Тарау. Негізгі ережелер 6 страница

34-бап. Ақылы медициналық көмек алу негіздері мен тәртібі

Ақылы медициналық қызметтер көрсетуді мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдары, аурудың түрі мен медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензияға сәйкес келгенде жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.
Ақылы медициналық қызметтер көрсету:
1) пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы
медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау
ұйымдарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдік қызметтер
көрсету;
2) негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттар тізіміне енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу:
3) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;
4) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемінен артық медициналық көмек көрсету;
5) тиісті жолдамасыз санаторийлік емдеу;
6) медициналық көрсетпесіз медициналық-генетикалық зерттеулер;
7) азаматтарды жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін медициналық қарап тексеру;
8) ұйымдармен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;
9) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін медициналық стандарттардан артық қосымша сервистік қызметтер ұсыну кезінде беріледі.
3. Ақылы медициналық қызметтер көрсету пациент пен осы көрсетілетін қызметті ұсынатын денсаулық сақтау субъектісі арасында жасалатын шарт негізінде көрсетіледі.
Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт мынадай негізгі талаптарды:
медициналық көмектің түрлері мен келемін;
медициналық көмек көрсету мерзімін;
3) медициналық және медициналық емес көрсетілетін қызмет тарифтерін және оларды төлеу тәртібін;
4) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
5) шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оның қолданылуын тоқтату тәртібін;
6) тараптардың шарт міндеттемелерін тиісінше орындамау үшін материалдық жауапкершілік белгілеуін қамтуға тиіс.
4. Ақылы қызметтер көрсетудің түрлері мен олардың баға прейскуранты мемлекеттік және жекеше денсаулық сақтау ұйымдарындағы және жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке адамдардағы көрнекі ақпарат арқылы азаматтардың назарына жеткізіледі.
5. Ақылы қызметтер көрсетудің бағалары медициналық, сервистік қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығын түрлерін және өзге де қосымша шығыстарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады және ол жарты жылда бір реттен аспайтын жиілікпен қайта қаралуы мүмкін.
Ақылы қызметтер көрсетудің бағасы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілейтін ұқсас медициналық қызмет тарифінен төмен белгіленбейді.
6. Азаматтарға ақылы қызметтер көрсеткен кездегі есепке алу-есептілік медициналық құжаттамасын жүргізу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жүзеге асырылады.
7. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтініш жасаған кезден бастап ақылы медициналық қызметтер көрсетудің уақтылы және сапалы көрсетілуі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3-бөлім. Медициналық және фармацевтикалық қызмет

9-тарау. Медициналық және фармацевтикалық қызметтің мазмұны
мен түрлері

35-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметтің мазмұны

Медициналық және фармацевтикалық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік медициналық немесе фармацевтикалық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.

36-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметтің түрлері

1. Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынадай түрлері жүзеге асырылады:
1) медициналық көмек;
2) зертханалық диагностика;
3) патологоанатомиялық диагностика;
4) қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет;
6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет;
7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет;
8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;
осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.
2. Фармацевтикалық қызмет дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндірумен, дайындаумен, өткізумен, бөлумен, пайдаланумен және жоюмен, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты қызметті қамтиды.

10-тарау. Медициналық көмек

37-бап. Медициналық көмектің түрлері

Медициналық көмектің негізгі түрлері:
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
2) білікті медициналық көмек;
3) мамандандырылған медициналық көмек;
4) жоғары мамандандырылған медициналық көмек болып табылады.

38-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек

1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - профилактика мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде медициналық орта білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін көмек.
Төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі медициналық көмекті парамедиктер - медициналық білімі жоқ, тиісті даярлығы бар адамдар көрсетуі мүмкін.
2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

39-бап. Білікті медициналық көмек

1. Білікті медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
2. Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

40-бап. Мамандандырылған медициналық көмек

1. Мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың арнайы әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейіндік мамандар көрсететін медициналық көмек.
2. Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың көп бейінді ұйымдары консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетеді.
3. Мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары белгілейді.

41-бап. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек

1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек
диагностиканың емдеу және медициналық оңалтудың жаңа
технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде денсаулық
сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық
ұйымдарда бейіндік мамандар көрсететін медициналық көмек.
2. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

42-бап. Медициналық көмек көрсету нысандары

Медициналық көмек:
1) амбулаториялық-емханалық көмек:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек;
консультациялық-диагностикалық көмек;
2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек;
4) жедел медициналық көмек;
5) санитариялық авиация;
6) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
7) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;
8) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) нысандарында көрсетілуі мүмкін.

43-бал. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек

1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек - адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызмет көрсету кешенін:
1) неғұрлым кең таралған аурулардың диагностикасын және оларды емдеуді, сондай-ақ жарақаттануды, улануды және басқа да шұғыл жағдайларды;
2) жұқпалы аурулар ошақтарында профилактикалық, індетке қарсы іс-шараларды;
3) халықты гигиеналық оқыту, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғау;
4) халыққа сумен қауіпсіз жабдықтау және тиімді тамақтану жөніндегі түсіндіру жұмыстарын қамтитын тәулік бойы медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
2. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті мынадай мамандар: учаскелік терапевтер, педиатрлар, акушерлер, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, мейірбикелер көрсетеді.
3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарға тұрғылықты және (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық принцип бойынша жүргізіледі.
4. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету түрлерін. көлемін, тәртібін, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық- санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.

44-бап. Консультативтік-диагностикалық көмек

1. Консультациялық-диагностикалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

45-бап. Стационарлық көмек

1. Стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылауы бар білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті күтім мен тамақтануды қамтамасыз етеді.
3. Стационарлық көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

46-бап. Стационарды алмастыратын көмек

1. Стационарды алмастыратын көмек - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін болатын медициналық бақылауы бар дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

47-бап. Жедел медициналық көмек

1. Жедел медициналық көмек - денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау немесе өмірге тенген қатерді жою үшін аса шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кездегі медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен мамандандырылған ұйымдар және жедел медициналық көмек қызметтері құрылады.
3. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

48-бап. Санитариялық авиация

1. Санитариялық авиация қызметі - пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктіліктегі мамандар болмауы себебінен медициналық көмек көрсетіле алмаған жағдайда халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету әртүрлі көлік түрлерімен мамандарды межелі жерге жеткізу немесе науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
2. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

49-бап. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту

1. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардан, қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегуші азаматтарға көрсетіледі.
2. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдарында, сондай-ақ санаторий-курорттық ұйымдарда жүргізіледі.
3. Азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беріледі.
4. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар белгілейді.

50-бап. Паллиативтік көмек және мейірбикенің күтімі

1. Паллиативтік көмек аурудың терминалдық (түпкі) сатысындағы дауасыз науқастарға мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хопсистарда) немесе үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетіледі.
2. Мейірбике күтімін дәрігер бақылауы талап етілмейтін жағдайларда мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында) немесе үйдегі стационар нысанында орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері жүзеге асырады.
3. Паллиативтік көмекті және мейірбикенің күтімін көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

51-бап. Дәстүрлі медицина; халық медицинасы (емшілік)

1. Дәстүрлі медицина медициналық практиканың көп ғасырлық дәстүрлерінде бекітілген сауықтыру, профилактика, диагностика және емдеу әдістеріне негізделеді. Дәстүрлі медицина әдістеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи текті құралдармен емдеу жатады.
Тиісті лицензия алған, медициналық білімі бар адамдардың дәстүрлі медицина саласындағы қызметке құқығы бар.
2. Халық медицинасы (емшілік) - емшілік құралдар, тәсілдер мен дағдылар туралы эмпирикалық мәліметтерді және оларды практикада қолдануды қамтиды.
Жеке тұлғалардың халық медицинасы (емшілік) әдістерін қолдануы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген денсаулық сақтау ұйымдары берген сертификат негізінде жүзеге асырылады. Осы сертификатты алған жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының емшілер тізіліміне енгізуге жатады. Сертификаттың және Қазақстан Республикасы емшілері тізілімінің нысанын, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Жаппай емшілік сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткізуге тыйым салынады. Халық медицинасымен (емшілікпен) заңсыз түрде шұғылданатын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

11-тарау. Медициналық қызметтің өзге де түрлері

52-бап. Зертханалық диагностика

1. Зертханалық диагностика - ауру диагнозын пациенттен алынған биоматериалдарды зертханалық зерттеу жолымен белгілеуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені.
2. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің қызмет тәртібін, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

53-бап. Патологоанатомиялық диагностика

1. Патологоанатомиялық диагностика патологоанатомиялық ашып қарау барысында мәйіттің тіндері мен ағзаларындағы, сондай-ақ аурудың хирургиялық операция және (немесе) биопсия жолымен алынған ағзаларындағы (ағзаларының фрагменттеріндегі) және тіндеріндегі өзгерістердің жиынтығын талдау арқылы диагноз қою мақсатында жүргізіледі және тікелей қарап тексеру (макроскопиялық зерттеулер). үлкейткіш аспаптар пайдалану арқылы зерттеулер (микроскопиялық зерттеулер), өзге де технологиялар пайдалану арқылы зерттеулер нәтижелеріне, сондай-ақ клиникалық анатомиялық салыстыруларға негізделеді.
2. Патологоанатомиялық ашып қарау өлімнің себептерін белгілеу және ауру диагнозын нақтылау мақсатында жүргізіледі.
2. Ана және/немесе сәби өлімі жағдайларын, сондай-ақ ерекше қауіпті жұқтырғыштардан қайтыс болуды қоспағанда, өлімнің күш қолданудан болғанына күдік болмаған және қайтыс болғанның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша өтініші не қайтыс болғанның тірі кезінде айтылған ырық білдіруі болған кезде, мәйітті патологоанатомиялық ашып қарау жүргізілмей, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда өлімнің болу фактін куәландыратын құжат бере отырып, беруге рұқсат етіледі.
Қайтыс болғанның туыстарының немесе заңды өкілдерінің талап етуі бойынша патологоанатомиялық ашып қарауды тәуелсіз сарапшы (сарапшылар) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізуі мүмкін.
3. Патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің қызмет тәртібін, сондай-ақ патологоанатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

54-бап. Қан қызметі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы, қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы
қызмет, денсаулық сақтау және медициналық сараптама
саласындағы білім беру және ғылыми қызмет

Қан қызметі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет, денсаулық сақтау және медициналық сараптама саласындағы білім беру және ғылыми қызмет осы Кодекспен реттеледі.

12-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама

55-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама

1. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама азаматтардың
денсаулығын қорғауды қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып
табылады.
2. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың мынадай түрлері жүзеге асырылады:
1) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама:
2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптамасы;
3) әскери-дәрігерлік сараптама;
4) сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалары;
5) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;
6) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптамасы;
7) ғылыми-медициналық сараптама.
3. Денсаулық сақтау саласындағы сараптаманы жеке және заңды тұлғалар тиісті лицензиясы және (немесе) аккредиттеу туралы куәлігі негізінде жүзеге асырады.

56-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгейі жөнінде қорытынды жасау үшін медициналық қызметтер көрсетудің тиімділік, толымдылық және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестік көрсеткіштерін бейнелейтін индикаторларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы.
2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
3. Ішкі сараптама жүргізу үшін әрбір медициналық ұйымда ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын ұйым басшысы көрсетілетін медициналық қызметтер көлеміне қарай бекітеді.
Ішкі бақылау (аудит) қызмет медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға, медициналық ұйымның клиникалық қызметіне, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарын бұзу фактілерін анықтауға ағымдағы талдау жүргізеді, сондай-ақ емделуде жатқан пациенттердің өтініштерін 5 күннен аспайтын мерзімде қарауды жүргізеді.
Ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізілген аудит нәтижелері бойынша медициналық ұйым басшысына көрсетілетін медициналық көмек сапасының төмендеуінің анықталған себептері мен жағдайларын жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.
4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік орган және (немесе) тәуелсіз медициналық ұйымдар және (немесе) сарапшылар жүргізеді.
5. Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптама ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

57-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама

1. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жеке тұлғаның
еңбекке жарамсыздығын ресми тану және оны ауру кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босату мақсатында жүргізіледі.
2. Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізудің, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: