JavaScript функциялары

Барлық стандартты математикалық функциялар мен жиі қолданылатын тұрақтылар Math - математикалық объектісінің тәсілдері мен қасиеттері түрінде беріледі.

Math объектісі JavaScript тілінің ішкі объектісі болып табылады. Мысалы, PI тұрақтысын пайдалану үшін Math.PI түрінде жазу керек. JavaScript тұрақтыларының дәлдігі үтірден кейінгі 15-цифрды қамтиды. Math функцияларын да тәсіл ретінде пайдаланып, мысалы, синус функциясы - Math.sin(argument), түрінде жазылады, мұндағы argument функция аргументі болып табылады.

4.8.1 Стандартты тұрақтылар

1. Натуралдық логарифм негізі – Е болып жазылады.

Мысалы:

Alert(Math.E)

2. 10 санының натуралдық логарифмі – LN10.

мысалы:

Alert(Math.LN10)

3. 2 санының натуралдық логарифмі – LN2.

мысалы:

Alert(Math.LN2)

4. ПИ саны – PI

мысал:

Alert(Math.PI)

5.1/2 санының квадраттық түбірі – SQRT1_2

мысал:

Alert(Math.SQRT1_2)

6. 2 санының квадраттық түбірі – SQRT2

мысал:

Alert(Math.SQRT2)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: