Кіріспе

Аннотация

В дипломной работе изложены вопросы по технике и техническому оснащению размольного отделения мукомольного завода производительнос-тью 200 т/сут. Разработана технологическая схема для строительства муко-мольного завода в г.Акколь с применением высокопроизводительного комплектного оборудования.

Особенностью проектируемой схемытехнологического процесса размола зерна явяется применение двухступенчатого измельчения продуктов в размольном процессе, когда полученные продукты измельчают в два этапа до направления в рассевы. Для этой цели используют: машины ударного действия - энтолейторы А1-БЭР для дополнительного измельчения крупок и дунстов и деташеры А1-БДГ для измельчения и разрыхления комков промежуточных продуктов после вальцовых станков с микрошероховатой поверхностью вальцов.

Дипломная работа состоит:

- из расчетно-пояснительной записки - 92 страниц текста, 2 рисунка, 3 приложения;

- из графической части – 5 листов формата А1.

Мазмұны

  Беті
  Кіріспе  
  Бас жобасы  
1.1 Бас жоспардың негізгі экономикалық көрсеткіштері  
  Ұн зауытының техникалық жарақталуы және технологиясы  
2.1 Технологиялық бөлім  
2.1.1 Жобалауға керекті бастапқы мәліметтер  
2.1.2 Шикізаттың және өңделіп алынған өнімнің қысқаша сипаттамасы  
2.1.3 Жобаланып жатқан технологиялық сұлбаның сипаттамасы және оның ерекшеліктері  
2.1.4 Майдалау бөлімінің жабдықтарын есептеу және таңдау  
2.1.4.1 Білікті сызықтың есебі  
2.1.4.2 Рассевтердің елеу бетін есептеу және процесстерге бөлу  
2.1.4.3 Ситовейкалық жүйелерді есептеу және процесстерге бөлу  
2.1.4.4 Үгіту жүйелерін және қосымша ұнтақтауға арналған машиналарды есептеу және бөлу  
2.1.4.5 Бичті машиналарды және виброцентрафугал машиналарының есебі  
2.1.5 Технологиялық жабдықтардың сипаттамасы және техникалық спецификациясы  
2.1.6 Өңделген өнімдердің қозғалыс коммуникациясы  
2.2. Технологиялық үрдістерді бақылау және басқару  
2.2.1 Технологиялық процессті бақылау  
2.2.2 Технологиялық үрдісті басқару  
2.3 Аспирациялық және пневмотранспорттық қондырғылар  
2.3.1 Аспирациялық және пневмотранспорттық желілерді үйлестіру  
2.3.2 Аспирациялық желінің есебі  
2.3.2.1 Ауа құбырларының әрбір аумағындағы жоғалту қысымын есептеу  
2.3.2.2 Желдеткішті таңдау және оның электрқозғалтқышының қуатының есебі  
2.4 Кәсіпорынның энергиямен жабдықталуы  
2.4.1 Қажетті және бекітілген қуаттың есебі.  
2.4.1.1 Жобаланатын кәсіпорынның электроқоректенуі және электрожабдықтары  
2.4.2.2 Өнім алуға жұмсалатын электрэнергиясының шығынын есептеу  
2.5 Ғимараттың құрылыс бөліктерінің сипаттамасы  
2.5.1 Жабдықтардың өзара орналасуы және үйлестірілуі  
2.5.2 Майдалау бөлімінің ғимараттың құрылыс парметрлерін анықтау  
2.5.3 Майдалау бөлімінің ғимаратының құрылыс конструкциясының жалпы сипаттамасы  
3. Экономикалық бөлім  
3.1 3.1.1 Ұн зауытының өндірістік қуаты Өнім өндіру мен шығару жоспарын есептеу  
3.1.2 Өндіріске қажет смета шығынын есептеу  
3.1.3 Еңбекақы есебі  
3.1.4 Амортизациялық аудармалар  
3.1.5 Басқа да ақшалай шығындар  
3.2 Жобаланып жатқан кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері  
3.2.1 Капиталды салымдардың экономикалық тиімділігін  
  Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі  
4.1 Ұн зауыттарында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер  
4.2 Электр қондырғаларының өрт қауіптілігі  
4.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалаудағы өрт қауіпсіздігі және алдын алу шаралары  
4.4 Қауіпті аймақтар және оларды қауіпсіздендіру  
  Кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау  
5.1 Кәсіпорындарда қолданылатын нормативтік құқықтық актілер мен оларға қойылатын талаптар  
5.2 Ұн тарту өндірісінің қоршаған ортасы және адам өмірі мен ағзасына тигізетін әсері  
5.3 Қорытынды  
  Қорытынды  
  Қолданылған әдебиеттер тізімі  
  Қосымша  

Кіріспе

Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құраушы элементі ұн және жарма өнеркәсібі болғандықтан, оны дамыту және жаңарту маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі кезде сала өз алдына ұн және жарма өнеркәсібінің техника – өндірістік және техника – қайта жандандыру базаларын дамыту, қосымша өндірістік қуаттарды енгізуге, енгізілген капиталды тиімді пайдалану, құрылыстық өндірісті экономикалық ынталандыру сияқты мақсаттар қоюда. Жаңа өнеркісіптік кешендерді құрумен қатар ескі ұн және жарма зауыттарын қайта жобалап салу да жоспарлануда.

Бұл мәселелерді шешу көбінесе жоғары мамандырылған технологтарға жүктеледі. Технологтың өндірістік өнеркәсіптерді дұрыс жобалауынан оған бөлінген қаражатты қаншалықты дұрыс игергенін көресетеді. Жаңа өнеркісіптерді және қайта жандандырылатын өнеркәсіптерді жобалау жаңа ғылыми – техникалық жетістіктер, технологиялық процесстер және өндірістік процесстерді автоматтандыру, оған қоса қолданыстағы кәсіптердің тәжірибесі негізінде жүргізіледі.[12]

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен қабылданған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясында мемлекет күшінің басты назары ауыл шаруашылық өндірісіндегі екі негізгі салаға мал және өсімдік шаруашылықтарына аударылған.

Қазақстанның астық өндірісі мұнай өндірісімен қатар стратегиялық маңызды болып табылады. Сондықтан «Қазақстан – 2030» даму стратегиясында астық азық-түлік нарығының негізін құраушы ретінде қарастырылады. Аграрлық кешеннің басты тапсырмасы халық сұранысына сәйкес нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл тапсырманы орындау көбінесе астық шаруашылығының тиімді жұмыс істеуіне байланысты. Астық шаруашылығының даму елдің политикалық, экономикалық тұрақтылығын және азық-түлік қауіпсіздігін анықтайды.[2]

ҚР Президентінің 27.01.2012 жылғы жолдауында өңірлерді дамыту мәселесінде елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты және ол үшін ең алдымен жаңа зауыттар мен кәсіпорындар салынып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет екендігі көрсетілген. Былтырғы жылы ғана елімізде 800 жуық әр түрлі өндіріс орындары құрылды, соның ішінде астық өңдеу кәсіпорындарының баршылығы сөзсіз. Сонымен қатар, жолдауда 2016 жылы 4 миллион тонна астықты экспортқа шығаруы көзделіп отыр.[1]

Қазақстан Республикасы ұнды импортқа да пен экспортқа да шығаруға үлкен ресурстары бар ел. Қазіргі заманғы ұн зауыттары жан жақты астықтың сапасын бағалау, кептіру, ұн тартуға партиялар құру, астықты жоғары өнімділіктегі қондырғыларында тазалау, гидротермиялық өңдеуден өткізу және дайын өнім сапасын бақылау кезеңдерін қарастырып ұйымдастырылады.

Ұн зауыттарының жоғары өнімділікті, тиімді қондырғыларда өңделетін жоғары сапалы астық өнімдеріне сұраныс жылдан жылы өсіп барады.

Қазақстан Республикасында ұн өндірісінің ары қарай дамуы толығымен өндірістік қуатын пайдаланылатын және өзінің техникалық базасын жаңғыртып отыратын ірі кәсіпорындардың арқасында.

Халық жағдайынының жақсаруымен жоғарғы сорт және бірінші сорт бидай ұнына да сұраныс өседі. Бұл мәселені шешу жаңа ұн зауыттарын салу және бар зауыттарды қондырғылар мен технологиялық үрдістерді жаңғырту мақсатында қайта құрумен байланысты. Астық өңдеу кәсіпорындарының техникалық қайта жабдықтаудың негізгі бағыты болып келесілер табылады: принципиалды жаңа және тиімді қондырғыларды ойлап табу және оларды өндіріске енгізу, қазіргі заманғы нарықтық талаптарға жауап беру, прогрессивті технологияларды енгізу.[1]

Нарықтық экономика кезінде ұн, жарма және құрама жем өндіру салаларында, осы өнімдерді өндіретін кіші шағын кәсіпорындар саны жедел өсіп дамуда. Бірақ бұл зауыттар Кеңес үкіметі кезінен қалған технологиямен қолданатындықтан, дайын өнім сапасы айтарлықтай жоғары болмайды. Сондықтан соңғы кездері жаңа технологиялар мен жабдықтар енгізілуде, оған мысал, заманауи сегізбілікті станоктар, біріктірілген сепараторлар және т.б. жаңа қондырғылар шығарылып жасалуда.[10]

Қазіргі нарықтық қатынастар талаптарына сай астық өңдеу кәсіпорындары өнімнің сыртқа шығарылуын және еңбек өнімділігінің өсуін, еңбек тәртібінің нығайуын, еңбек жағдайы мен қауіпсіздігі, оны ұйымдастыруын дамыту мен жаңғыртуды және технологиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету керек. Қазақстанның әр аймағында жергілікті талаптар мен ұнға деген сұраныс ұн өндіруге белгілі бір әсерін тигізеді. Осыған байланысты жергілікті шикізатты өндірудің технологиялық сұлбалары өзіне тән ерекшеліктерде болады, бірақ кез келген ұн зауыттары үшін технологиялардың принциптері өзгеріссіз болады.[9]


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: