Хаттама

Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім кабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сөйлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздердің тақырыбы және қабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді. Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

Хаттаманын деректемелері: мекеменің атауы; құжаттын атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы); мәтін.

Мәтіннің кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сөйлеген сөздер және қабылданған қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады.

Сөздік

хаттама - протокол

мәжіліс, отырыс - заседание

жиналыс - собрание

төраға - председатель

хатшы - секретаръ

тізім - список

күн тәртібі - повестка дня

баяндама - доклад

қысқаша жазба - краткая запись

есеп -отчет

құжат - документ

міндет - задача

мәселе - проблема, вопрос, задача

ұсыныс - предложение

бірауыздан - единогласно

қатысу - участвовать, присутствовать

сөйлеу - выступать

тыңдау - слушать

қаулы кабылдау - постановить

қабылданған қаулы - постановление

макұлдау - одобрить

бекіту - утвердить

қоса беру - прилагать

қоса беріліп отыр - прилагается

ұсыну - предлогать

енгізу - внести

мекеме - учреждение

қорытындылау - подытожить, заключить

I. Грамматикалық минимум:

Ақпаратты ұлғайту. Ырықсыз етіс. Ауыспалы осы шақ. Көптік жалғау. Синонимдік қатарлар. Зат есімнің тәуелденуі. Жалқы есім. Реттік сан есім. Номенклатуралық атаулар.

II. Коммуникативтік минимум:

керек, нақты дерек, айтылған ескертпелер.

III. Фонетикалық минимум:

Үндестік заңы (сингармонизм). Ілгерінді және кейінді ықпал.

IV. Етістік минимумы:

көңіл аудару, белгілеу, нақтылау, қамтамасыз ету, мән беру, міндеттеу, іске асыру, ескеру.

Хаттама жазу, мәжіліс өткен орын, күн тәртібі, тіркеу нөмірі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: