Есеп№ 5

Асхананың ас блогында СЭҚ қатысуымен жүргізілген сынамада ас үйдің ауасында жағымсыз иіс байқалды және табиғи газдардың (көмірқышқыл, иісті газ, азот тотығы мен қос тотықтары) жиналуы байқалған. Бұлардың концентрациялары ШРЕК тен бірнеше есе жоғары. СО улы болып табылады, ол қанға әсер етеді, ал азот тотықтары мен қос тотықтары тітіркендіргіш әсер етеді. Сонымен қатар, келесі факітелер табылды: азықтарды сақтаудың жылулық тәртібі бұзылған, ас үйде механикалық сормалы желдеткіш жұмыс істемейді. Осыған байланысты асханада тамақтан улану жағдайлары жиі орын алып отырған. Жұмысшыларды медициналық тексеру барысында алтын түстес стафилакокктың тасымалдаушысы анықталды, сонымен қатар, бастың айналуы, жүрек айну, әлсіздік, көз бен мұрынның ашуы байқалған. Тексеруді жүргізген санитарлық дәрігер қажетті шараларды қолданбаған жағдайда ластағыштардың концентрациясы ауада нормативтен асады және тамақтан улану жағдайлары жалғаса береді деп қорытындылады. Тексеруден кейін асхананың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында желдету мен мұздатқышқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ас блогының жұмысшылары антибиотикотерапия курсынан өтті және жеке бас гигиеналарын сақтады.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2 Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

3. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

4. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5.ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?

6. Адам ағзасына ластанудың әсері және бактериотасымалдаушылықгигиенаның қандай әдістерінің көмегі арқылы?

7. Келешекке гигиеналық жағдайға болжам жасалды ма, оның қорытындысы қандай?

8. Есептерде гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

9.Қазіргі уақытта жұмысшыларды медициналық тексерулерден өткізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қай түріне жатады?

10. Алдыңғы жылдарда жұмысшылардың аурушаңдылығы бойынша мәліметтер санитарлық эпидемиологиялық әдістің қай түрінің көмегі арқылы алынды?

11. Цехта санитарлық бақылаудың қандай түрі жүргізілді, оның мақсаты қандай?

12. Берілген есептегі барлық шаралар мен міндеттер медицинаның қай бағытында берілген?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: