Тарау. Негізгі ережелер 4 страница

5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен
қадағалау

18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен
қадағалау ұғымы және түрлері

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау заңнама талаптарының сақталуы мен орындалуын тексеруге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және жоюға бағытталған шаралар кешені болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау:
1) медициналық қызметтер көрсету;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы;
3) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техника айналымы саласында жүзеге асырылады.
3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен
қадағалау:
1)тексерулер:
2) бұзушылықтарды жоюға және денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттік органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған іс-шаралар жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
4. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен
қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексерулердің мынадай
түрлерін жүргізуге құқылы:
1) жоспарлы тексеру - уақыт аралығы ескеріле отырып, жоспарға
сәйкес жүргізілетін тексеру:
2) жоспардан тыс тексеру - жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан жағдайға байланысты, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы жолданымдар мен өзге де ақпаратта баяндалған фактілер бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу белгілерінің тікелей анықталуына орай, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою талаптарының орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру:
3) қарсы тексеру - тексерілетін адамдармен шарттық міндеттемесі не өзге де құқықтық өзара қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға (филиалына немесе өкілдігіне) қатысты ұсынылған ақпараттың дәйектілігін анықтау не қосымша ақпарат алу мақсатында жоспардан тыс тәртіппен жүргізілетін тексеру;
4) рейдтік тексеру - бірнеше жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін бір мезгілде қамтитын тексеру;
5) бірлескен тексеру - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша бірнеше бақылаушы органның жеке және заңды тұлғалардың қызметін тексеруі.
5. Тексерулер тиісті мемлекеттік органның шешімімен жүргізіледі. Тексеру жүргізу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Тексеруді тағайындау туралы акт құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеледі.
6. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсаты үшін лауазымды адамдар:
1) тексеру жүзеге асырылатын объектілерге қызметтік куәлігін көрсетіп кедергісіз баруға;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы
заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқамалар беруге;
3) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, жеке және заңды тұлғалардан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауға қатысы бар мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
4) денсаулық сақтау саласында бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға құқылы.
7. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
2) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасуға;
3) мемлекеттік органдарды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері туралы хабардар етуге;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;
5) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе
қызметінің жекелеген түрлерін әкімшілік құқық бұзушылық туралы
заңнамаға сәйкес тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдануға;
6) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарауға міндетті.
8. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешімдер жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті және оларға жоғары тұрған органға немесе сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
9. Тексеру жүргізу нәтижелері бойынша денсаулық сақтау субъектісінің қызметін тексеру актісі жасалады - ол, тиісті салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша жасайтын және беретін құжаты.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарға қарай тиісті салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексеру актісінен бөлек мынадай актілер:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
2) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы және әкімшілік құқық
бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес әкімшілік жаза қолдану және кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдану туралы қаулылар:
3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама шығарады.
10. Тиісті саладағы жоғары тұрған бас мемлекеттік инспектор жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әрекетке немесе актілерге арызы (шағымы) бойынша шешім шығарылғанға дейін төмен тұрған бас мемлекеттік инспектор актісінің орындалуын тоқтата тұруға, оның күшін жоюға не кері қайтарып алуға құқылы.
11. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қаулылары мен нұсқамаларын орындамауға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

19-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік
бақылау

1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау бұзушылықтарды жоюға және медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған.
2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы объектіні тексеруге:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру жөніндегі жұмыс жоспары;
2) Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі нұсқамалардың, қаулылардың орындалуын бақылау;
3) медициналық қызметтер көрсету объектісінің халықтың
денсаулығына қатер төндіруі мүмкін қызметімен байланысты жағдай;
4) азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің жолданымдары негіз болып табылады.
2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау:
1) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызметтердің сапасын, көлемін және қолжетімділігін;
2) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы, дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың жүргізілуін;
3) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізу мен қолдануды;
4) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуді, сондай-ақ диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін жарнамалауды;
5) медициналық қызмет саласындағы біліктілік талаптары мен лицензиялау ережелерінің сақталуын;
6) дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуын, сондай-ақ медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтиды.
3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыртып уәкілетті органның лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;
3) Қазақстан Республикасының тиісті облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;
4) Қазақстан Республикасының тиісті облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
4. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жоғары медициналық
білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, сондай-ақ осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
6. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар осы Кодекстің 18-бабының 6-тармағында көзделген құқықтардан бөлек:
1) денсаулық сақтау субъектілерін меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамай:
жоспарлы тәртіппен - жылына бір реттен жиі емес;
жоспардан тыс тәртіппен - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру мақсатында тексеруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен
аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын алты айға дейінгі мерзімге
тоқтата тұруға, аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алуға.
медициналық, дәрігерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның
және маман сертификатының қолданысын тоқтата тұруға және кері
қайтарып алуға бастамашы болуға құқылы.

20-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау

1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөніндегі қызметін, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен өмір сүру ортасын сақтау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылауды біріктіреді және ол тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілері ұжым, жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар, құрылыстар, өнімдер, жабдықтар, көлік құралдары, су, ауа, тағам өнімдері және қызметі, тұтынылуы, қолданылуы мен іске қосылуы адам денсаулығы жағдайына және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін өзге де объектілер болып табылады.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнім тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын тексеруді Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің лауазымды адамдары жүргізеді.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісін тексеруге:
1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру жөніндегі жұмыс жоспары;
2) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою және санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың жүргізу жөніндегі нұсқамалардың, қаулылардың орындалуын бақылау;
3) объектінің халықтың денсаулығына және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіруі және жұқпалы, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін қызметіне байланысты авариялық жағдайлар;
4) топтық және жаппай жұқпалы, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулардың, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулардың туындауы мен таралуы;
5) объектіні пайдалануға, қолайсыз санитариялық- эпидемиологиялық жағдайға және сапасы төмен өнімді анықтауға байланысты өтініштер негіздеме болуы мүмкін.
4. Індет туындаған жұқпалы аурулар мен тағамнан уланулар пайда болған жағдайда, сондай-ак халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін төтенше жағдайларда алдын ала хабарламай және тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркемей объектілерді кезектен тыс тексеру жүргізіледі.
5. Осы Кодекске сәйкес мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің лауазымды адамдары:
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және оның орынбасарлары:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы мен мамандары;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтардағы және көліктегі аумақтық бөлімшелерінің басшылары - тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, олардың орынбасарлары мен мамандар;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары мен мамандары болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және оның орынбасарлары, тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен келісім бойынша лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
8. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары лауазымына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары арнаулы медициналық білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
9. Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарды - тоқсанына бір рет, объектінің эпидемиологиялық маңыздылығына қарай - айына бір рет, сондай-ак кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылмайтын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін уәкілетті орган белгілеген бару жиілігіне сәйкес кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) тексеруге;
2) халықтың, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және сатуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тыйым салуға;
3) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген көздерді, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануға тыйым салуға немесе тоқтата тұруға;
4) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың лауазымды адамдарын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыруға;
5) халықтың декреттелген топтарына жататын, жұқпалы, паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, сондай-ақ медициналық тексеріп қараудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығаруға;
6) жекелеген объектілерде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен шектеу шараларын, оның ішінде карантин белгілеуге;
7) жұқпалы және паразиттік аурулардың ықтимал таратушы көздері болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық тексеру нәтижелері алынғанға дейін жұмыстан шеттете отырып, медициналық қарап тексеруге жіберуге;
8) жұқпалы және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды міндетті түрде ауруханаға жатқызуға жіберуге;
9) халыққа міндетті түрде вакцина егуді, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, жұқпалы және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізуді талап етуге;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық
нормативтердің бұзылуы жойылғанға дейін жекелеген жұмыс түрлерін,
жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан
объектілерді пайдалануды тоқтата тұруға;
11) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;
12) халықтың декреттелген тобына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді білу тұрғысынан аттестаттау жүргізуге;
13) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау үшін
сараптама объектісінің қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін бағалауды зерделеуге қажетті материалдарды сұратуға, сондай-ақ өнімнің құнын өтемей, сараптама жасауға жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің сынамасын алуға және үлгілерін іріктеуді жүргізуге;
14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қоюға;
15) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;
16) санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеуге және олардың көлемдерін өзгертуге;
17) санитариялық төлқұжаттарды беруге және кері қайтарып алуға;
18) дезинфекция, дезинсекция мен дератизация құралдарын және тамаққа биологиялық белсенді қоспаларды практикаға енгізу мен қолдануды бақылауға;
19) дара кәсіпкерлер, лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің заңды талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздерде орындамаған жағдайда сотқа жүгінуге құқылы.
10. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары:
1) мемлекеттік органдарды санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің бұзылуы туралы хабардар етуге;
2) кәсіптік уланулар мен аурулардың, жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болу себептері мен жағдайларын анықтауға және оларға талдау жасауға;
3) жеке және заңды тұлғаларды халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің бұзылу салдарлары туралы ескертуге;
4) халықтың иммунитетін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
5) жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері жөніндегі өтініштерін қарауға және тиісті шаралар қабылдауға;
6) өзінің қызметтік міндеттерін орындаған кезде белгілі болған ақпаратқа қатысты дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті.
11. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзылуына қарай мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдар мынадай актілер:
1) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің профилактикалық және індетке қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулысын;
ә) әкімшілік жаза қолдану, адамдарды жұмыстан уақытша шеттету, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті тоқтата тұру туралы қаулылар, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыным жасау, халықтың, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу туралы қаулылар шығарады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: