Есеп 7

Ауданы 30 м кв биіктігі 3,2 метр 4төсектік палатада СО2 концентрациясы 1,8 промиль

1. ауа алмасу қысқалығын есептеңіз.

2. келуі және кетуі бойынша ауаның көлемін есептеңіз

3. ауада СО2 концентрациясы гигиеналық нормативтерден аспаған жағдайдағы (1 промиль тең 1,0 л/м куб) ауа алмасу қысқалығының қажетті мөлшерін есептеңіз

Есеп 8.

1 операциялық столға 112 м куб кубатуралы операциялық бөлмеде 4 адамнан тұратын хирургиялық бригада жұмыс істейді. Ауданы 0,4 м кв болатын 2 фрамуга арқылы 20 минут көлемінде желдету іске асырылады. Ауаның қозғалу жылдамдығы 1,2м/сек. Ауаның шығуы тесік арқылы ауданы 0,25 мкв, 0,4 м/сек жылдамдықта жүреді.

1. Түсетін ауаның көлемін есептеңіз.

2.Ауа алмасу қысқалығын есептеңіз.

3. Гигиеналық нормалармен салыстырыңыз және көрсетіңіз: операциялық бөлмеде желдету жеткілікті ұйымдастырылған ба?

Есеп 9

Ауданы 22 мкв, биіктігі 3 м бокста 2 науқас жатады. СО2 концентрациясы ауада 1,5 промильді құрайды, яғни 1,5 л/ мкуб. Анықтаңыз:

1. Бөлмеге түсетін ауа көлемін

2. ауа алмасу қысқалығын

3. гигиеналық нормамен салыстырыңыз

4. Реанимациялық залған түсетін ауаның қажетті санын есептеңіз

5. Желдетудің жұмысы жеткілікті болған жағдайдағы реанимациялық залдағы СО2 концентрациясын есептеңіз

Есеп 10

Кубатурасы 110 мкуб реанимациялық залда 2 науқас жатыр және 6 медицина қызметкері жұмыс істейді. СО концентрациясы 1,2 промиль, яғни 1,2 л/м куб. Анықтаңыз:

1. Бөлмеге түсетін ауа көлемін

2. ауа алмасу қысқалығын

3. гигиеналық нормамен салыстырыңыз

4. Реанимациялық залған түсетін ауаның қажетті санын есептеңіз

5. Желдетудің жұмысы жеткілікті болған жағдайдағы реанимациялық залдағы СО2 концентрациясын есептеңіз

Есеп 11

Ауданы 24 мкв және биіктігі 3 м радиологиялық бөлімшенің ем қабылдау бөлмесінде (радиоактивті изотоптарды енгізуге арналған) 2 мед қызметкер жұмыс жасайды. Сағатына 10 адамға қызмет көрсетеді. СО концентрациясы 1,4 промильді құрайды. Есептеңіз:

1. Түсетін ауаның санын;

2. ауа алмасу қысқалығын;

3. гигиеналық нормамен салыстырыңыз;

4. желдетудің жұмысы жеткілікті болған жағдайдағы қажетті ауа мөлшерін есептеңіз


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: