Есеп № 3

Антибиотиктерді қораптау цехының жұмыс зонасының ауасында тұрақты түрде антибиотиктің шаңы табылған, бірақ олардың концентрациялары ШРЕК тен аспайды. Орындалатын операциялар монотонды, яғни біркелкі, және жұмысшының мәжбүрлік жағдайы бар. Желдеткіш қондырғыларының жұмысы қалыпты. Бірақта жұмысшылардың арасында жүргізілген медициналық тексерулердің барысында дисбактериоз жағдайлары, бауыр мен бүйректің токсикалық зақымдалулары, сонымен қатар, терінің және кілегей қабаттарының саңырауқұлақтық ауруларының өсуі, аллергиялық аурулар байқалған. Антибиотикті қораптайтын жұмысшыларда айқын сезімталдылық және токсикалық әсер, бауыр мен бүйректерінің зақымдалулары бар. Өткен 3 бойынша аурушаңдылық туралы мәліметтерді анализдеу барысында жұмысшылардың денсаулығында антибиотиктің жаңа түрін өндіріске енгізгеннен бастап нашарлауын көрсеткен. Зерттеу нәтижелері бойынша жұмыс зонасының ауасында антибиотиктің ШРЕК-ы қайта қаралды. Шаң бөліну деңгейі мен еңбектің біркелкілігін төмендетуге мүмкіндік беретін технологиялық үрдістер жетілдірілді. Дайындалған ұсыныстарды енгізгеннен кейінгі медициналық тексерулердің нәтижелері аурушаңдылық деңгейлерінің төмендеуін көрсетті, сонымен бірге, жұмысшылардың денсаулық жағдайларының жақсарғандығын көрсетті.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2. Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

3. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

4. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5.ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?

6. Ағзаға антибиотиктердің әсері гигиенаның қандай әдістері арқылы анықталды?

7. Келешекке гигиеналық жағдайға болжам жасалды ма, оның қорытындысы қандай?

8. Есептерде гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

9.Қазіргі уақытта жұмысшыларды медициналық тексерулерден өткізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қай түріне жатады?

10.Алдыңғы жылдарда жұмысшылардың аурушаңдылығы бойынша мәліметтер санитарлық эпидемиологиялық әдістің қай түрінің көмегі арқылы алынды?

11. Цехта санитарлық бақылаудың қандай түрі жүргізілді, оның мақсаты қандай?

12. Берілген есептегі барлық шаралар мен міндеттер медицинаның қай бағытында берілген?

13. Динамикада медициналық тексерулерді жүргізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қандай түріне жатады?

14. Антибиотиктердің ШРЕК неге қайта қарастырылды?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: