IV апта

КӨРКЕМ СӨЗ – КӨРКЕМ ӨНЕР

1- сабақ

Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы Үстеу, оның түрлері.

Еске түсіріңіз: Үстеулер іс-әрекеттің қашан, қайда, қалай болғанынан хабардар етеді. Қызметіне қарай үстеулер мезгіл (кеше, ертең, бұрын, былтыр т.б.), мекен (жанында, артында т.б.), сын-қимыл (етбетінен, қолма-қол, қазақша, емін-еркін т.б), мөлшер (сонша, әжептеуір, азғантай, қыруар т.б.), мақсат (әдейі, қасақана, амалсыздан, босқа т.б.), күшейткіш (аса, тым, ең, әбден, нағыз т.б.) болып бөлінеді.

1. Сөздікті пайдаланып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ұғып алыңыз.

Жалғастыру - продолжать

қазақ жұртшылығы үшін - для казахского народа

саналы өмір – сознательная жизнь

тыйым салынды - запрещалось

шығармашылық мұра – творческое наследие

2. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1907 жылы Баянауылға барып, орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды.

Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.

Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі тұсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.

Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған «Жазушыларға», «Неғып отыр?», «Ах-ха-ха-хау», «Ұран», «Еңбекшілер ұраны» секілді өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы - прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдары туды. Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.

3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Жүсіпбек Аймауытұлы қашан және қандай жанұяда дүниеге келген?

2) Қазақ жұртшылығы үшін Ж.Аймауытұлының орны қандай?

3) Ж.Аймауытұлының еңбектері жайлы не білесіздер?

4) Біз Ж.Аймауытұлы шығармаларынан не білеміз?

4. Төмендегі үстеулерді пайдаланып, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдер құраңыз.

Бұрын, аса, әжептеуір, қыруар, жанында, нағыз.

5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.

Ауыл молдасы, алаш қозғалысы, ат салысты, саяси жұмыстар, шығармашылық мұра, ақындық сезімталдық.

6. Сөйлесіңіздер.

- Арман, сен қай университетте оқисың?

- ---------------------------------

- Қандай маманықта оқисың?

- ---------------------------------

- Сен Ж. Аймауытұлының шығармаларын білесің бе??

- ----------------------------------

- Жазушының қандай романдары бар?

- ----------------------------------

- Жазушы шығармаларында нені суреттейді?

- ----------------------------------

-Ж.Аймауытұлы кімнің шығармаларын аударды?

- ----------------------------------

2- сабақ

М.Әуезов – суреткер

1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Туған жері — бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді. 1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады.

Әуезовтің мұраcының аса үлкен бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды.

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелді. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.

2. Мәтіндегі ғылым қайтаркері, сауатты кісілер, жатқа оқу, киіз үй сахнасы, ғылыми зерттеулер, ұлттық дәстүр сөздерінің мағыналарын сөздіктен анықтап, олармен сөйлем құраңыз.

3. Берілген сөздермен сөйлем құраңыздар.

Мұра, роман-эпопея, шығарма, қазақ қоғамы, ұлттық әдебиет, дүние жүзі.

Үлгі: М.Әуезов мұрасы-аса маңызды мұра.

4.«Мен Мен М.Әуезов жайлы не білемін?» деген тақырыпта өзара сұхбаттасыңыздар.

3- сабақ.

О.Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы

1. Жаңа сөздермен танысыңыз.

Қаламгер – писатель

Тілші – корреспондент

Жерлес - земляк

Өр мінезді – принципиальный

Сағыныш – тоска

Шыншыл – правдивый

2. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.

Қазақтың көрнекті қаламгерінің бірі Оралхан Бөкей 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында туған. О. Бөкейдің әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ашық кісі болған.

О. Бөкей 1961 жылы Шыңғыстайдың Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектебін бітіріп, сонда пионер вожатыйы, кейін “Алтай” ауылында тракторшы болып еңбек еткен. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, өз өңіріндегі Большенарым ауданында “Еңбек туы” және Шығыс Қазақстан облыстық “Коммунизм туы” газеттерінде тілшілік қызметтер атқарды. Жиырма бес жасында О. Бөкеев Алматыға келіп, “Лениншіл жас” (бүгінгі “Жас алаш”) газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды.

1970 жылы Алматыда жарық көрген “Қамшыгер” атты тұңғыш повестер және әңгімелер жинағы ерекше үнімен оқырмандарды елең еткізді. “Менің повесть, әңгімелерімнің сюжеттері туған жер, жастық шағымда болған оқиғалар туралы естеліктерге толы, – деп жазды ол. – Менің жерлестерім – қазақтар – сом мінезді, шыншыл және ашық жүректі адамдар. Олар сиқырлағандай, ата-бабасы таңдаған кеңістікте өмір сүреді. Менің туған жерге адал жерлестерім өр мінезді, еңбекқор, ержүрек және шыншыл адамдар. Әйтеуір, не жазсам да өз заманымды, сол заманда маңдай терін төгіп жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырысамын”.

О.Бөңеев “Үркер” (1971 ж.), “Қайдасың, қасқа құлыным?” (1973 ж.), “Мұзтау” (1975 ж.) жинақтарын шығарды. Жазушының көлемді шығармаларын айтпай, кез келген шағын әңгімелерінде де туған жеріне, тіпті оның әр түп ағашына деген ыстық сағынышы атойлап тұрады. Шығармаларының әр тармағынан туған жерге ілтипаты танылады. Туған жері – Алтайдың сұлулығын, тәкаппарлығын, асқақтығын жырлаған жазушы қысқа ғана ғұмырында өзін де, туған әдебиетін де осындай асқар асуға шығарып үлгерді. Оның шығармаларының кейіпкерлері – ауыл адамдары – қойшылар, жылқышылар, бұғы өсірушілер, диқандар, орманшылар, ересектер мен жастар. Олар рухани дүниелері бай, бітім-болмысы кіршіксіз, пәк ниетті жандар. Олар қиындыққа төзімді, өздеріне сенімді, адал да аңғал, ақ жүректі, кеңпейілді адамдар. Қай шығармасын алмаңыз, өмірге деген құштарлық, өмірді жақсартуға деген ұмтылыс жеңіп шығады. Қаламгердің кітаптары неміс, словак, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай, жапон және ТМД елдері халықтарының тілдерінде жарық көрді.

3.Мәтіннен үстеулерді топтап теріп жазыңыздар. Сұрақ қойып, сөйлемде қай мүше болып тұрғанын анықтаңыздар.

4.Төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.

1. Оралхан Бөкеев кім, ол қайда білім алды?

2. О.Бөкеев қайда қызмет атқарды?

3. Жазушы кейіпкерлері жайлы не деді?

4. Жазушы туған жерін қалай қастерледі?

БӨЖ тапсырмасы. «Менің туған жерімнің табиғаты» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

V АПТА

АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ - ЕГІЗ

1-сабақ

Қазақстанның экологиясы Көсемше

Сөздік

қоршаған орта – окружающая среда

жан-жануарлар мен өсімдіктер – животные и растения

алыстағы жұлдыздар – далекие звезды

ажырамас бөлігі – неотделимая часть

ұғым – понятие

туған жер –родная земля

ыстық махаббат – пламенная любовь

ормандар – леса

тоғайлар – рощи

ерекше – особенный

үздіксіз өзгерістер – непрерывные изменения

жанартаудың атқылауы – извержение вулкана

найзағайдың жарқылы – сверкание молнии

табиғат құбылыстары – явления природы

себеп-салдар –причина

КӨСЕМШЕ

Көсемше (деепричастия) в казахском языке встречаются настолько часто, что даже простые детские рассказы без них не обходятся.

Есть три вида деепричастий, которые образуются с помощью суффиксов:
- п / -ып / -iп: бар-ып, кел-іп, қара-п;

-а /- е / -й: бар-а-мын, кел-е-сің, қара-й-ды;

-ғалы / -гелi, -қалы / -келi: бар-ғалы, кел-гелі, айт-қалы

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Табиғат құбылыстар, үздіксіз өзгерістер, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы, табиғаттағы өзгерістер, аспан денелері, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы, көлдердің тартылуы, қоршаған орта.

2-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрыңыз.

Табиғат құбылыстары, физика заңдарына сүйену, аспан денелері, құбылыстардың себеп-салдарын ашу, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар, күн мен түннің ауысуы, күннің тұтылуы, жердің өсі, үздіксіз айналуы, жердің айналуы, жыл мезгілдерінің ауысуы.

3-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.

       
 
   
 


Адам Табиғат

4-тапсырма. Диаграмманы толтырыңыз.


5-тапсырма. Берілген сөйлемдерден –ып, -іп, -п жұрнақтарын тауып, жағын анықтаңыз.

Мен 1990 жылы туыппын. Қазақстан Республикасы сол жылы өз тәуелсіздігін жариялапты. Оған халқымыз қуаныпты. Мен оқуымды жақсы оқып, еліме пайдамды тигізгім келеді. 1997 жылы Ақмола қаласы елорда болыпты. Ал 1998 жылы Астана қаласы болып аталыпты. Қазір Астана Қазақстан Республикасы азаматтары мақтаныш ететін үлгілі де, өркениетті қалаға айналды. Мұнда биік үйлер мен ғимараттар салынып, қаланың аумағы үлкейіп, халқының саны еселеп артты.

2-сабақ

Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау

Табиғат – алтын бесік

Халық мақалы

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, жер мен ай, күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да «табиғат» деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай, анасын күндей қастерлеу ата салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан ормандарды, тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Адам мен табиғаттың жарасымы мен үйлесімі сақталғанда ғана, олардың өзара өмір сүру тепе-теңдігі сақталмақ. ХХ ғасырда осындай тепе-теңдік бұзыла бастады. Адамзаттың индустриялық кезеңге өтуі, қалалардың көбеюі – табиғатқа зақым келтіре бастады. Соның нәтижесінде, бүгін көп айтылатын экологиялық мәселе туындап, оны шешу жолдары ғаламдық мәселеге айналды. Экологиялық мәселе, әсіресе, экономикасы жоғары дамыған елдерге аса тән. Сондықтан табиғат пен адамның үйлесімді өмір сүруіне қоғамның көңілін бөлу үшін экологиялық ұйымдар құрылуда. Өнеркәсібі дами бастаған біздің елімізде де осындай мәселе бар. Мысалы, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Жаңаөзен, Балқаш, Теміртау сияқты қалалардағы экологиялық ахуал адамның денсаулығына зиян келтіруде. Сол себепті қоғамдық ұйымдар, ақпарат құралдары осы мәселелерді жиі көтеруде.

Адамзаттың өркениет биігіне жетуі – индустрияландырумен ғана шешілмейтінін уақыт дәлелдеуде. Сондықтан бүгінгі адамзат баласы табиғатпен үйлесіп өмір сүрудің тиімді жолдарын шешуде.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

– Қоршаған орта дегеніміз не?

– «Жер-Ана» деген ұғымды қалай түсінесіз?

– Табиғатта кездесетін өзгерістерді атаңыз?

– Табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы айтыңыз.

– Өз мінезіңізді табиғаттың қандай құбылысымен сипаттайсыз?

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.Берілген жоспар бойынша әңгімелеңіз.

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

3. Қорытынды

3-тапсырма. Венн диаграммасын толтырыңыз.

       
   
 
 


 
 


4-тапсырма. Сөйлемдерді орын тәртібімен жинаңыз.

1. Табиғаттың, Адам, бөлігі, ажырамас.

_____________________________________________________________

2. Жатады, өзгерістер, болып, үздіксіз, табиғатта.

_____________________________________________________________

3. Деп, әлемде, сан, алатын, аталады, орын, алуан, құбылыстары, өзгерістер, табиғат.

______________________________________________________________

4. Бір-бірімен, табиғат, байланысты, тығыз, құбылыстары.

_________________________________________________________________

5. Жан-жануарлар, өсімдіктер, мен, табиғат, ауқымды, білдіреді, деген, барлығы, алыстағы, Жер, Күн, мен, жұлдыздар, Ай, мен, ұғымды, –, да, осылардың.

_________________________________________________________________________________________________________________________________

3- сабақ

Қызыл кітап

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ қойыңыз.

Үлгі: Адам ненің ажырамас бөлігі?

1.

2.

3.

4.

5.

6.

2-тапсырма. Жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

1. қоршаған орта –

_________________________________________________________

2. ауқымды –

_________________________________________________________

3. туған жер –

_________________________________________________________

4. орман-тоғайлар –

__________________________________________________________

5. жанартаудың атқылауы –

___________________________________________________________

6. табиғат құбылыстары –

____________________________________________________________

7. күн мен түннің тұтылуы –

_____________________________________________________________

3-тапсырма. Көсемшенің -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі жұрнақтарын пайдалана отырып, сөйлем құрастырыңыз.

Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.

Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі, жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.

4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

C давних времен человек и природа тесно взаимосвязаны. В древности первобытные люди полностью за쐲исели от окружающей среды. Не понимая сути происходящих природных явлений, люди возводили их в ранг богов. Так, и огонь, и вода, и земля, и деревья, и воздух, и гром с молнией считались божествами. Чтобы умилостивить их, люди совершали ритуальные жертвоприношения.

Но шло время, человек эволюционировал, совершенствовался его мозг. Люди научились добывать огонь, строить жилища, создавать орудия труда. Человек не только завоевывал свое место среди других племен, но и вознамерился подчинить саму природу.

Вопрос взаимодействия с окружающей средой актуален и сегодня. Провозгласив себя царем среди всех живых существ, человек забыл, что сам является частью природы, венцом ее творения. И вместо благодарности продолжает вести себя очень агрессивно. Ни для кого не секрет, сколь пагубно сегодня сказывается на окружающем мире деятельность человека.

5-тапсырма. Көсемшенің-ғалы,-гелі,-қалы,-келі, -ып, -іп, -п, -а, -е,-й, -ғанша, -генше, -қанша, -кенше, -майынша, -мейінше жұрнақтарын етістікке жалғаныз.

Үлгі: шығу – шығып –шыққалы – шыққанша – шықпайынша.

Білдіру, қалыптасу, деу, білдіру, сақтау, беру, сіңіру, жату, өзгеру, көрсету, өсу, айналу, қозғалу, ату, тасу, тартылу, суалу, аталу, байланысу, ұғындыру, түсіндіру, қарастыру, тырысу, тұтылу, табу, туындау.

 
 


1. «Табиғат » ұғымына қандай құбылыстар енеді?

2. Халқымыз табиғатқа қандай атау берген?

3. Халық табиғатқа сүйіспеншілігін қалай білдірген?

4. Табиғатты қорғауда қандай ұлағатты сөздер айтқан?

5. Табиғаттың жарасымы қалай сақталады?

6. Қазіргі дәуірде табиғатқа не зиян келтіруде?

7. Экология қандай мәселе?

8. Экологиялық ұйымдардың мақсаты не?

9. Қазақстанның қандай қалаларында экологиялық мәселе бар?

10. Табиғатты қорғау қандай мәселе?

11. Адамзат қандай мәселелерді шешуі тиіс?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: