Бап. Адамды клондау

1. Адамды клондау немесе адам эмбрионын коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану, сол сияқты жыныстық жасушаларды немесе адам эмбрионын дәл осы мақсаттарда Қазақстан Республикасынан әкету –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бiрнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: