ACTIVpen

Программаны орнату

Компьютерге ACTIVboard құрылғысы қосылмай тұрғанда программаны орнату қажет.

Қызмет принциптері

ACTIVboard компьютердің кескінін проекциялық экран ЖКД-проектордан көрсетеді және де тышқан немесе трекбол адамға үйреншікті қаламмен ауыстырылады.


Техника қауіпсіздігінің ережелері

Төменде келтірілген қауіпсіздік ережелері кез келген затпен жұмыс жасағанда сақтану шаралары келтірілген.

Жұмыс алдында міндетті түрде барлық қауіпсіздікті сақтау ережелерімен толық танысу қажет. Егер де балалар жұмыс жасайтын болса, мұндай жағдайда мұғалімдердің бақылауында болуы қажет.

Кедергісіз жұмыс жасау үшін тақтаның екі жағынан 1 м орын қалдыру қажет. Жүйені өзгертуге тырыспаңыз, өйткені ол жүйені бұзуы мүмкін. Егер де бұл техника жұмыс жасамай қалса, онда өз бетіңізше жөндеуге тырысудың қажеті жоқ, бұл кепілдікті жоюға соқтырады.

ЖКД - проектор бағыты бойынша сәуле тақтаға шағылысады. Сондықтан оған тура қарауға болмайды.

ACTIVboard–пен жұмыс жасаған кезде проекторға мүмкіндігінше қарама. Сыныпқа қарап тұрып, проектордың сәулесінен аулақ тұрып, жұмыс жасағаның дұрыс.

Ауаны тазартқанда құрылғыларды өшіріп, олардың белгілі бір температураға дейін суығанын күту қажет.

ACTIVboard тақтасын тазалау және күту

ACTIVboard-тың бетін тазалауда порошокты, сабынды, көміртегі араласқан тазалағыш заттарды қолдануға болмайды.

Пайда болатын кедергілер сияны кетіруге қиындық келтіреді. Темір щеткаларын, скребкаларды қолдануға тыйым салынады.

ACTIVboard беті ең сапалы стандартпен жасалған. Дұрыс жұмыс жасағанда ғана сапалы нәтиже береді. Беті жоғары сапалы стандартпен жасалғандықтан, құрғақ матамен сүртілетін маркерді жиі қолдануға болмайды.

Егерде маркермен жұмыс жасаған болсаң, онда төмендегі тазалау әдістерін орындау қажет:

· Қарапайым маркерді тазалау үшін, құрғақ матаны Sandford Expo Towelettes 81850 салфеткасын қолдану қажет.

· Перманент маркерін тазалау үшін, шашыратқыш Sandford 81803 құралын пайдалану керек. Оны офис заттарын сататын компаниялардан алуға болады.

ACTIVpen

ACTIVpen қаламы компьютерді, қолданбалы және операциялық программаларды басқарудан басқа, сыныпта презентация өткізуге немесе үлкен жиындар өткізгенде экранда жұмыс жасағанда, элементтерді немесе суреттерді таңдаған кезде ACTIVboard тақтасында қолданылады.

Тақтада жұмыс жасау барысында ACTIVpen қаламы «өздігінен бапталады». Тақта жаңа қаламға бапталуы үшін оны тақтаға жайлап жақындату қажет. Қаламның ұшы тышқанның СОЛ жақ батырмасының қызметін атқарады. Ал жанындағы батырма тышқанның ОҢ жақ батырмасының қызметін атқарады.

Қаламның ұшын алып, қайтадан орнына салуға болады. Егер де оның орнын ауыстыру қажет болса, онда Promethean клиенттеріне қолдау көрсететін мекемеге хабарласу керек.

ACTIVpen қаламының ұшын ауыстыру

1. Қолмен немесе пинцетпен ұшын алу қажет.

2. Жаңа ұшты орнына салып, сенімді болу үшін оны басу қажет.

Ескерту. ACTIVpen қаламының ішінде ауыстыруға қажетті құралдар жоқ. Сондықтан оны ашуға тырыспа.

ACTIVboard-қа калибровка жасау

ACTIVboard калибровка процедурасы кез келген уақытта тез және оңай орындалады. Егер де ACTIVboard тақтасы және проекциялық құрылғы стационарлы болса, онда калибровканы басқа компьютерді қосқанда ғана жасауға болады. Егер проекторды немесе үстелді басқа орынға ауыстырғанда (немесе қабырғаны, ACTIVboard тақтасы орнықтырылған) немесе сеанстың соңында калибровканы жұмыс жасау барысында қайтадан қалыпқа келтіруге тура келеді.

Калибровка жасау үшін, сол жақ төменгі бұрыштағы таңбаны басып, төменгі әрекеттерді орындау қажет.

· Windows жүйесі орнатылған компьютер үшін калибровка программасы мына түрде орнатылады. Компьютерде орнатылған Windows жүйесінен калибровка программасын, тапсырмалар тақтасының жүйесіндегі таңба драйверінде тышқанның оң жақ батырмасын шерт.

· Макинтоша компьютері үшін System Preferences экранында ACTIVboard таңбасын екі рет шертіп, калибровка программасын іске қосып, ACTIVboard-тан Calibrate командасына көшу қажет.

Калибровка программада қаламды активті облыста басқаннан кейін экранда калибровка таңбасы пайда болады. Асықпай бұл таңбаның ортасына қаламмен шерткеннен кейін келесі таңба пайда болады. Бес калибровка таңбасын шерткеннен кейін, программа автоматты түрде жабылады. Осымен ACTIVboard

жүйесіндегі калибровка аяқталады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: