Тапсырма №1

Ситуациялық есеп бойынша баланың физикалық дамуын кешенді әдіспен гигиеналық бағалаңыз

Тапсырма №2.

Алынған мәліметтерді қолдана отырып, баланың денсаулық тобын анықтау.

Тапсырма №3.

Жалпы білім беру мекемелерінде оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар бойынша оқу құралымен танысу

Тапсырма № 4.

· Сабақ кестесін бағалау бойынша ситуациялық есептерді шешу.

Ситуациялық есептер

№ 1 Есеп

Борисова Таня

Туған күні – 1992 ж. 2 наурыз

Тексерілген күні 2005 ж. 10 мамыр

Биологиялық даму деңгейі

Бой ұзындығының жылдық қоспасы, см – 3,0

Тұрақты тістерінің саны – 28

Екінші жыныстық белгілерінің даму дәрежесі – АХ1 Р1 Ма1, менархе жоқ

Соматометриялық көрсеткіштері

Бой ұзындығы, см – 153

Дене салмағы, кг – 38,3

Кеуде торының шеңбері, см – 68,0

Соматоскопиялық көрсеткіштері

Дене бітімі дұрыс, терісі және көрінетін қабықшалары таза. Бұлшық еттерінің дамуы нашарлау. Тері асты май қабаты жоқ. Дене тұлғасының мүсіні дұрыс. Омыртқасының деформациясы жоқ. Жалпақ табан.

Физиометриялық көрсеткіштері

Оң қолының күші – 20,0

Сол қолының күші – 18,0

Өкпесінің тіршілік сиымдылығы, мл – 2200

Пульс жиілігі,мин – 74,0

Мах.қан қысымы, мм.рт.ст. – 100

Мин. Қан қысымы, мм.рт ст. – 60

Тыныс алу жиілігі, мин. – 19

Денсаулық жағдайы

2,5 - жасында корь ауруымен ауырды,асқынусыз, 4 - жасында паротитпен, 9 жасында – жұқпалы гепатитпен. Диспансерлік есепте тұрмайды.Жылына 5 – 6 реи суық тигендегі аурумен ауырады.

№ 2 Есеп

Бобров Валера

Туған күні – 1992 ж. 12 қаңтар

Тексерілген күні 2005 ж. 15 наурыз

Биологиялық дамуы

Бой ұзындығының жылдық қоспасы, см – 5

Тұрақты тістерінің саны – 20

Екінші жыныстық белгілерінің даму дәрежесі – АХ0 Р0

Соматометриялық көрсеткіштері

Бой ұзындығы, см – 148

Дене салмағы, кг – 49

Кеуде торының шеңбері, см - 78

Соматоскопиялық көрсеткіштері

Дене бітімі дұрыс,терісі және көрінетін қабықшалары таза.Бұлшық еттерінің дамуы нашарлау.Тері асты май қабаты жоқ.Дене тұлғасының мүсіні дұрыс.Омыртқасының

қисаю бар (сколиоз), дене мүсіні алға қарай еңкіш, иықтары салбыраңқы,.

Физиометрикалық көрсеткіштері

Оң қолының күші – 19,0

Сол қолының күші – 18,0

Өкпесінің тіршілік сиымдылығы, мл – 2200

Пульс жиілігі,мин – 79,0

Мах.қан қысымы, мм.рт.ст. – 98

Мин. Қан қысымы, мм.рт ст. – 58

Тыныс алу жиілігі, мин. – 20

Денсаулық жағдайы

Бала жиі суық тию ауруларымен ауырады. 4-жасында скарлатинамен ауырған,. Диспансерлік есепте ревматизм ауыруы бойынша тұрады, кейінгі 2 жылда ревматикалық процестің белгілері білінбейді.

№ 3 Есеп


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: