Тарау. Негізгі ережелер 7 страница

58-бап. Әскери-дәрігерлік сараптама

1. Әскери-дәрігерлік сараптама (бұдан әрі - ӘДС) денсаулық
жағдайы бойынша әскери қызметке немесе әскери қызметке теңестірілген
арнайы қызметке (бұдан әрі - әскери қызмет) жарамдылықты белгілеу
үшін, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметті (әскери жиындарды)
өткерумен байланысты сырқаттануының, мертігуінің (жаралануының,
жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрі - мертігу) және қайтыс
болуының себепті байланыстарын анықтау үшін жүргізіледі.
2. ӘДС:
1) медициналық куәландыруды ұйымдастыру мен өткізу кезінде:
2) шақыру учаскелеріне тіркелетін, әскери қызметке шақырылатын және әскери (арнайы) оқу орындарына, республикалық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) түсетін азаматтарға;
3) әскери қызметке, оның ішінде келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарға;
4) әскери (арнайы) оқу орындарының курсанттарына, кадеттер мен тәрбиеленушілерге;
5) радиоактивтік заттармен, иондандырушы сәулелену көздерімен, зымыран отыны компонепттерімен, электрмагниттік өрістер көздерімен қызметке (жұмысқа) іріктеп алынатын және қызмет (жұмыс) өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (Қарулы күштер қызметшілеріне);
6) есепке алу мақсатында әскери жиындарға немесе әскери қызметке шақырылған кезде запастағы азаматтарға;
2) ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарына әскери қызметке кіретін азаматтарға психологиялық іріктеуді жүзеге асыру кезінде;
3) әскери қызметті (әскери жиындарды) өткерген әскери қызметшілердің немесе азаматтардың мертігуінің, сырқаттануының себепті байланыстарын анықтау кезінде;
4) әскери қызметшілердің немесе әскери міндеттілердің әскери қызмет кезінде не әскери қызметтен (жиыннан) босатылғаннан кейін әскери қызметті (жиындарды) өткеру кезеңінде алынған сырқаттану, мертігу салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себепті байланыстарын анықтау кезінде;
5) азаматтардың әскери қызметтен босатылған кездегі денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санатын анықтау кезінде жүргізіледі.
3. ӘДС штаттағы, штатта жоқ тұрақты жұмыс істейтін, штатта жоқ уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссиялар (бұдан әрі - ӘДК) жүргізеді.
Біліктілік комиссиясын қалыптастыру мен оның қызмет тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. ӘДС өткізу ережесі мен ӘДК туралы үлгілік қағиданы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. ӘДК құрамы мен ол туралы Ережені уәкілетті органдар өз
құзыреттері шегінде бекітеді.

59-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және
сот-наркологиялық сараптама

1. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалары мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі.
2. Азаматтың немесе оның заңды өкілінің сот-медицина, сот- психиатрия немесе сот-наркология сараптамаларын тағайындаған органның алдында сараптама комиссиясының құрамына тиісті маманды оның келісімімен енгізу жөнінде өтініш жасауға құқығы бар.
3. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларын ұйымдастыру мен жасау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
4. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларының қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.

60-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама

1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама - физикалық факторларды органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметрлік өлшемдердің, және басқа да зерттеулер мен сынаулардың кешені, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет өнімдері, жұмыстары, қызмет көрсетулері мен объектілері жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында жобаларды сараптау.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары бойынша әрі жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өз құзыреттері шегінде жүргізеді.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жобалардың сараптамасы бөлігінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары, санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргізеді.
4. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер - санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, эпидемиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зертханалық зерттеулер, шуыл мен дірілді, электромагниттік өрістерді және физикалық факторларды өлшеуді жүргізумен, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулер жүргізумен байланысты бөлігі.
5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттама табыс етеді.
6. Сөзсіз жарамсыз тағам өнімдері мен азық-түлік шикізаттары болған жағдайларда санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмейді.
7. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама не ғылыми сараптама нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ адам ұрпақтарының денсаулығы үшін ықтимал қауіпті деп танылған химиялық және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынады. Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттар тіркелімі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға жатады.
8. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде:
атом энергетикасы мен өнеркәсібі, ғарыш қызметі және жер қойнауын пайдалану объектілерін, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық заттардың шығарындылары, физикалық факторлары бар объектілерді, экологиялық зілзала аймақтарындағы объектілерді және баламалары жоқ жаңа технологиялық процестері бар объектілерді орналастыруға, қайта жаңғырту мен кеңейтуге;
өндірістік күштерді, қалалар мен ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысының бас жоспарларын орналастыруға, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің техникалық-экономикалық негіздемелеріне, құрылысы мен қайта жаңғырту жобаларына;
функционалдық бағдарын (мақсатын) ауыстыра отырып, қайта жаңғыртылатын болжамды құрылыстар немесе объектілер учаскесінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы материалдарға;
рұқсат етілген шекте зиянды заттар мен физикалық факторлардың қоршаған ортаға шығару мен тастау, санитариялық қорғалатын аймақтар мен санитариялық-қорғаныш аймақтары, геологиялық зерттеулер, технологиялар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобаларға және басқа да нормативтік құжаттамаға;
шикізатқа, тамақ өнімдеріне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, тетіктерге, машиналарға, жабдыққа, құрылыс материалдарына, сондай-ақ оқыту, тәрбиелеу, дене шынықтыру, еңбек ету, өмір сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау, халықтың әр түрлі тобына медициналық қызмет көрсету режимінің нормативтік-техникалық құжаттамасының жобаларына;
шикізатты, тамақ өнімдерін, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану және сату, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызмет көрсету жағдайларына;
халықтың әр түрлі топтарын оқыту, тәрбиелеу, тәни дамыту, еңбек ету, өмір сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау мен медициналық қызмет көрсету жағдайларына;
санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды, халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын материалдарға, кәсіптік, жұқпалы аурулар мен уланулар туралы мәліметтерге;
топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, уытты, радиологиялық салмақ түсіру жөніндегі материалдарға;
жаңа өнімдерге, технологияларға, жабдықтарға;
жобаланған, салынып жатқан және пайдаланылып отырған өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге, өнеркәсіп бұйымдары мен көлікке, сондай-ак халық денсаулығы үшін ықтимал қауіпті және (немесе) маңызды басқа да объектілерге;
сәйкестікті міндетті растауға жатпайтын тағам өнімдеріне, тағам өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарға;
білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемесі мен оқыту режиміне;
балаларға арналған тауарларға, тағамдық қоспаларға;
елді мекендер құрылысын, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді орналастыруды, салуды және қайта жаңғыртуды жоспарлаудың, жер қойнауын пайдалануға, санитарлық-қорғау аймақтарына, суды пайдалану мен сарқынды суларды бөліп тастау жағдайларына, уытты, радиоактивтік және басқа да зиянды заттарды кәдеге асыру мен көмуге арналған келісімшарттардың жобаларына, шикізаттың, технологиялық жабдықтың, тамақ өнімдері өндірісі процестерінің, азық-түлік шикізатының, өнеркәсіп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерінің, химиялық заттар мен өнімдердің, биологиялық, дәрі-дәрмектік, дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы құралдардың және азық-түлік шикізатымен және тамақ өнімдерімен, ауыз сумен араласатын ыдыстардың, орауыш және полимерлік материалдардың, парфюмерлік-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, медициналық иммунобиологиялық препараттардың, жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құралдарының жаңа түрлеріне арналған стандарттар мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың жобаларына;
елді мекендердегі шаруашылық және (немесе) өзге де қызмет объектілеріне, олардың санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемдеріне санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды береді.
9. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама негізінде санитарлық- эпидемиологиялық қорытынды (гигиеналық қорытынды, гигиеналық сертификат) - жобалық құжаттаманың, тіршілік ету ортасы факторларының, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат беріледі.
10. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері негізінде санитариялық паспорт береді.
Санитариялық паспорт - мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық бақылауға жататын объектінің, көлік құралының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы гигиеналық нормативтердің және нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін растайтын және оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретін құжат;
Санитариялық-паспортты беру, есепке алу және жүргізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды

61-бап. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың сараптамасы

1. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сараптамасы - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы физикалық-химиялық, биологиялық, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізу, биоэквиваленттігін анықтау арқылы оның қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы тұрғысында зерттеу немесе сынау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркеуге ұсынған тіркеу деректерінің құжаттарын, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды зерделеу.
2. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын бағалауды дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы сарапшылық ұйым денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Дәрілік заттарға сараптаманы дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әзірлеуге және
өндіруге тікелей қатыспаған, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті
орган айқындайтын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың айналымы саласындағы сарапшылық ұйым
жүргізеді.

62-бап. Ғылыми-медициналық сараптама

1. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектілері мыналар:
1) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;
2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалар;
3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалар нәтижелері:
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылатын ғылыми жұмыстар;
5) денсаулық сақтау практикасына енгізу жоспарланатын ғылыми- медициналық әзірлемелер.
2. Ғылыми-медициналық сараптаманы жүргізудің тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

3-бөлім. Азаматтардың денсаулығын сақтау

13-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер
және олардың қамтамасыз етілуінің кепілдіктері

1. Жеке және заңды тұлғалардың кепілдіктері, жалпы құқықтары мен міндеттері

63-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтардың қамтамасыз
етілуінің кепілдіктері

Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:
1) денсаулық сақтау құқығына;
2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің ұсынылуына;
3) медициналық көмекке бірдей қол жеткізуге;
4) сапалы медициналық көмектің ұсынылуына;
5) дәрілік заттардың қол жетімділігіне, сапасы мен қауіпсіздігіне;
6) аурудың профилактикасы және салауатты тұрмыс салтын насихаттау жөніндегі қажетті іс-шаралардың іске асырылуына;
7) жеке өмірге қол сұғылмауы, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға;
8) ұрпақты болудағы таңдау жасау еркіндігі, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және ұрпақты болу құқықтарының сақталуына;
9) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық салауаттылыққа және радиациялық қауіпсіздікке;
10) денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік қызмет еркіндігі
құқығына кепілдік береді.

64-бап. Азаматтардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың құқықтары

1. Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес
тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға;
2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге;
3) медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдап алуға;
4) өзінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілді көлемінен тыс қосымша медициналық көмек алуға; денсаулық сақтау субъектілерінен ақылы медициналық көмек алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген негіздер мен тәртіпте жүргізіледі;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен медициналық айғақ болған жағдайда бюджет қаражаты есебінен шет елде медициналық көмек алуға;
6) медициналық қызметкерлердің дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дұрыс тағайындамауынан олардың денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
7) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беріп, уақытша еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыруға;
8) аурудың профилактикасы, диагностикасы, ауруды емдеу және медициналық оңалту әдістері, клиникалық зерттеулер туралы, қоршаған ортаның жай-күйі, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысын қоса алғанда, денсаулыққа әсері болатын факторлар туралы мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде дәйекті ақпаратты тегін алуға;
9) дәрілік заттар. медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сарапшы ұйымдардан және субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;
10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға немесе сот тәртібімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік медициналық сараптаманың қорытындысына келіспеген жағдайда тәуелсіз медициналық сарапшылар қаруға өтініш беруге құқылы.
2. Әйел ана болу туралы мәселені өзі шешуге және отбасын жоспарлау мен ез денсаулығын сақтау мақсатында, ықтиярсыз жүктіліктен сақтанудың қазіргі заманғы әдістерін ерікті түрде таңдауға құқылы.
Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:
1) ұрпақты болу жасындағы әйелдерді тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде медициналық тексеріп-қарау, динамикалық бақылау және сауықтыру жүргізу;
2) науқас баланы күтіп-бағу үшін стационарға түскен кезде әйелдердің ұрпақты болу денсаулығына және баланың денсаулығына тікелей әсері болатын негізгі ауруларды медициналық айғақтар бойынша емдеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың жұмыс уақытының режимі, жүктілігі мен босануы бойынша демалысы, еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
3. Психикалық аурулары бар адамдардан басқа, жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдар жынысын ауыстыруға құқылы.
Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыруды және жынысын ауыстыруын жүргізу ережесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
4. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек уәкілетті орган және ішкі істер, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс уәкілетті органдары белгілейтін тәртіппен көрсетіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулары болған кезде медициналық көмекті мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен алуға құқылы.

65-бап. Балалардың денсаулық сақтауға құқығы

1. Балалар:
1) денсаулық сақтау саласындағы білім мен тәрбие алуға;
2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде медициналық қарауға және динамикалық бақылауға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге және сауықтырылуға;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында жылы ниетті көзқарас көрсетілуіне құқылы.
2. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:
1) дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж үш жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ жасы үлкен ауыр науқасты балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға ауырып қалған баланы күтіп-бағуға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беріліп, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігі жасалады.
2) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін стационарда болған бүкіл кезеңде медициналық ұйымда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
3. Мектеп жасындағы балалар стационарлық, қалпына келтіру, санаториялық емделу кезеңінде стационар, оңалту орталығы, санаторий жағдайында үздіксіз білім алуға құқылы.
Балалар стационарлық бөлімшелерінің және мамандандырылған балалар стационарлық медициналық ұйымдарының пациенттеріне ойын ойнау, дем алу және тәрбие жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалады.
4. Мүмкіндігі шектеулі балалар, сондай-ақ АҚТҚ инфекциясын
жұқтырған, ЖҚТБ-мен ауыратын балалардың білім беру, денсаулық сақтау
ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы
заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқылы.
АҚТҚ инфекциясын жұқтырған балалар балалар үйлері мен жалпы мақсаттағы оқу-тәрбиелеу ұйымдарында болуға құқылы.
5. Балалар үйлерінде және білім беру ұйымдарында, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған ұйымдарда балаларды орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: