II апта

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТАМЫРЫ

1-сабақ

Айтыс өнері. Септеулік шылау

1. Шылаулардың түрлерін еске түсіріңіз.

ШЫЛАУ

Септеулік шылау Жалғаулық шылау Демеулік шылау
Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданады. Үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады. Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер. Сөздерді байланыстырмайды., қосымша мағына береді. Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау, -мыс, түгіл, ғана, тек, -ды, ді, ты, ті

2. Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

Сайын, дейін, кейін, туралы, үшін, әрі, яки, және, мен, бен, пен, бірге, қатар

3. Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз.

мен сайын

өзім туралы

мыңға кейін

онға дейін

түстен жөнінде

сонымен жуық

кешке тарта

4 Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері

Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Айтыстың бірнеше түрлері бар: жануарлар айтысы, жұмбақ айтыс, өлі мен тірінің айтысы және салт айтысы.

Салт айтысының екі түрі бар, олар қыз бен жігіт айтысы мен ақындар айтысы. Бұл айтыс әсіресе XIX ғ. кеңірек етек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. Олар түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған.
Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.
Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері бар. Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтыста ақындар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Мұның бәрі ақындардан сөзге білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажет етеді, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді.

"Біржан мен Сара" айтысының негізгі түйіні – әйелдің бас бостандығы. Біржан мен Сара айтысы ақындық көркем тілдің және бір түрі — ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады.

Көрінсін Біржан салға ай секілді,
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді,
Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым,
Біржанға баламаймын тай секілді...

Өткен ғасырда екі ақын бірлесіп, әйелдің бас бостандығын жырлады, ескі феодалдық салтқа қарсы шықты, өз дәуірі үшін прогресшіл идея танытты.
Құрылысы, түрі жағынан алғанда, бұл айтыс – салт айтыстың ең биігі.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

Айтыс – айтыс (состязание акынов)

Тақырып – тема

Өлі мен тірі – живые и мертвые

Тосыннан -внезапно

Тапқырлық – здесь: находчивость

Ұсталық – мастерство

Ұтымды – уместно

5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сіз айтыс тыңдайсыз ба?

2.Сіздің отбасыңызда айтыс жайлы әңгңме бола ма?

3. Айтыстың шығуы жайлы не білесіз?

4. Айтыстың қандай түрлері бар?

5. Айтысқа қандай талаптар қойылады?

6. «Біржан-Сара» айтысының тақырыбы не?

2- сабақ

Күй атасы -Құрманғазы

1. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.

Еуразияның ең бір бай да

бірегей

мәдениеті – қазақ мәдениеті

Н.Назарбаев

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң-солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған кезі болатын. Замана қиындығы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері осындай ауыр кезеңде туған. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.

Құрманғазы - өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.

Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет – бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңілген, бұл Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

оң-солын танып – время зрелости

өмір-тіршілікке белсене араласа – период активных дейсткий

отаршыл саясат – политика колониализма

қарқын алған кезі – стремительное развитие

қатал тағдыр – роковая мудьба

2. Мәтіннен шылауларды тауып, жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Берілген шылаулармен сөйлем құрастырыңыз.

Үшін:

Сайын:

Туралы:

Арқылы:

Шейін:

Қарай:

Гөрі:

Бұрын:

Соң:

Қатар:

Бірге:

Қоса:

4. Сөздерді тиісті орындарына қойып, мақал-мәтел құраңыз.

6. Аз, де, жетпіс, жігітке, өнер _________________________________.

7. Алды, қызыл, өнер, тіл _____________________________________.

8. Ашық, өнерліге, есік _______________________________________.

9. Кілемде, өлеңде, сөз өнері, қол өнері __________________________.

10. Көркі, өнер, жігіт _________________________________________.

3- сабақ

Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Ұлттық байлық - белгілі бір уақыт мерзіміндегі қоғамның бүкіл осы мерзімге дейінгі дамуы кезеңіндегі адамдардың еңбегімен жасалған материалдық игіліктерінің жиынтығы. Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады. Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай — ақ табиғи ресурстар жатады және олар натуралды түрде есептелінеді.

Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі. Қазақстан - пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД-дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

Мынандай көзқарастар бар: ұлттық байлық ұғымы материалдық емес құндылықтарды да – ақпарат, ғылым-білім, тұрғындардың мәдениет деңгейін және т.б. – қамтуы қажет.

Алдағы уақытта ұлттық байлықты жетілдіру көбінесе оның сапалық жақсаруымен, табиғи байлықты тиімді игерумен, қоғамның қоршаған ортаны барынша сақтау қамқорлығымен, экологиялық қауіпсіздікті қолдау деңгейімен анықталады.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

Ұлттық байлық – национальное богатство

Қоғам – общество

материалдық игіліктер – материальные ценности

даму деңгейі – уровень развития

тұрғындар – жители

экологиялық қауіпсіздік – экологическая безопасность

2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Үлттық байлық деген не?

2) Рухани игіліктер ұлттық байлыққа жата ма?

3) Ұлттық байлықтың құрамына не кіреді?

4) Мәтінді Қазақстанның ұлттық байлығы жайлы не айтылған?

5) Ұлттық байлықтың көлемін қалай айқындауға болады?

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

3.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Ұлттық байлық, қоғамның дамуы, материалдық игіліктер, мемлекеттің дамуының айнасы, ұлттық байлықтың құрамы.

4. Диаграмманы толықтырыңыз.

 
 


       
   
 
 


5. Ұлттық музыка аспаптарын жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.

6. Төмендегі мәтіннен шылауларды тауып, астын сызыңыздар.

Қазақ киносы жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе» және «Тақиялы періште» фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым –Қожа» фильмі және Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық өнеріміздің, сондай-ақ жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.

11. Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

Сайын, дейін, кейін, туралы, үшін, әрі, яки, және, мен, бен, пен, бірге, қатар

БӨЖ тапсырмасы. Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері жайлы шағын деректеме жазу.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow