Байланыс телефоны: 32-233

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Филология факультетінің деканы

Ш.Қ.Жарқынбекова

________________________

_________________2013 ж.

Барлық бакалавр мамандықтарының білім алушылары үшін

(мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)

K (R) Ya 1105 Қазақ тілі пәні бойынша

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК ҚҰРАЛЫ

Астана, 2013

Силлабус

1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы. Практикалық қазақ тілі кафедра доценті, ф.ғ.д. А.О.Тымболова, доценттер, ф.ғ.к. А.А.Мұсабекова, Қ.Е.Тілешова, аға оқытушы Ә.Қ.Мағзұмбекова.

Байланыс телефоны: 32-233

2. Пәннің коды, атауы және кредит саны. Пәннің атауы: Қазақ тілі. Курстың коды: K (R) Ya 1105. Кредит саны – 6.

3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны: І-ІІ жартыжылдық, кесте бойынша.

4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:

Бакалавр мамандықтарының студенттеріне мемлекеттік тілді халықаралық стандартқа негізделген 6 деңгейлі оқыту жүйесін басшылыққа ала отырып, В2 – негізгі стандартты деңгей бойынша оқыту көзделді. Студенттердің қазақ тілінен орта мектеп деңгейінде лексикалық минимум мен грамматикалық құрылым бойынша алған білім негіздері практикалық түрде жетілдіріледі.

Постреквизиттері: бакалавр мамандықтарында оқитын студенттерге мемлекеттік тілді оқыту барысында олардың өзара еркін сөйлесіп, ішкі ойын бір-біріне қазақ тілінде еркін жеткізуіне, оқыған мәтіннің мазмұнын дәл, анық жеткізе алуына жағдай жасау, қазақ елінің тұрмысы мен салт-дәстүрін, мәдени-рухани жетістіктерін насихаттаужәне олардың бойында отансүйгіштік сезімін нығайту.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1.Оқу пәнінің аты: Қазақ тілі пәні жоғары оқу орнында оқитын студенттердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне толық жағдай жасау үшін, оларды грамматикалық және лексикалық тұрғыда толық сауаттандыру үшін жүргізіледі.

5.2. Оқу пәнін оқыту мақсаты: Жоғарғы оқу орнындағы бакалавр мамандықтарында оқып жүрген студенттерге қазақ тілінің тілдік жүйесі мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту.

5.3. Пәнді оқыту міндеттері

Осы мақсат негізінде төмендегі міндеттер жүзеге асуға тиіс, олар: тақырыптарды баяндау, алған мәліметтерге өз көзқарастарын білдіру, дәлелдеу; сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау, мәліметтерге қызығушылық таныту, белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу; тыңдалым дағдыларын түсіну; электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметтерді ала білу; техникалық ережелерді, буклет, каталог, ас м,0, 00 әзіріндегі қажетті мәліметтерді оқи және оны қолдана алу.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны:

- студенттердің сөздік қорларын молайту;

- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;

- өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: