Есеп №4

Сапасы төмендегідей етті тағамға пайдалану жөнінде қорытынды жасау:

1. Сыртқы түрі – жаңа кесілген бөлігі – қызғылт-қызыл, ылғалды, жабысқақ емес

2.Консистенция – тығыз, қатты басқан кезде қалпына тез келеді

3. Иісі – етке тән

4. Шырын – мөлдір

5. Май – қатты, ақ

6. Сопақша ми - қуысты түгелдей жапқан, жылтыр

7. Сынама қайнату – бульонның иісі – қалыпты, мөлдірлігі – мөлдір

8. Бульонның күкіртқышқылды мысқа реакциясы – үлпек

9. Аммиакка сынама – теріс

10. Еттің финні– 40 см де 2

11. Трихонеллалар – жоқ

12. L. Monocytogenes – 25 г етте 5

13. Антибиотиктер – жоқ

15. ДДТ және оның метаболиттері – 0,05 мг/кг

16. Кадмий – 0,2 мг/кг

Етті бағалау бойынша сұрақтар:

1. Қандай етті талдайсыз: суытылған, мұздатылған, еріген немесе қайта мұздатылған?

2. Ет – жас етпе? Еттің,, майдың, жілік майының, сіңірдің және буындардың қандай органолептикалық көрсеткіштері сіздің қортындыңызды..

3. Еттің, жас ет екенін қандай сынамалар бойынша анықтайды?

4. Есепте берілген физико-химиялық зерттеулердің нәтижелерінен нені білуге болады?

5. Гельминтологиялық көрсеткіштерін қалай бағалайсыз? Еттің құрамындағы финн, трихинелла жұмыртқаларының саны қанша болуы керек?

6. Финн және трихинелла жұмыртқаларының тамаққа жарамды еттегі саны қанша болуы керек? Осы гельминттердің аралық және соңғы иелерін атаңыз?

7. Шошқа майы трихинеллез дамуының себебі бола ма?

8. Еттегі финн және трихинелл жұмыртқаларын көзбен қарап анықтауға болады ма? Анықтау әдісін жазыңыз.

9. Еттің қандай микробиологиялық көрсеткіштері нормаланады? Олар нені анықтайды? Еттің микробиологиялық ластануының салдары және ластанушылық көздері.

10. Етке улы элементтер, антибиотиктер, пестицидтер, радионуклидтер қалай түседі?

11. Ксенобиотиктермен (қорғасын, сынап, мырыш, гексахлорциклогексан, радионуклид және ДДТ) ластанған етті тамаққа пайдаланғанда адам денсаулығына, оның қандай салдарлары болуы мүмкін?

Тақырып №7. Ауруханалардың жағдайлық және бас жоспарын гигиеналық бағалау.– 3 сағат.

Мақсаты: а урухана уаскесін таңдауға орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.Сонымен қатар, ауруханалардың әртүрлі құрылыс жүйелерінің арқтықшылықтары мен кемшіліктерімен таныстыру жөніндегі білімін қалыптастыру.

Міндеттері:

- ЕПМ жоспарлау принциптері жөніндегі білімді қалыптастыру

- Жер учаскесін таңдауға және аурухана кешенін орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар жөніндегі білімді қалыптастыру.

- Аурухана жүйелері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері жөніндегі білімді қалыптастыру

- Жер учаскесін жоспарлауға, қолайландыруға ЕПМ аурухана учаскесіне орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар жөніндегі білімді қалыптастыру.

- Жер учаскесін дұрыс таңдалғанын және аурухананың жағдайлық жоспары бойынша елді мекен аумағына орналастырудың дұрыстығын бағалау дағдысын қалыптастыру Аурухананың бас жоспарына гигиеналық бағалауды жүргізу дағдысын қалыптастыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жер учаскесін таңдауға, аурухананың құрылыс жүйелеріне, елді мекендерде ЕПМ орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

Оқыту мен сабақ беру әдістері: жағдайлық есептерді шешу, пікірталас.

Әдебиеттер:

Негізгі:

Гигиена / Под ред акад. РАМН Г.И.Румянцева. – М.:ГЭОТАР, Медицина,2000. – С.360-393.

Пивоваров Ю.П.,Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- Ростов н/Д: «Феникс», 2004.-С.402-424.

Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека., 3-е изд.- М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – С.154-194.

Гурова А.И., Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене. -М.:Изд-во Унив. Дружбы народов,1991.- 107-115

Қосымша:

Анамбаева А.Н. Гигиена лечебно-профилактических организаций. /Учебное пособие. – Алматы, 2003.- С.5-18.

Минх А.А. Общая гигиена.- М.: Медицина, 1984. -С. 198-201.

Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. - М.: Медицина, 1983.- С. 59-64.

Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А. Общая гигиена.- М.: Медицина, 1985.- С. 230-245

Санитарные правила и нормы РК «Требования к устройству и содержанию больничных организаций и организаций охраны материнства и детства» от

24.06 2002 г.

Бақылау:

· 1. Бастапқы білім деңгейлерін ауызша сұрау арқылы бағалау

Сұрақтар:

1. Аурухана құралысын жоспарлаудың негізгі принциптері.

2. Елді-мекеннің аумағында ұзақ уақыт емделетін жалпы соматикалық мамандандырылған ауруханаларды, аурулар ауруханалаын және басқа да салалық ЕАБ-ны орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Жер учаскесін таңдау.

3. Ауруханалық жағдайлық жоспары және оны елді-мекендердің аумағында ауруханалардың дұрыс орналасқандығын бағалау үшін маңызы.

4. Ауруханалардың құрылыс жүйелері олардың артықшылығы мен кемшіліктері

5. Аурухананың учаскесін зоналарға бөлу, оның гигиеналық маңызы.

· Студенттердің өзіндік жұмысының орындалу нәтижелері бойынша қорытынды білім деңгейлерін бақылау

№1 Тапсырма. ЕАМ жобаларының мазмұнымен және оларды бағалау қағидаларымен танысу. (өзіндік даму дағдысы бойынша)

№2 Тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап бере отырып ауруханалардың жағдайлық және жалпы жоспарларын бағалау жөніндегі есептерді шешу: (тәжірибелік дағды)

1. Аурухана салу үшін ұсынылған учаскені

а. магистралды жол

б.тұрғын үй кварталына

в.зауытқа қатысты орналасуы бойынша мақұлдауға бола ма?

2. Аурухана учаскесін ластаушы нысандардан санитарлық қорғаныс зона қандай өлшемде бөліп тұруы тиіс? Қандай учаскелерде аурухана мекемелерін орналастыруға болмайды.

3. Топырақтың сапасы гигиеналық талаптарға сай келе ме?Аурухана салу үшін қандай топырақ дұрыстау деп саналады және неге олай?

4. Атмосфералық ауаның сапасы гигиеналық нормативтерге сәйкес келе ме?

5. Аурухана учаскесінде ауаның сапасын жақсартуға болады ма? Егер болса қалайша?

6. Аурухана учаскесінде шу режимі қандай және оның себебі неден? Шу деңгейі гигиеналық талаптарға сәйкес келеді ме? Оны қалай төмендетуге болады.

7. Аурухана құрлысының қандай жүйесі (түрі) ұсынылған?Оның артықшылығы мен кемшіліктері қандай? Есепте келтірілгендей аурухананың барлық бөлімдері бір ғимаратта орналасуы мүмкін бе?

8. Жер учаскенің ауданы жеткілікті ме? Оның мөлшері неге байланысты?

9. Учаске аумағында қандай зоналарды бөліп көрсетуге болады,Учаскені зоналарға бөлуді қандай мақсатта жүргізеді.

10. Учаскеде құрылыс пайызы қандай болуы тиіс? Есепте берілгені талаптарға сәйкес келеді ме?

11. Аурухана учаскесіне көлік кіретін жол кем дегенде қанша болуы керек? Көлік кіретін жолдар дұрыс ұйымдастырылған ба?

12. Аурухананың аумағы көгалдандыру жеткілікті ме? Ол қандай рол атқарады. Оның кемшіліктері қандай? Емдеу корпустарынан қандай қашықтықта ағаштар бұталар (кустарник) егуге рұқсат етіледі, оның себебі?

13. Аурухана учаскесінің шетінде өсірілетін ағаштар қатарының ені (жалпақтығы), қандай болуы керек. Көгалдандыру зонасы аурухана учаскесінің жалпы ауданының неше пайызын құрауы керек, және ол 1 ауруға есептегенде қанша болуы тиіс?

Ситуациялық есептер

№1 Есеп

Т. қаласында 600 төсекке есептелген орталық қалалық аурухананың құрлысы қарастырылып отыр. Қала әкімшілігі қаланың ішіне ауданы 5,1 га аумақ ұсынды. Ол учаскенің солтүстік жағы трамвай жолы өтетін, көлік көп жүретін магистралды жолмен шектеседі. Батыс жағында аурухана учаскесін 50 м қашықтықта 7-9 қабатты тұрғын үйлер тұр. Солтүстік – батысында 720 м қашықтықта машина жасау зауыты орналасқан. Шығысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыста учаске шегарасынан 100 м қашықтықта жаңа құрылыстар жүргізіліп жатыр. Учаске ойыс жерде орналасқан формасы тікбұрышты ені мен ұзындығының ара қатынасы 1:4 тең, ұзын өсі солтүстікке қарай бағытталған.

Учаскенің топырағы сазды, грунт суының деңгейі жер бетінен 0,8 м тереңдікте. Топырақтың сапасы (СЭБ мәліметі бойынша) келесідей: санитарлық саны-0,64 ішек таяқшаларының титрі-0,01, гумус азоты -0,1. Учаске аумағындағы ауаның санитарлық жағдайы; СО –ң концентрациясы – 32 мг/м3, күкірт ангидриді-0,079 мг/ м3 , азот тотықтары-0,21 мг/ м3, күйе - 0,64 мг/ м3. Учаскедегі шу деңгейі күндіз-72 дБ, түнде-48 дБ

Аурухананың сумен қамтамасыз етілуі, оны қалалық су тасымалдау жүйесіне қосуды қарастырады. Телефон, электр жүйелері жүргізілмеген. Канализация қарастырылған.

Аурухананың ұсынылған жобасы, онда аурухананың барлық бөлімшелері орналасатын 1 биік қабатты ғимарат салуды қарастырады (аурухананың жалпы жоспарын қара).

Құрылыс ауданы учаске аумағының 18 % -н құрайды. Аурухана ғимараты құрылыстық қызыл сызығынан 40 м қашықтықта, ұзын осі бойынша учаскенің ұзын осіне бойынша учаскенің ұзын осіне параллелді орналасады. 1 қабатында қабылдау бөлімі, іріңді және таза хирургия бөлімдері орналасады, жоғарғы қабаттарында-реанимация, үлкендер мен балалар ға арналған саладағы терапия бөлімдері орналасады. Емхана, ас блогы және әкімшілік – шаруашылық бөлімі 1 қабатында және бірлі-жарым цокольдық қабатында, патологиялық-анатомиялық бөлімі ғимараттың жеке қанатындағы цоколдық қабатында орналасады.

Емханаға кіретін есікке қарсы жерден аурухана учаскесіне көлік кіретін 1 негізгі жол және патологиялық-анатомиялық бөлімнен шығатын есік орналасқан ғимараттың қанатына қарай кіретін, учаскенің бүйір жағынан 1 қосымша жол жобаланған. Шаруашылық зонасына және патанатомиялық бөлімге көлік кіретін жол біреу. Көгалдыру зонасы учаскенің 37 % - н құрайды және ол келесі түрде жоспарланған:

a. учаскенің 3 жақ шетінде ені 5 метр жеке ағаштар өсін тұрған қорғаныс зонасы түрінде, ал ғимараттың иаңдай беті жағында биіктігі 0,8 – 1,2 метр бұталар түрінде;

b. газондар, гүлдер өсіретін жерлер, сәндік бұталар, ағаштар тобы кіретін бау-саябақ түрінде жоспарланған.

Ағаштарды аурухананың жеке үйлерінің терезесінен 5 м қашықтықта егу ұйғарынған.

№ 2 Есеп

Н. қаласында 800 төсектік аурухана кешені салынған. Оның құрамына кіретіндері: емхана, терапия,хирургия, кардиология,физиотерапия бөлімдері орналасқан 6 қабатты бас емдеу корпусы; 3 қабатты балалар бөлімінің ғимараты, 2 қабатты перзентхана ғимараты, шаруашылық корпусының, патологиялық-анатомиялық корпусының және ас блогінің 1 қабатта ғимараттары.

Емхана бас корпуспен өтпе арқылы қосылған. Аурухананың жер учаскенің ауданы 10 га. Аурухана учаскесі қаланың шетінде орналасқан (аурухананың жағдайлық жоспарын қараңыз). Солтүстік- батыс жағында ол қала аралық көлік көп жүретін магистралмен шектеседі (15 м). Учаскенің оңтүстік және шығыс жақтарында 80-100 м. қашықтықта тұрған үйлер орналасқан. Солтүстік жағында 200м қашықьықта темір жол вокзалы тұр.

Учаскенің батыс жағы көгөріске жалғасады. Оңтүстік шығыс жағында 50м қашықтықта пепси-кола өндіретін зауыт орналасқан. Участок биіктеу жерде орналасқан, оңтүстік бағытқа еңістеу, оның ұзын осі оңтүстік – шығысқа бағытталған. Учаскенің пішіні тік бұрышты ені мен ұзындығының ара қатынасы 2:3 қатынасын тең. Топрағы саздылау, құрғақ. Грунт суының деңгейі жер бетіне 2 метрден жақын емес. Учаскедегі топырақтық сапасы СЭБ-ң мәліметі бойынша келісідей. 1 кг. Топырақта гельминт жұмытрқаларының саны 7, санитарлық саны-0,88 коли-титрі-0,5,қорғанысының мөлшері-50 мг/кг.

Учаскедегі шу деңгейі күндіз 74 дБ, түнде 44 дБ Учаскедегі ауаның санитарлық жағдайы: СО концентрация-26 мг/ м3; азот оксидтері – 0,28 мг/ м3; күкірт ангидридтері-0,32 мг/ м3; күйе-12 мг/ м3, қорғасын -0,001 мг/ м3.

Аурухананың сумен қамтамасыз етілуі-қаланың су тасымалдау жүйесіне қосу қарастырылған. Бас емдеу корпусы учаскенің оңтүстік-шығыс жағында учаскенің ұзын осіне паралеллді, құрылыстың қызыл сызығынан 20 м қашықтықта орналасқан.Перзентхана учаскенің солтүстік-шығыс жағында бас емдеу корпусынан 30 м қашықтықта және құрылыстың қызыл сызығынан 30 м қашықтықта орналасқан. Оған паралел 20м қашықтықта учаскенің терең бөлігінде балалар бөлімінің ғимараты орналасқан.

Жұқпалы аурулар бөлімі учаскенің терең солтүстік-батыс жағында құрылыстың қызыл сызығынан 20м қашықтықта,және басқа емдеу корпустарынан 30-50м қашықтықта орналасқан, басқа бөлімшелерден бұталар түрінде өсіп тұоған өсімдіктермен қоршалып бөлінген. Шаруашылық ауласы учаскенің оңтүстік-батыс жағында, құрылыстың қызыл сызығынан 5 м және жұқпалы аурулар бөлімінен 40 м қашықтықта орналасқан. Шаруашылық ауласы мен жұқпалы аурулар бөлімінің арасында, олардан 20м қашықтықта патологиялық-анатомиялық бөлім тұр. Құрылыс ауданы учаскенің 22% құрайды.

Учаскеде жұқпалы емес емдеу корпустарына көлік кіретін 1 негізгі жол және 3 қосымша жол (жұқпалы аурулар корпусына, шаруашылық алаңына,патанатомиялық корпусқа) бар. Көкалдандыру зонасы учаскенің жалпы ауданның 60 % құрайды.

Ол а. учаскенің шетінде жеке өсіп тұрған ағаштар түріндегі-көк қорғаныс зонасы;

б. газондар, гүл өсіп тұрған жерлер, сәндік бұталар және кіші-гірім ағаштар тобы кіретін 3 га жерді алып жатқан бау-сая бақ түрінде берілген.

№3 Есеп

300 төсектік ауылдық учаскелік ауруханалық алып жатқан ауданы 4 га. Поселканың шетінде орналасқан (жағдайлық жоспарды қара).Учаскенің солтүстік және батыс жағында аурухана учаскесінің шекарасынан 5 м қашықтықта колхозшылардың усадбасы жалғасып жатыр, оңтүстігінде бау бар, шығысында 100м қашықтықта сүт фермасы орналасқан. Учаске тегіс жерде орналасқан,ұзын осі бойынша шығыс-батысқа бағытталған «Жел раушаны» бойынша жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттан басым тұрады. Аурухана учаскенің пішіні төрт бұрышты ені мен ұзындығының ара қатынасы 1:2 қатынасына тең. Топырағы құмдылау-саздылау. Учаскедегі топырақтың сапасы: санитарлық саны-0,78; коли-титрі-0,04; 1 кг топырақта гельминт жұмыртқаларының саны-14. Ауаның сапасы;СО-2 мг/ м3, күкірт ангидриді-0,12 мг/ м3, азот тотықтары-0,095 мг/ м3, аммиак-5 мг/ м3.

Учаскеде (бас жоспарды қара) емхана, екі қабаттан бас емдеу корпусы, 1 қабатта балалар бөлімінің корпусы,2 қабатты ғимаратта, акушерлік-гинекологиялық бөлім, жұқпалы аурулар бөлімі орналасқан. Аурухананның бас емдеу корпусы учаскенің оңтүстік шекарасынан 40м қашықтықта ұзын осі бойынша шығыстан батысқа қарай орналасқан, емхана учаскенің батыс жағында құлыстың қызыл сызығынан 5 м қашықтықта тұр. Балалар бөлімі мен акушерлік- гинекологиялық бөлім де учаскенің батыс жағында, оның шекарасынан 25м қашықтықта және олар бір-бірінен, емханадан 25м қашықтықта орналасқан. Емхана мен бас корпустың арасы 20м, бас корпуспен басқа емдеу корпустарының арасы 40-50м. Жұқпалы аурулар корпусы ұзын осі бойынша учаскенің солтүстік шекарасына параллельді құрылыстың қызыл сызығынан 15 м қашықтықта орналасқан, басқа корпустардан жаяу жүретін жолдармен бөлінген.Басқа емдеу корпустарынан ара қашықтығы 50 м –н кем емес. Шаруашылық ауласы мен патологиялық-анатомиялық бөлім бір-біріне параллельді орналасқан, құрылыстарының қысқы осі бойынша учаскенің шығыс шекарасына жанасып жатыр. Олардың арақашықтығы 10м. Патологиялық-анатомиялық корпустан бас корпусқа және жұқпалы аурулар корпусына дейін-30м, басқа корпустарға дейін 50-м-н кем емес. Шаруашылық ауласынан жұқпалы аурулар корпусына дейін-40м, бас корпусқа дейін-20м.

Учаскеге көлік кіретін 3 жол қарастырылған:

Біреуі-емханаға және емдеу корпустарына,екіншісі- жұқпалы аурулар бөліміне, үшіншісі- патологиялық-анатомиялық корпусқа және шаруашылық зонасына.

Құрылыс пайызы 18%, көгалдандыру зонасы 48%. Көкжелек зонасы учаскенің барлық жақ шетінде жеке өсіп тұрған ағаштар түрінде 2 м көк желек қорғаныс зонасынан,сондай-ақ,ауданы 0,6 га аурухана бауынан тұрады.

№ 4 Есеп

600 төсекке есептелген орталық қалалық балалар ауруханасы 5-ға жерлі алып жатыр.

Аурухана квартал ішінде орналасқан (аурухананың жағдайлық жоспарын қара) Учаскенің шекарасынан 25 м қашықтықта солтүстік, батыс және оңтүстік жағында 8-9 қабатты тұрғанүйлер тұр, ал шығысында 35м қашықтықта көлік көп жүретін жол бар.Учаске биікжердің батысқа бағытталған беткейінде тұр. Топырағы сазды, ылғал, групт суы жердің бетіне жақын жатыр. СЭБ-ң мәліметі бойынша аурухана аумағындағы ауада СО-12мг/м3, күкірт ангидрд-0,06мг/м3, азот топырақтары -0,09 мг/м3 мөлшерде анықталады. Жиі канализация суы жердің бетіне тесіп шығып жатады.

Топырақ сапасының санитарлық көрсеткіштері: коли титрі-0,006, гельминт жұмыртқаларының саны-84, топрақтың санитарлық саны-0,79

Аурухана учаскесінің пішіні төрт бұрышты (генпланды қара).

Жер аумағында сәулеттік пішіні күрделі 4 қабатты емдеу корпусының ғимараты орналасқан.Ғимараттың әрбір қанатында және блогінде өз алдына учаскеге шығатын есік бар. Негізгі көлік кіретін жолға жақын блокта емхана және әкімшілік бөлмелері орналасқан, басқа блоктарда емдеу бөлімдері (терапия, хирургиялық, неврология) орналасқан. Аумақтағы бұрылыс пайызы-18%

Емдеу корпусының ғимаратынан 28м қашықтықта ас блогі, 50м қашықтықта бір жағында патанатомиялық корпус, екінші жағында шаруашылық ауласы орналасқан. Учаскенің ортасында ЛФК және гемотерапия алаңы бар. Көгалдандыру зонасы учаскенің 54 % алып жатыр және олар келесі түрде берілген:

а. учаскенің шетінде ені 15м өсіп тұрған ағаштар және бұталар түріндегі қорғаныс зонасы түрінде;

б. ауданы 1,2 га аурухана бауы,және олар әрбір бөлімшенің маңайында белгілі бір блоктың тікелей жанында участоктар бар. Аурухана учаскенің емдеу корпустарына,

1 негізгі көлік кіретін жол және ас блогіна 1 көлік кіретін жол ескерілген.

Тақырып №8. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және дене дамуын гигиеналық бағалау. Балалар бақшасында және мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуына және күн тәртібіне гигиеналық баға беру – 3 сағат.

Сабақтың мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен физикалық дамуының негізгі көрсеткіштерімен және оларды бағалау әдістері және мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде күн тәртібінің және оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылу қағидаларымен, оған қойылатын гигиеналық талаптармен және тәрбиелеу және оқыту жағдайын дәрігерлік бақылаудың негізгі аспектілері жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

Міндеттері:

· Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуын зерттеу және бағалау әдістері жөніндегі білімді қалыптастыру;

· Балалар мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісін, күн тәртібін ұйымдастырудың гигиеналық қағидаларын және оған қойылатын талаптар жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

· Мектепке дейінгі және мектеп мекемелердегі тәрбиелеу және оқыту жағдайын медициналық бақылаудың негізгі аспектілері жөніндегі білімдерін қалыптастыру

· Антропометрлік зерттеулер жүргізу жөніндегі білімді қалыптастыру

· Дені сау балалар мен жасөспірімдер тобын анықтау жөніндегі білімді қалыптастыру

· Оқушының күн тәртібін бағалау жөніндегі білімдерін қалыптастыру

· Мектептегі сабақ кестесі жасалуының дұрыстығын бағалау жөніндегі білімдерін қалыптастыру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «Денсаулық» критерийлері көрсеткіші түсініктері

2. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы: зерттеу әдістері және бағалау

3. Денсаулық топтарына қарай балаларды бөлу

4. Балалардың күн тәртібінің гигиеналық негіздері

5. Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптармен танысу

Сабақ беру мен оқыту әдістері: ситуациялық есептерді шешу

Әдебиеттер:

Негізгі:

Гигиена /Под ред акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.: ГЭОТАР Медицина,2000.- С.433-450.

Анамбаева А.И., Алимова Н.Е. Гигиена детей и подростков. Учебно-методическое пособие – Алматы,2007. – С.4-25.

Гурова А.И.,Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене. –М.: Изд-во Университета Дружбы народов,1991.-С.116-128.

Пивоваров Ю.П., Гоева О.Э.,Величко А.А. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене - М.: Медицина, 1983.- С.186-193.

Қосымша:

Гигиена детей и подростков / Под ред. акад. АМН СССР Г.Н.Сердюковской, М., Медицина: 1989. –С. 36-68.

Кардашенко «Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков», М., 1983, стр.7-51.

Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков. - М.: Медицина,2001. – С.8-97, 157-177.

Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. - Ростов н/Д: «Феникс».2002.- С.411-420.

Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А. Общая гигиена. - М.:Медицина,1985. – С.331-344.

Бақылау

1. Бастапқы білім деңгейлерін ауызша сұрау арқылы бағалау

Сұрақтар:

1. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеті, санитарлық дәрігердің жұмысының тәртібі.

2. «Денсаулық» анықтамасы. Денсаулық жағдайын бағалайтын көрсеткіштер.

3. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық топтары.

4. Физикалық даму-денсаулықтың негізгі көрсеткіші ретінде. Балалар мен жасөспірімдердің дамуының негізгі заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы.

5. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуының көрсеткіштері, анықтау әдістері.

6. Физикалық дамуды зерттеу әдістері: жекелендірілген және жалпылама.

7. Физикалық дамуды зерттеудің кешенді әдісі. Биологиялық дамудың көрсеткіштері.

8. Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене тәрбиесінің топтары.

9. Шынығу, принциптері. Шынығу түрлері мен заттары.

10. Күн тәртібінің физиологиялық негіздері. Оның құрамдас бөліктері.

11. Мектептерде балаларды оқытуды ұйымдастырудың гигиеналық қағидалары. Оқу үрдісін құру негізі ретінде оқушылардың жұмысқа қабілеттілікі динамикасы.

12. Оқытуды гигиеналық нормалау. сабақтың ұзақтығы, құрылымы, оқу күнін, аптасын, жылын құру, үзілістерді ұйымдастыру, оқу кестесін құрастыруда және бағалауда пәндердің қиындық шкаласын пайдалану.

13. Техникалық оқу құралдарымен, компьютерді қолданып оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

14. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі денсаулық жағдайын әсер ететін негізгі факторлар.

15. Компьютерлік сыныптарда жұмыс бөлмелерінің, жұмыс орындарындағы жарықтануға, жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар.

· Студенттің өзіндік жұмысын орындау нәтижесіне қарай білім деңгейін бақылау


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: