақсаты қандай?

12. Берілген есептегі барлық шаралар мен міндеттер медицинаның қай бағытында берілген?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: