Автомашинаны сату-сатып алу туралы келісімшарт

Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 91-үй, 46-пәтер,

бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жылғы жиырма бірінші қыркүйек

(келісімшарт жасалған мекенжай және дата сөзбен жазылады)

Біз, төменде қол қоюшылар, жеке басының куәлік № 548796123 Қазақстан Республикасының ІІМ берген, Алматы қаласы "Жетісу" шағын ауданы, 28-үйде тұратын азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы, жеке басының куәлік № 478926321, Қазақстан Республикасы IIМ берген, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 83-үйде тұратын азамат Қайырбаев Серік, төмендегі туралы осы келісімшартты жасадық:

1. Мен, азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы, "Жигули" маркалы

жеңіл автомашинаны сатамын, кузовның типі_____, шығарылған типі

______, шасси нөмірі ______, двигатель нөмірі ______, мемлекеттік

нөмірі------.

Мен, азамат Қайырбаев Серік, көрсетілген автомашинаны сатып аламын.

2. Көрсетілген автомашина Мемлекеттік автоинспекция 1995 жылғы 7 қаңтарда берген нөмірі 46327 техникалық паспортгың негізінде маған, Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына тиесілі.

3. Автомашина___________________теңгеге сатылады,

(бағасы толық жазылады)

көрсетілген соманы келісімшартқа қол қою кезінде азамат Қайырбаев Серік төлейді.

4. Осы келісімшарт жасалғанға дейін автомашина басқа адамға сатылған жоқ, тұтқынға алынған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ.

5. Осы келісімшартты куәландырудың шығынын азамат _______________төлейді.

6. Осы келісімшарт 3 дана етіп жасалған, 1 дана Нотариалдық кеңсенің ісінде сақталады, екі дананың әрқайсысы азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына және азамат Қайырбаев Серікке берілді.

Тараптардың қолы.

1998 жылы 21 қыркүйекте осы келісімшартты мен, Алматы қаласының нотариусы Асқарова Бақыт куәландырдым.

(нотариалдық кеңсенің атауы, нөмірі, лицензияның нөмірі көрсетіледі)

Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды, Тараптардың жеке басы анықталды, олардың құқықтық іс-әрекетке қабілетілігі және автомашинаның Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына тиесілі екендігі тексерілді.

Сату-сатып алу жөніндегі келісімшарттың мәтіні дауыстап оқылды.

Нөмірі 6 тізбегі тіркелген.

Тариф бойынша________________теңге салық алынды.

Нотариус (қолы)

ШАРТ

Ғылым мен өндірістің арасындағы байланысты тығыз, әрі жан-жақты дамыта беру мақсатында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті мен _______________

(мекеменің аты) төмендегі мәселелер жөнінде келісті:

I. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық универсиеті өзіне мынадай міндеттемелер алады:

1. Оқу жоспарына сәйкес_________________________

(мекеменің аты) Тау-кен факультеті студенттерін өндірістік практикаға жібереді.

2. Тау-кен факультеті практиканы жүргізу барысында жан-жақты ғылыми әдістемелік көмекті жүзеге асырады.

3. Тау-кен ғылымы саласындағы білікті, өндірістік тәжірибесі мол мамандар мен тәлімгерлердің студенттердің курс жұмыстарына жетекші, диплом жұмыстарына қосалқы жетекші болуына жағдай жасайды.

4. Тау-кен ғылымы саласындағы білікті, өндірістік тәжірибесі мол мамандар мен тәлімгерлердің университеттің Тау-кен факультетінде 0,5 және 0,25 жүктемелері мен қосымша жұмыс атқаруына мүмкіндік береді.

II. _________________ өзіне мынадай міндеттемелер алады:

(мекеменің аты)

1. Өндірістік практиканың - маманданудың сапалы өтуіне жағдай жасайды.

2. Практикаға жіберілген студенттерді білікті мамандар мен тәлімгерлерге бекітіп береді.

3. Практикадан өтіп жүрген маманданушы студенттердің таңдаулы жұмыстарын басылымдарда жариялауға ықпал етеді.

___________________ басшысы мен жетекші маман тәлімгерлеріне студенттердің мамандануына ықпал жасағаны үшін университет тарапынан -------- сағаттық көлемде өтемақы төленеді.

Маманданушы студенттердің өндірістік практика кезінде жасалған жұмыстары екі дана етіліп жасалады. Оның жұмысына маман-тәлімгердің қолы қойылған мінездеме-баға беріледі, бұл қүжаттардың бір данасы университетке жіберіледі, екінші данасы мекемеде __________ сақталады.

Осы Шарт 5 жыл мерзімге жасалады, егер Тараптардың бірі Шартты тоқтату туралы мәлімдемесе, оның күші тағы да 5 жылға өздігінен ұзартылады.

Шарт 200 ________ қыркүйек айынан бастап күшіне енеді.

Қаныш Сәтбаев атындағы

Қазақ Ұлттық техникалық

университетінің ректоры Қолы Аты-жөні

Практиканы өтуге рұқсат берген

мекеме басшысы Қолы Аты-жөні

(мекеменің аты)

Үлгі бойынша жұмыс істеңіз. Үлгіні толтырыңыз.

Кәсіпорынның атауы Телефон ______________ Факс

ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

(Еңбек шарты. Контракт)

Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының енбек жолы осы құжаттан басталады.

Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте "жұмыс беруші" және "жұмысшы" деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.

Аталған мідеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген құжат еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.

Еңбек келісімі жүмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады.

Еңбек келісімі мыналардан тұрады:

1) құжат атауы;

2) келісімнің жасалған орны мен күні;

3) екі жақтың толық және шартты атауы;

4) жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті біліктілікі (квалификация) дәрежесі;

5) келісім типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс);

6) келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде ұзақ уақытқа ма);

7) келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін);

8) сынақ мерзімі;

9) жұмысшының міндеттері;

10) еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс беруші міндеттері;

11)жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат;

12) еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;

13) ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет;

14) демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет;

15) келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;

16) келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бұзылуы немесе қайта қаралуы мүмкін);

17) келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі;

18) екі жақтың мекенжай мен реквизиттері;

19) екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура);

20) шартқа қол қойылған күн;

21) келісім қосымшасы (егер бар болса).

Еңбек келісімін безендірудің қызметтік құжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматты қағазда таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады.

Енді еңбек келісімінің жазылуына нақтылай тоқталайық.

1. Құжат атауы

Құжаттың толық атауы мен нөмірі парақтың жоғарғы шетінен 3-5 интервал қалдырылып, орта тұсына үлкен өріптермен жазылады. Мысалы,

№ 4 ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

2. Келісімнің жасалған орны мен күні

Елді мекеннің аты мен типі, келісім жасалған күн, ай және жыл көрсетіледі. Құжат атынан бір интервал төмен елді мекен аты сол жаққа, дата - оң жаққа жазылады. Мысалы,

Алматы қаласы 23 қазан 2000 жыл

3. Екі жақтың толық және шартты атаулары

Келісім жасаушы екі жақтың әрқайсысының ресми атауы және келісімде алынған шартты атауы жазылады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев атындаеы Қазақ Ұлттық техникалық университеті атынан Университет ректоры профессор Е.Н.Нүсіпов, бұдан былай қарай Келісімде "жұмыс беруші" деп аталады, екінші жақтан техника еылымдарының кандидаты А.Бердібеков, бұдан былай қарай Келісімде "жұмысшы " деп аталады.

4. Жұмыстың сипаты мен мазмұны, біліктілік (квалификация) дәрежесі. (Базалық шарттар)

Мұнда жұмыстың сипаты мен мазмұны оны атқаруға қажетті біліктілікі (квалификация) дәрежесі атап көрсетіледі. Жұмысшының мекеменің қай бөлімінде, кім болып істейтіндігі анық жазылады. Мысалы,

Жұмысшы Бердібеков Азамат Оспанұлы Қазіргі теориялық мехника кафедрасына доцент болып қабылданады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: