Семей 2012 2 страница

Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпарат мүдделі тұтынушыларға пайдалы болуы үшін, ол сенімді де салыстырмалы болуы керек. Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпараттың пайдалылығын анықтайтын талаптарды ұйымның басшылығы бекітеді,

Нарықтық экономика шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берушіліктің Халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіліп, ұйымдастырылуы үшін бухгалтерлік есепті мемлекеттік нормативтік ретеу жүйесі қалыптасқан.

Қазіргі уақытга елімізде бухгалтерлік есепті нормативті реттеудің төрт деңгейлі жүйесі қызмет етеді.

Бірінші деңгей - Қазақстан Республикасының заңдары мен ҚР Президентінің жарлықтары,

Екінші деңгей - Ұлттық бухгалтерлік стандарттар жүйесі - бухгалтерлік есеп бойынша ережелер.

Үшінші деңгей- салалық ерекшеліктерді ескеретін әдісгемелік нұсқаулар.

Төртінші деңгей- кәсіпорынның ішкі жұмыс құжаттары.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Бухгалтерлік есептің қандай қағидалары бар?

2.Бухгалтерлік есептің қандай әдістері бар?

3.Бухгалтерлік есептің концепциясы неден тұрады?

4.Бухгалтерлік есепті реттеу қандай деңгейлерден тұрады?

3 тақырып. Екіжақтылық қағидасы және баланстық теңдік.

Дәріс сұрақтары:

1. Бухгалтерлік баланстың анықтамасы

2. Бухгалтерлік баланстың құрылымы

1. Кәсіпорынды басқару шаруашылыө құралдарының тиімділігін және сақтығын бақылау мақсатында бөлігі бір мерзімге құрамы және шамасы жөнінде ақпараттар қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік баланс көмегімен алады.

Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалпй өлшемде топтастыруды білдіреді.

«Баланс» термині латын сөздерінен bis – екі рет және lans – таразы табағы дегенді білдіреді, яғни теге-теңдік мағынасын (ұғымын) білдіреді.

Кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен олардың көздерін жалпылау кесте көмегімен жүзеге асырылады, ол да баланс деп аталады. Сонымен қатар бұл әдіс бухгалтерлік қорытынды есеп жүйесіндегі негізгі форма. Шаруашылық операцияларын толық жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорындар белгілі бір көлем мен дәрежеде қорлар етеді. Құралдар мен құралдардың қорлану көздерінің жалпы көлемі ақшалай өлшеммен жинақталып, белгілі бір мерзімі қарай топтастырылып қортындыланады.

Баланс есі бөліктен тұрады: активтен және пассивтен. Сол жағы актив деп, оң жағы пассив деп аталады. Активте шаруашылық құралдарының құрамы және орналасуы көрсетіледі, ал пассивте бұл құралдардың пайда болу көздері көрсетіледі. Актив пен пассив өзара тең болады, өйткені кәсіпорын құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең

құралдар = капитан + міндеттемелер.

Мұндай теңдісті баластық теңдеу деп атпйды. Бұл теңдік кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты көрсетпейді, бірақ та балансты құруда қателіктер жіберілмесе әрқашанда, сақталады.

Актив пен пассив жекелеген баптардан құралады. Баланс бабы дегеніміз шаруашылық құралдары немесе олардың көздерінің жекелеген аттары. Баланс активінде орналасқан баптар активті, он пассивінде орналасқандары, пассивті деп аталады.

Баланс активті мен пассивінің жиыны баланс валютасы деп аталады. Төменде бухгалтерлік баланстық шартты формасы көрсетілген.

Актив Пассив

Шаруашылық құралдарының құрамы Сомасы, теңге Құралдардың қалыптасуының қайнар көздері Сомасы, теңге
       

Баптарды, бөлімдерге таптастыру экономикалық белгі бойынша жур-і.

Баланс бабы бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Баланстың біртектес баптары топтарға біріктіріледі, он топтар – бөлімдерге. Баланс баптарын топтау негізінеү Бухгалтерлік есеп 2 (Стандартына) “Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептерді негізгі ашулары” 13 қараша 1996 ж. №3 ҚР-сы бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген стандартқа сәйкес келесіндей принциптер енгізілген.

- баланстың актив баптары үшін-активтердің әрекет ету мерзімі;

- баланстың пассив баптары үшін-пассивтердің қалыптастыру және оларды жоюдың мерзімдері принципі.

Шаруашылық субъектінің балансы келесіндей бөлемдермен көрсетілген актив:

- ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, яғни жер, ғимараттар мен құрылыс жайлары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, жіктеуге сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері; жинақталған тозуы, аяқтамлмаған күрделі құрылыс;

- Материалдық емес активтер; амортизация кезеңі, әдісі және есеп беру кезеңіндегі есептен шығарылуы көрсетіле отырып; гудвим, патенттер, тауар белгілері және т.б.

- ұзақ мерзімі инвестициялар: еншілес серіктестіктерге инвестициялар; тәуелді заңды ұйымдарға инвестициялар; басқа ивнестициялар егер олардың (бастапқы құны) баланстық құнынан өзгеше болса, ағымдағы құны көрсетіле отырып.

- ұзақ мерзімі дебиторлық қарыз: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер, негізгі шаруашылық секіртестік пен оның еншілес серіктестіктері арасындағы ішкі топтық операцилар нәтидесінде пайда болған дебиторлық қарыздар; акционерлік қоғамның қызметкерлерінің дебиторлық қары; басқа да дебиторлық қарыздар;

- алдағы кезең шығындары.

Ағымдағы активтер. Ашылуға тиіс мына баптарды қамтиды: өңдеу өткізу мерзіміне тәуелсіз түрде тауарлық - материалдық қардлар; бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін алдағы кезең шығындары; ақша қаражаттары; қысқа мерзімді қаржылыө инвестициялар: бір жыл ішінде алынатын дебиторлық қарыз; а,ымдағы активтерді сатып алу үшін аванстық төлемдер; алынуға тиісті жаттар; алынған вексельдер; негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес секіртестіктері арасындағы ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық қарыз, басқа да дебиторлық қарыз.

Пассив:

- меншікті капитал: жарғылық капитал, қосымша төлеген капитал, қосымша төленбеген капитал (нег. құралдарды, инвестицияларды қайта бағалау сомалары), резервтік капитал, бөлінбеген табыс (зиян).

- ұзақ мерзімі міндеттемелер: қамтамасыз етілген несиелер, қамтамасыз етілмеген несиелер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестіктерінің бір-біріне беретін несиелері, кейінге қалдылырған салықтар.

- ағымдағы міндеттемелер: қысқа мерзімді несие және овердрафт; ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі, кредиторлық қарыз (төленуге тиіс шоттар және вексельдер, алынған аванстар, салықтар бойынша қарыздар, төленуге тиісті дивиденттер басқа да кредиторлық қарыздар), төленуге тиіс есептелінген шығындар, алдағы кезеңдердің табыстары және басқалады.

Осы көрсетілген бухгалтерлік баланстың активі мен пассивін орналастыру тәртібі (кәсіп) барлық меншік формалары кәсіпорындары және экономиканың салалары үшін қолданылады сақталады. Айырмашылықтар баланстың жалпы валютасында баптардың үлес салмақтарында байқалуы мүмкін. Өнеркәсіптік өндірістік балансы активінде үлкен үлес салмақты «Негізгі құралдар» және «Шикізат пен материалдар» алады; ауыл шаруашылық кәсіпорындарында – «Жер», «Аяқ-талмаған өндіріс», сауда ұйымдарында «Тауарлар» бабы алады.

Бухгалтерлік баланс өзінің экономикалық мазмұны бойынша кәсіпорынның шаруашылық құралдарының және олардың қалыптасу қайнар көздерінің жағдайы туралы белгілі бір күнге есеп берушілік міндетті формаларының бірі болып табылады. Ол бір айдың, бір кварталдың, жартыжылдың, бір жылдың жиындық мәліметтерін бейнелейді.

2. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесінде әртүрлі әрекеттер болады, олар кәсіпорын мүлкі мен оларды көздерінің өзгерісін тудырады.

Мүліктер мен олардың көздерінің өзгерісін болдыратын шаруашылық әрекеттер мен оқиғалар шаруашылық операциялар деп аталады.

Шаруашылық операцияларының әсерінен мүлік өзгереді, ал он бухгалтерлік баланста көрсетілетін болғандықтан, оның әсерін баланс та өзгереді.

Мысалы, ай ішінде келесіден шаруашылық операциялары жүзеге асқан.

1. Жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу үшін кассаға е.а. шотынан ақша түсті – 145 000 теңге.

2. Банк несиесі есебінен мердігерлер шоты төленді – 180 000 теңге.

3. Алынған материалдар үшін жабдықтаушы шоты төлемге қабылданды – 80 000 теңге.

4. Кассадан еңбек ақы берілді – 140 000 теңге.

Сөйтіп, шаруашылық операциядардың нәтижесінде баланаста келесіндей өзгерістер болады:

1. Активті А + және А - А = П Активтігі бір бол көбей еді, ал екіншісі сол сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
2. Пассивті П + және П - А = П Пассивтің 1 бабы кқбейеді де, екіншісі сол сонаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
3. Көбею Жағына активті пассивті А + және П + А = П Бірдей санаға активтегі де, пассивтегі де баптар көбейді. Баланс валютасы да сол сонаға көбейеді.
4. Азаю жағына активті пассивті - және П - А = П Активтегі және пассивтегі баптар бірдей сонаға азаяды. Баланс валютасы сол сомаға азаяды.

+Кез келген шар о-яның нәтижесінде баланс А–і мен П-ң теге-теңдігі әрқашан сақталады.

Бухгалтерлік баланстың бірнеше түрлері көрсетуге болады.

Баланс – брутто – реттеуші баптарджы қамтитын баланс, сомалары құралдардың іс жүзіндегі өзіндік құнын анықтауда б. ж-қ байланысы бар басқа баптар сомаларынан алынып тастады шегеріледі. реттеуші баптарға негізгі қаржылардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизация сын т.б. жатқызуға болады.

Баланс – нетто – (немесе тазартылған баланс) бұл реттеуші баптар жоқ баланс. Бұл балансты пайдалану к/о-ң қардылық жасдайын талдауда тиімді. Мұндай баланстың мәліметтерік/о иелігіндегі шаруашылық қаржылардың нақты сомасын сипаттайды.

Бастапқы баланс – есепті кезеңнің 1-күніне жасалатын баланс.

Қорытынды баланс – есепті кезеңнің соңғы күніне жасалатын баланс.

Болуші баланс - бір-бірінен тәуелді бірнеше кәсіпорындардың жеке к/орға құрылымдық бөлімдерге немесе бір кәсіпорынға бөлінуі кезінде жасалатын баланс.

Жою баланс - шаруашылық субъектінің жойылуы кезінде жасалатын баланс.

Қазіргі уақытта ішкі, сыртқы және мамандандырылған баланстар құру тәжірибесі жүзеге асырылады.

Ішкі балансты к/о-ң оның филиалдың, құрылдық бөлім қызметін қарык-қ талдау, жоспарау, басқару және бақылау үшін қолданады.

Сыртқа баланс сыртқы пайдаланушылар үшін жасалады. Ол сыртқы пайдаланушылар үшін ең басты толық нақты ақпарат қайнар көзіб/т. Мұндай баланстың мазмұны, құрылымы, көқрсету тәртібі сыртқы пайдаланушыға сол елдің заңдылығымен, шаруашылық субъекттинің есеп саясатмен және пайдаланушының талаптарымен анықталады. Балансты мемлекеттік және салық органдарына, банктерге, қол биржаларына көрсетеді, бұқаралық ақпарат құралдарына, арнауы анықтамаларға жариялайды.

Мамандандырылған баланс нақты пайдаланушылар тобы үшін жасайды, м-ы. инвесторлар үшін. Оны құрудың мақсаты баланстың қандай да бір бөлігін жан-жақты ашып көрсету. Мұндай баланс ішкі, сондай-ақ сыртқы болуы мүмкін.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Бухгалтерлік балансқа анықтама беріңіз?

2.Бухгалтерлік баланстың құрылымы қандай?

3.Баланс активі қандай бөлімдерден тұрады?

4.Баланс пассиві қандай бөлімдерден тұрады?

5.Баланстың қандай түрлері бар?

4.Тақырып: Екі жақты жазу және бухгалтерлік шоттар.

Дәріс сұрақтары:

  1. Бухгалтерлік есеп шоттары бойынша түсінік.
  2. Шоттардағы екі жақты жазу.
  3. Шоттардың жіктелуі.

1. Кәсіпорында күнделікті көптеген шаруашылық операциялары жүргізіліп, мүлік, ақша қаржылары және міндеттемелер тұрақты қозғалыста болады да, құрамы мен орналасуы және қалыптасу қайнар көздері бойынша өзгеріп отырады.

Шаруашылық қызметті бақылап, басқару үшін белгілі бір кезеңге қаржылық өзгерісі туралы ақпараттар керек. Шаруашылық қаржыларының өзгерісі мен қозғалысын бухгалтерлік баланста бейнелеу мүмкін емес. Ол үшін өзара байланысты жүйеге біріккен бухгалтерлік шоттар қолданылады. Бухгалтерлік шоттар активтің, капиталдың және міндеттеменің әрбір түріне, сонымен қатар табыстар мен шығындарға да ашылады. Есептік кезеңдегі шаруашылық операциялардың есебі мен өзара байланысы құжат деректерінің негізінде шоттар көмегімен жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп шоты – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі. Шот – бухгалтерлік есептегі ақпаратты жинақтаушы. Шоттар негізінде есеп берушіліктің ең негізгі формасы – бухгалтерлік құрылады. Шотта, оның атына байланысты көрсеткіш туралы барлық ақпарат жинақталады. Мысалы: 451 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шотында осы кассаға келіп түскен және алынған ақшалар туралы ақпараттар толық болады.

Шоттың көрнекті түрде бейнеленуін «Т – шот моделі» сызбасымен көрсетуге болады. Бұл қарапайым модель үш элементтен тұрады.

- атауы;

- сол жағы – дебет;

- оң жағы – кредит.

Модель шаруашылық қызмет факторларын талдау үшін қолданылады және мынадай көріністе болады.

Шоттың атауы

 
 


Дебет Кредит

Сол жағында жазылған кез-келген жазба шотты дебеттеуді, оң жағындағы жазба шотты кредиттеуді білдіреді. «Дебет» және «Кредит» сөздері шоттың оң және сол бөліктерін бейнелеуге арналған бухгалтерлік терминдер. Бұл атаулар ежелден қалыптасқан. Шоттың әрбір жағы сомалардың азайғаны мен көбейгенін бейнелеуге арналған.

Шоттар бухгалтерлік баланс баптарымен тығыз байланысты. Сондықтан да олар активті және пассивті деп бөлінеді.

Активті шоттарда мүліктің барлық түрі, олардың бар болуы мен құрамы және қозғалысы есепке алынады. Активті шоттың алғашқы қалдығы тек дебеті жағында ғана болады. Қалдықты бухгалтерлік есепте «сальдо» деп те атайды.

Активті шоттардағы жазбалардың сызбасы төмендегідей:

Шот атауы

Дебет Кредит

 
 


Есептік кезең басындағы қалдық

(Са)

Шаруашылық операциялардың Шаруашылық операциялардың

әсерінен сомалардың өсуі әсерінен сомалардың кемуі

 
 


Дебет бойынша айналым жиыны Кредит бойынша айналым жиыны

Есептік кезең соңындағы қалдық

(Са)

Есептік кезең соңындағы активті шоттың сальдосы келесідей жолмен табылады.

Сс=Са+∑ дебеттік айналым - ∑ кредиттік айналым. Соңғы қалдық тек қана дебеттік болады.

Пассивті шоттарда шаруашылық қаржыларының қалыптасу қайнар көздері мен міндеттемелер есептеледі. Мұнда алғашқы қалдық кредит жағында көрсетіледі.

Пассивті шоттардағы жазбалардың сызбасы төмендегідей:

Шот атауы

Дебет Кредит

 
 


Есептік кезең басындағы қалдық (Са)

Шаруашылық операциялардың Шаруашылық операциялардың

әсерінен сомалардың кемуі әсерінен сомалардың өсуі

 
 


Дебет бойынша айналым сомасы Кредит бойынша айналым сомасы

Есептік кезең соңындағы қалдық (Са)

Пассивтік шоттардағы есептік кезең соңындағы қалдық мынадай түрде анықталады:

Сс=Са+∑ кредиттік айналым - ∑ дебеттік айналым.

Осыларды айта келіп, мынадай түйін жасауға болады:

- активті және пассивті шоттарда дебет және кредит қарама-қарсы мағынада болады;

- активті шоттарда дебет қалдық пен көбеюді, ал кредит мүлік пен міндеттемелердің азаюын көрсетеді;

- пассивті шоттарда, керісінше кредит қалдық пен көбеюді, ал дебет – қайнар көздердің азаюын көрсетеді;

- жаңа немесе соңғы қалдық (есептік кезең соңындағы) алғашқы қалдықтың қай жақта болғанына сәйкес, дебет жағында болса – дебетке, кредит жағында болса – кредитке жазылады.

2. Қосарлы жазу жүйесі Қайта жаңару дәуірінде пайда болды. Оның алғашқы жүйелік жазды. 1494 жылы пайда болды. (Колумб Американы ашқаннан кейін екі жылдан соң). Есептің қарапайым тәсілі шаруашылық қызметтің даму дәрежесіне сәйкес келе алмады. Сондықтан да ХV ғасыр соңында итальяндық ғалым-математик Лука Пачоли есептің жаңа жүйесін – екі жақты бухгалтерияны жасап шығаруы кездейсоқтық емес.

Екі жақты жазу жүйесі қосарлық принципке негізделген. Өйткені, барлық экономикалық құбылыстар екі аспектіден құралады: көбею мен азаю, пайда болу мен жоғалу, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.

Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.

Шаруашылық операцияға қатысатын шоттар корреспонденттелетін шоттар деп аталады. Шаруашылық операцияны шоттарға жазу бухгалтерлік жазба (проводка) деп аталады.

Екі бухгалтерлік жазбада екі шоттың балансы болса қарапайым жазба, ал, бірнеше шот қатысатын болса, күрделі жазба деп аталады.

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы есептелетін шаруашылық операциялар көлеміне байланысты шоттар синтетикалық (жалпылаушы) және аналитикалық (талдамалы) болып бөлінеді.

Синтетикалық шоттар деп қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.

Талдамалы шоттар деп синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды. Олар қаржылардың, қайнар көздердің жекелеген түрлерін бейнелейді. Талдамалық шоттарда тек құндық өлшемдер ғана емес, табиғи өлшемдер де қолданылады. Талдамалық шоттарды субъект өзінің қаржылық есеп берушілігін толығырақ ашу үшін өзі анықтайды.

Синтетикалық және талдамалық шоттардың арасында өзара байланыс бар. Талдамалық шоттардың біртекті тобы белгілі синтетикалық шотқа бірігеді, және керісінше, талдамалық шоттар синтетикалық шоттың дамуына әкеледі. Тәжірибеде, синтетикалық және талдамалық шоттармен қатар субсчеттар қолданылады. Оларды синтетикалық шоттың ішіндегі біртекті талдамалық шоттардың көрсеткіштерін қосымша топтау үшін енгізеді.

3.Шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерін нақты ерекшеліктерін бейнелеуден тәуелді түрде бухгалтерлік шоттар келесі түрлерге бөлінеді:

- негізгі;

- реттеуші;

- операциялық;

- транзиттік;

- баланстан тыс.

Негізгі шоттар деп шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздері есептелетін шоттарды атайды. Оларды 6 топқа бөлуге болады:

Инвентарлық шоттар – негізгі құралдар, тауарлы-материалдық қорлар және басқа да бағалықтарды есептеуге арналған. Бұл бағалықтардың бар болуы түгендеу өткізу жолымен тексеріледі. Бұл топқа материалдық емес активтер, дайын өнім шоттары кіреді.

Қаржылық салымдар шоттары– басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталы мен бағалы қағаздарына салынған ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты жинақтау үшін қолданылады.

Ақшалай шоттар – ақшалай қаржылардың қозғалысын есепке алу үшін арналған. Құрылымы мен бағыты бойынша олар инвентарлық шоттарға ұқсас, оларға жолдағы ақша аударымдарының шоттары, кассадағы және есеп айырысу, валюталық және банктегі басқа да арнаулы шоттардағы ақшалар шоттары кіреді.

Ссудалық шоттар– еліміздегі және шетелдегі банктер мен банктік емес ұйымдардан алынған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақытқа) және ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары уақытқа) ұлттық және шетел валютасындағы несиелер мен басқа да қаржылар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.

Есептік шоттар– есеп айырысуға арналған шоттар, олар активті және пассивті болуы мүмкін.

Есептік активті шоттар: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы, берілген аванстар, басқа да дебиторлық қарыз.

Есептік пассивтік шоттар: дивиденттер бойынша есеп айырысу, еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыз, алынған аванстар, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулар, басқа да кредиторлық қарыздар мен есептеулер.

Капитал шоттарыкәсіпорынның жеке меншік капиталының есебіне арналған. Оған жарғылық капитал, төленбеген капитал, алынған капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) шоттары кіреді.

Реттеуші шоттар – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерінің жекелеген түрлеріне бағалауды реттеу, нақтылау үшін қолданылады. Бұл шоттардың дербес мағынасы жоқ. Оларды екі топқа бөлуге болады:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: