Талапкер – 2015

Механика-математика факультеті

“5В060100-Математика”

білім бағдарламасы

Математика- бұл білімдінің қолындағы әмбебап құрал Әрбір ғылымда қанша математика болса-шындық сонша

ТАЛАПКЕР – 2015

Әлем мойындаған ақиқат: Математика-ғылымдардың патшасы

Ендеше біз Сіздерді – егеменді еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін аса қажетті “Математика”білім бағдарламасы бойынша әлемдік деңгейдегі сапалы білім алғысы келетін талапкерлерді – күтеміз!!!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің механика-математика факультетін бітірген Математик – ол теоретик-математик қана емес, ол-қолданбалы математика маманы, ол-жоғары білікті ұстаз, ол-программист, ол-механик, ол-экономист, ол-қаржыгер, ол-актуарий, қысқаша айтқанда-ол біздің университетте алған іргелі математикалық білімінің арқасында өмірдің қай саласында болсын өз орнын таба білетін, математикадан басқа да мамандықтарға тез бейімделе алатын, ғылымның қай саласы болсын тез игеріп кете алатын мамандық иесі.

Математик – ол логикалық түрде жүйелі ойлайтын, дәл ғылымдар ғана емес, басқа ғылымдар аясында да болуы мүмкін болашақ оқиғалар мен құбылыстарды мейлінше дәл болжай білетін маман.

“5В060100-Математика” білім беру бағдарламасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің “Математика” бөлімі – бұл теориялық және қолданбалы математика, математика және информатика, математика және экономика, математика және қаржылық математика, актуарлық математика, математикалық модельдеу, есептеу математикасы т.б. көптеген салалар бойынша қазіргі заман талаптарына сай жоғарғы білікті мамандар даярлайтын орталық.

“Математика” мамандығы Ciscol Local Met working Academy мәртебесіне ие.

“Математика” мамандығы 2009 жылы халықаралық аккредитациядан да өте сәтті өтті, яғни “5В060100-Математика” білім беру бағдарламасын бітірушілердің дипломы – Болон хартиясына қол қойған барлық алыс-жақын шетелдерде (Германия, Англия, т.б.) мойындалатын диплом.

“5В060100-Математика” мамандығын бітірушілер нарықтық экономиканың әртүрлі салаларындағы жұмыстарға еш қиындықсыз табысты түрде кірісіп кете алады, компьютерді әбден меңгеріп шығады, алуан түрлі математикалық және компьютерлік модельдеудің есептерін ғылыми түрде қоя да, шеше де біледі. Көп жылғы тәжірибе көрсеткеніндей, көптеген жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу және академиялық институттар, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар, қаржы-экономикалық мекемелер қажетті жоғары білікті мамандарды іздестіргенде ең алдымен ҚазҰУ-дің механика-математика факультетінің түлектерін, оның ішінде математиктерді ойға ұстайды.

Оқу үдерісі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де “Математика” мамандығы бойынша жоғары білікті мамандарды дайындау Қазақстан Республикасында қабылданған “Білім туралы заңға” сәйкес төмендегідей үш сатылы оқу жүйесі бойынша жүргізіледі:

  • 5В060100-Математика (бакалавриат), оқу мерзімі-4 жыл;
  • 6М060100-Математика (магистратура), оқу мерзімі-2 жыл;
  • 6D060100-Математика (PhD докторант), оқу мерзімі-3 жыл.

“5В060100-Математика” білім бағдарламасына сәйкес мамандар дайындау механика-математика факультетінің математикалық бағыттағы екі кафедрасында төменде келтірілген мамандандырулар бойынша жүзеге асырылады.

Іргелі математика кафедрасы жүргізетін мамандандырулар:

  • Математикалық анализ;
  • Функциялар теориясы;
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика;
  • Актуарлық математика;
  • Іскерлі басқару магистрі (Master of business administration);
  • Математикалық логика, алгебра және сандар теориясы;
  • Геометрия және топология;
  • Қолданбалы логика және ақпараттық жүйелер.

Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасы арқылы жүргізілетін мамандандырулар:

  • Дифференциалдық теңдеулер;
  • Математикалық физика теңдеулері;
  • Математикалық физиканың кері есептері;
  • Тиімділеу және тиімді басқару;
  • Операцияларды зерттеу және жүйелік талдау.

Оқу кредиттік жүйе бойынша қазақ, орыс және ағылшын (топ ашылған жағдайда) тілдерінде жүргізіледі.

Мамандық бойынша оқытылуға тиісті пәндердің жартысынан астамы оқушы (студент, магистрант, докторант) өз қалауы бойынша таңдап алатын пәндер тізбелерінен тұрады. Бұл оқушыға “Математика” білім бағдарламасы аясында өз оқу траекториясын, яғни болашақта “Математика” мамандығының ішіндегі өзі таңдаған мамандандыру бағыттары бойынша қажетті пәндерді таңдау арқылы болашақ кәсіби қызметіне қажетті сапалы білім алуға толық мүмкіндік береді.

Университетті бітірген соң “5В060100-Математика” мамандығын бітірушіге мамандандырылуы көрсетіле отырып “5В060100-Математика” мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры біліктілігі беріледі. Ары қарай олар өз білімдерін 6М060100-Математика (Магистратура) немесе оған жақын басқа ғылыми мамандықтар бойынша жаратылыстану магистрі дәрежесін алу, сосын 6D060100-Математика (PhD докторант) мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін алу бағыттарында жалғастыра алады.

Халықаралық қатынастар

Факультет шет елдердің (АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Испания, Франция, Түркия, Ресей, Белоруссия, т.с.с.) көптеген жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен тығыз байланыс орнатқан. Олардың бірқатарымен (М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Рессей), Heriot Watt university (Ұлыбритания) т.с.с.) өзара оқушылармен алмасуға, екі университеттің де дипломдарын беруге келісім шарт жасалынған.

Оқытушы-профессорлар құрамы

“5В060100-Математика” білім бағдарламасы бойынша жоғары білікті мамандар дайындауға механика-математика факультетінің оқытушы-профессорлары түгелдей дерлік атсалысады. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 4 академигі, Ғылым мен техника саласы бойынша ҚР мемлекеттік сыйлығының 3 иегері, 40 шақты ғылым докторлары мен профессорлар, 100-ден астам ғылым кандидаттары мен доценттер, ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы грантының 21 жеңімпазы және басқа да бірқатар ғылыми т.б. жобалардың жеңімпаздары, Мемлекеттік стипендиялардың иегерлері жұмыс істейді.

Мамандық бойынша оқытушылық жұмысқа шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының профессорларымен бірге Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу және академиялық институттардың көптеген көрнекті оқымыстылары тартылып отырады.

Ғылыми өмір

Студенттердіңөз мамандығының әртүрлі бағыттары бойынша ғылыми жұмысқа белсене араласуға мол мүмкіндігі бар. Олар ғылыми жобаларды орындау үшін ҚазҰУ жанындағы “Математика және механика” ғылыми зерттеу институтына қосымша жұмысқа тартылады; кафедралар жанындағы ғылыми семинарларға қатыса алады; компьютерлерді, “Интернет” ақпараттық жүйесін тегін пайдалана алады.

Суденттік өмір

Факультеттегі студенттер өмірі өте қызықты және мазмұнды өтеді: студенттік ғылыми және көркемөнерпаздар үйірмелері, Көңілді тапқыштар клубы, Ыстықкөл жағасындағы жазғы демалыс лагері соларға қызмет етеді. Спорт жарыстары мен әртүрлі конкурстар, «Мехмат аруы», «Жігіт сұлтаны» байқаулары тұрақты ұйымдастырылып тұрады.

ҚазҰУ-де 1600 орынмен тамаша жабдықталған академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы бар, онда әрбір студент көрнекті өнер және мәдениет шеберлерінің шығармашылық кештерін тамашалап, бос уақыттарында өздеріне қызықты үйірмелерге қатыса алады. Университеттің Спорт кешенінде оқушы жастар сүйікті спорт түрлерімен (үлкен теннис, шейпинг, бокс, волейбол, күрес, шығыс жекетірестері және т.б.) айналыса алады.

Біздегі оқытудың негізгі қағидасы – оқу мен ғылымды ұштастыра отырып сапалы да іргелі білім беру. Сондықтан да көпшілігіңіз үшін студенттік кездегі ұстаздарыңыздың жетекшілігімен қол жеткізетін ғылым саласындағы алғашқы жетістіктеріңіз “ғылым” атты тамаша әлемге басқан тұңғыш қадамыңыз болмақ!

Біздің-мекен жайымыз:

Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71,

050040, Қазақстан Республикасы

Тел: +7(727)3-85-02-73, +7(727)3-93-51-91,

+7(727) 2-27-79-54

Web: www.kaznu.kz


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: