Стандартты функциялар

1. Аргументтің aбсолюттік мәні – abs(arg)

мысал:

var x = -25;

var y

y = Math.abs(x);

alert(y);

2. sin(arg), cos(arg), tan(arg) тригонометриялық функциялары:

мысал:

var x = Math.PI/4;

var y

y = Math.sin(x);

alert(y);

3. Кері тригонметриялық функциялар asin(arg), acos(arg),

atan(arg):

var x = 0.5;

var y

y = Math.asin(x);

alert(y);

4. Экспонента және натуралдық логарифм: exp(arg), log(arg)

var x = 1;

var y

y = Math.exp(x);

alert(y);

5. Аргументтен үлкен немесе соған тең сан: ceil(arg)

var x = -2.69;

var y

y = Math.ceil(x);

alert(y);

6. Аргументтен кіші немесе соған тең сан: floor(arg)

var x = -2.69;

var y

y = Math.floor(x);

alert(y);

7. Аргументті жақын бүтін санға дейін дөңгелектеу: round(x)

var x = -2.69;

var y = Math.round(x);

alert(y);

8. Экспонента мен натуралдық логарифм: exp(arg), log(arg)

var x = 1;

var y

y = Math.exp(x);

alert(y);

9. аргументтің квадраттық түбірі: sqrt(arg)

var x = 3;

var y

y = Math.sqrt(x);

alert(y);

10. Екі аргументтің үлкенін немесе кішісін анықтау max(arg1, arg2), min(arg1, arg2):

var x = 3;

var y = Math.min(x,10);

alert(y);

11. Санның дәрежесін табу pow(arg1, arg2): arg1-дің arg2 дәрежесі

var x = 2;

var y = Math.pow(x,10);

alert(y);

12. [0,1] аралығынан кездейсоқ сан алу: random()

alert(Math.random());

4.8.3 Тұтынушы функциялары

Программалауда бір командалар тобын бірнеше рет қайталауға тура келетін жағдайлар жиі кездеседі. Егер қайталау «бір орында» орындалатын болса – (while, for) циклдар қолданылады. Ал егер кодтарды программаның әр жерінде қайталау қажет болса – оны тұтынушы функциясы ретінде жазу керек болады.

Функцияларды сипаттау және пайдалану. Мысалы, егер берілген бүтін санның цифрларының қанша екенін анықтау керек болса, оны бір рет анықтап алып, одан кейін математикадағы сияқты F(num) деп жазып, ол функцияның ішкі әрекетін қарастырмай, кодтарын жазбай, нәтижесін есептеуге болады. Мысалы, тұтынушы үш сан енгізіп солардың жалпы цифрлары санын анықтауы қажет болсын.

Осы мысалдың программасы:

// Бүтін оң num санындағы цифрлар санын анықтау

// Енгізу: num (бүтін оң сан).

// Шығару: num санындағы цифрлар саны.
function F(num)

{

var len = num? 0: 1;

while(num)

{

num = (num - num % 10) / 10;

len ++;

}

return len;

}

var sum = 0;

var num1, num2, num3;

num1 = prompt("Бірінші санды енгізіңіз", "");

sum += F(numl);

num2 = prompt("Екінші санды енгізіңіз", "");

sum += F(num2);

num3 = prompt("Үшінші санды енгізіңіз", "");

sum += F(num3);

alert("Енгізілген цифрлардың жалпы саны: " + sum);

Браузер бұл скрипті былай орындайды. Бұл жазу:

function F(num)

{

...

}

орындалмайды, бірақ браузер: «F атты функция сипатталды» деген мәліметті есте сақтайды. Өйткені function түйінді сөзі және оның блогы {...} командалар тізбегі емес, тек декларация (хабарлама, сипаттама) ғана болып саналады.

Функциядан кейін орналасқан командалар әдеттегідей орындалады. Соның ішінде F функциясы кездессе, браузер функция сипаттамасына оралып, оның формальды аргументі num орнына num1, num2, num3 тәрізді нақты параметрлерді қойып орындап шығады. Негізінде параметрлерді ауыстыру кезінде браузер F функциясын орындамай тұрып, мынадай меншіктеулер жасайды:

num = num1; — сонан соңF(numl)орындау;

num = num2; — сонан соңF(num2) орындау;

num = num3; — сонан соңF(num3) орындау.

Жалпы функцияны сипаттау былай атқарылады:

function Функция_аты(үтірмен бөлінген формальды аргументтер тізімі)

{

...


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: