Семей 2012 4 страница

Алғашқы құжаттар шаруашылық операция, іс-әрекет жасалған мезетте топтастырылады. Алғашқы құжаттарды толтырған және қол қойған адамдар ондағы мәліметтердің нақтылығы мен құжатгардың сапалы құрастырылуына жауап береді. Құжаттардағы барлық көрсеткіштер толық толтырылып, бос бағаналар мен жолдар сызылып тасгалады. Алғашқы құжаттардың типографиялық тәсілмен шығарылған арнайы формалары болмаған жағдайда міндетті түрде келесі реквизиттер болуы керек:

- құжат аты;

- форма коды;

- құжат толтырылған дата;

- құжат тиесілі кәсіпорын оты;

- шаруашылық операция мазмұны;

- шаруашылық операция өлшемдері (мөлшері, сомасы),

- шаруашылық операцияны жасауға жауапты тұлғалардың аты-жөні,
қызметі, қолдары.

Қажет болған жағдайда қосымша реквизиттер де егізілуі мүмкін.

Орындалған есептік құжаттар архивте сақталады. Алғашқы құжаттардың сақталуы бухгалтерлік есепті дұрыс құруда маңызды роль атқарады. Есептік құжаттарды сақтау нормативті актілермен бекітілген уақыттар ағымында жүргізіліп, кез-келген уақытта кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау үшін немесе мемлекеттік органдар мен аудиторлық фирмалар талап еткен кезже мәліметтер алуға мүкіндік береді.

Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары, есеп саясатының басқа да құжаттары, мәліметтерді өңдеудің компьютерлік бағдарламалары бухгалтерлік есепте соңғы рет пайдаланылғанынан бастап бес жыл ағымында кәсіпорында сақталуы керек.

Бухгалтерлік есептің регистрлерін, бухгалтерлік есеп берушілікті және есептік құжттарды сқтауды ұйымдастыру үшін жауапкершілікті ұйымның басшасы алады.

Бухгалтерлік есеп көптеген регистрлерде жүргізіледі. Есептік ақпарат үшін әр түрлі кітаптар, карточкалар, журнал ордерлер, тізімдемелер және жеке беттер бірізділікпен қолданылады. Осының өзі бухгалтерлік есептің әр түрлі формаларының қалыптасуын талап етеді.

Бухгалтерлік есептің формасы – есеп үрдісін ұйымдастыруды, шаруашылық операцияларды тіркеудің әдістемесі мен техникасын және синтетикалық, талдамалық есептердің байланысын көрсететін есептік регистрлардың жиынтығы.

Бухгалтерлік есеп формасының бірін екіншісінен ажырататын белгілер төменде көрсетілген:

- қолданылатын регистрлардың саны, олардың бағыты мен мазмұны және сыртқы түрі;

- синтетикалық және талдамалық есептің хронологиялық жүйелік регистрларының өзара байланысы;

- есеп регистрларына жазбаларды түсіру тәсілдері мен бірізділігі;

- бухгалтерлік есепте автоматтандыру құралдарын пайдалану деңгейі.

Кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есеп формаларын өзінің салалық ерекшелігі, мен қызметінің масштабына, шаруашылық шарттарына қарай таңдайды. Бухгалтерлік есеп формаларының қайсысы болмасын ақпаратты жоғары дәрежелі дәлдікпен өңдеп, есеп берушіліктерді жылдам дайындуы керек.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда қолданылатын есеп формасы олардың құрылымынан, қызмет түрі мен техникалық және компьютерлік жарақтануынан тәуелді. Таңдалған есеп формасы кәсіпорынның есептік саясатының құрамдас бөлігі.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Есептік кезең нені білдіреді?

2.Қаржылық есеп берушілікті даярлау қандай кезеңдерден тұрады?

3.Қаржылық есеп берудің элементтері қандай?

4.Қаржылық есеп бері элементтерін қалай таниды?

5.Есеп регистрлеріндегі қателерді қалай түзетеді?

6.Тақырып: Табыстар және ақшалай қаржылар есебі

Дәріс сұрақтары:

1.Ақшалай қаржылар және олардың эквиваленттері

2. Ағымдағы банктік шоттағы ақшаның есебі

I. Барлық кәсіпорындар өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.

Ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалар арсында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:

есеп айырысу шоттары-шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;

ағымдағы шоттар-жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйыидар мен жеке тұлғаларға;

бюджеттік шоттар-Қазақстан Респбуликасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;

Корреспонденттік шоттар- корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк мекемелерінде және өз арасында.

Ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем патсырмасы, чектер, аккредетивтер, төлем-талап-тапсырмалары, көлікпен пен темір жолмен есеп айырысу жөніндегі жиынтық талаптар.

Ақша қаражаттары мен есеп айырысу арасындағы шартпен айқындалады.

Субъектілердің арасындағы келісім бойынша өзара талаптар мен міндеттемелерді есептеу жургізілуі мүмкін.

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу, төлемталап тапсырмалары арқылы есеп айырысу, жиынтық талаптар арқылы есеп айырысу, өзара талаптар мен міндеттемелерді есеп алу, векселдермен есеп айырысу.

Ақша қаражаттарының сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің касссасы болады. Касса орналасқан үй-жайы кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен-сақтау сигнализация құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сәйкес оқшаулануға әрі жабдықталуға тиіс. Субъектілер басшылары ақшаның кассада, сондай-ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Белгілі бір субъектіге тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады. Субъект өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдалануы керек. Ең аз мөлшерден тыс нақты ақшаны субъект есеп айырысу шотына қоса есептеу үшін банк мекемесіне өткізуге тиіс.

Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъект басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.

Кассадағы операциялар активті жинақтаушы шоттарда:

1010— «Кассадағы нақты ақша» шотында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Кассаға ақша қабылдау бас бухгалтер қол қоятын касса кіріс ордерлері (ү.№КО-1) бойынша жүзеге асырылады. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды түлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақша билеттері мен теңге ақшаларды қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықгау тәртібі белгілерін» басшылықңа алуға міндетті.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен (ү.№КО-2) немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлемдер тізімдемелерімен, ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді.

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомосқа (төлем тізімдемесі) қоса тіркейді.

Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.

Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдем-ақылар мен сыйлықтар төлемдерінің ведомосы бойынша таратылады, оның қасбетінде (титул) ақша беретін мерзімі жазумен жалпы сомасын көрсете отырып басшы мен бас бухгалтердің рүқсат жазбасы көрсетіледі.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен бойда кассир төлем тізімдемесіне еңбекақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың тегі тұсына мөртабан соғады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)» деген жазу жазылады.

2. Тиісті заңдарға сәйкес барлық субъектілер өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелеріндегі есеп айырысу шоттарында ақша қаражаттарын сақтауға міңдетті. Бсеп айырысу шоттары мына төмендегі құжаттар негізінде ашылады:-шотты ашуға берілетін өтініш;

- қойылатын қолдар мен мөртаңбалары үлгілерімен карточкалары;

- субъектінің салық есебіне қою дерегін растайтын салық қызметі органының анықтамасы;

- мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

- жарғы көшірмесі;

- құрылтай шартының көшірмесі /құрылтайшылар саны біреуден асқан ретте/.

Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар қолданылып жүрген заңдармен реттеледі және әдетте, ақша қаражаттары еркін қалдығының шегінде шот иесінің жазбаша бұйрықтары негізінде жүргізіледі. Шот иесінің /акцептік/ келісуі бойынша жеткізушілер мен мердігерлердің төлем талап-тапсырмалары бойынша ақша қаражаттарын есептеп шығару жүзеге асырылады. Қаражаттардышот иелерінің келісімінсіз есептен шығару бюджетке қосымша төленетін салықтарын, айыппұлдарын өндіріп алу кезінде жәнеөндіріп алушылар өкімі бойынша қаражаттарды есептен шығарудыңдаусыз тәртібі белгіленген жағдайларда жүргізіледі.

Банктегі есеп айырысу шоты мен басқа да шоттар операцияларын рәсімдеулерге мына құжаттар қолданылады.

Чек-шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы. Кәсіпорын алатын ақшаның мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіледі, оны бір дана етіп сиямен жазады. Бұл ретте онда түзетулерге жол берілмейді. Чекпен бір мезгілде чек кітапшасында сақталатын түбірі толтырылады. Атаулы /алушының тегі көрсетілген/ және ұсыным /ұсынушыға берілетін/ чектері болуы мүмкін. Алғашқы чектердің неғұрлым артықшылығы болады, өйткені ол қиянат жасау әрекеттеріне жол бермейді. Чектер берілген күнін есептемегенде 10 күнге дейінгі мерзімге жазылады. Егерде төлем чектің жоғалуы немесе ұрлануы туралы хабарлауды алғанға дейін жасалатын болса, банк жоғалган немесе ұрланган чек бойынша ақша төлегені үшін жауапты болмайды

Нақты акша жарнасына берілетін хабарлама - Шот иесінің банктегі оның шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және нақты ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді, ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі /хабарлама төменде келтіріліп отыр/.

Төлем тапсырмасы

Есеп айырысу чегі

Төлем талап тапсырмасы

Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасындағы валюта операцияларын жүргізудің Ережелері» валюта операцияларын жүргізу үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы резидентгер мен резидент еместер жүргізген барлық валюта операциялары тек өкілетті банктер мен айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асырылады. Өкілетгі банктер мен айырбастау пункттеріне соқпай жүргізген кез келген операцияларға тыйым салынады. Айырбастау операцияларынан басқа валюта операцияларын жүргізу үшін, өкілетті банктердің бірінен, яғни есеп айырысу шоттары орналасқан жерде валюта шоттарын ашады. Соңғылары өздерінің қызметтерінен валюта операцияларын жүргізген кезде өткізілетін операцияларға қатысты кез кел-ген хабарлама мен құжаттарды талап етуге құқылы.

Валюта операцияларын жүргізген кезде клиентгер банктерге валюта операциялары туралы хабарлама мазмұндалатын тиісінше рәсімделген құжаттарды береді. Рұқсат немесе ұлттық банктің лицензиясы талап етілетін валюта операцияларын өткізген жағдайда клиенттер оған құжаттардың көшірмесін тапсырады.

Резидент емес-заңды түлғалармен шетел валюсында есеп айырысуларды резидент-заңды тұлғалар өздерінің шоттарында бар валюта қаражаттары шегінде нақты ақшасыз төлеу тәртібінде жүзеге асырады. Валюта қаражаттарының шығу тегі жария болуга тиіс және мына төмендегі көзделген заңды жолмен алынуы мүмкін болады: экспорт валюта түсімі; жарғылық капиталға жарналар; резиденттер еместердің қаржы көмегі /грантгар/; өкілетті банктерден, шетел банктерінен, қаржы мекемелерінен және басқа да шетелдік заңды тұлғалардан алынатын валюта несиелері, сондай-ақ резиденгтер емес жеке тұлғалардан алынатын займдар; өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы ішкі рынокта теңгеге сатып алынған валюта.

Заңды түлға - резидентке үшінші түлға үшін келісім-шарттар төлемі бойынша валюта операцияларына, сондай-ақ, нақты ақша түрінде есеп айырысуларды жүзеге асыруға тыйым салынады. Шет мемлекеттерінің ақша бірліктеріне салық салу; бухгалтерлік есеп пен кеден телемдері мақсаттарына арналған теңгенің ресми бағамын ішкі валюта рыногындағы айырбас операцияларының бағамдары негізінде Ұлттық банк белгілейді және ол баспасөзде жарияланады.

Теңгедей және шетелдік валютамен жүзеге асырылатьш жолдағы ақша аударымдарын есепке алу жүргізіледі.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Ақша эквиваленттерін қалай түсінесіз?

2.Кассадағы ақшалардың есебі қалай жүргізіледі?

3.Ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақшалардың есебі қалай жүргізіледі?

4.Жолдағы ақшалар деген не?

5.Ақшасыз есеп айырысулардың қандай түрлері бар?

7.Тақырып: Қорлар және өткізілген өнімнің өзіндік құны.

Дәріс сұрақтары

1. Қорларды жіктеу және бағалау

2.Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі

І. Қорлар келесі активтер түрінде болады: өндірісте пайдаланылуға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартлай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі арасында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

Материалдық құндылықтар есепке алу үшін мына төмендегі негізгі міндеттемелердің орындалуы шарт: босалқылардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және уақытында құжаттау, көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқы қорларды тауап сату; сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін, есепке алу 1310 «Шикізат пен материалдар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттарында жүзеге асады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1311 «Шикізат және материалдар», 1312 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар», 1313 «Отын», 1314 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 1315«Қосалқы бөлшектер», 1316 «Басқа материалдар», 1317 «Қайта өңдеуге берілген материалдар», 1318 «Құрылыс материалдары». Қәсіпорындар әрбір шот бойынша материалдарды есепке алатын қажетті аралық шоттар мен талдамалы шоттар аша алады.

Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа босалқы материалдар баланста олардың нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепте көрсетіледі; талдамалы есепте – тұрақты есеп бағасымен көрсетіледі.

Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық құндылықтарды бағалаудың келесі әдістері ұсынылады: арнайы ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алыңған босалқылардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі, соңғы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша бағалау әдісі («ЛИФО»).

1310 «Шикізат пен материалдар» бөлімшесінің шоттарында құндылықтардың төмендігідей түрлері есепке алынады:

«Шикізат және материалдар»- өндірілетін өнімнің негізін жасайтын немесе оны дайындаудың компоненттері болып табылатын шикізат пен материалдар. Сондай-ақ, осы шотта мұндай өнімді жасауға қатысатын және шаруашылық мүдделеріне, техникалық мақсаттарға арналған және өндіріс барысына атсалысатын көмекші материалдар да есепке алынады.

«Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшктер»- өндірістік кооперация тәртібі мен өндірілуші өнімді жабдықтау үшін алынған және өндіруге немесе жинауға шығындарды талап ететін сатып алынған жартылай шикізаттар мен дайын құрастырушы бұйымдар.

«Отын»- мұнай өнімдерінің, қатты және басқа отын түрлерінің бәрін есепке алады. Мұнай өнімдеріне көлік құралдарын пайдалану үшін, өндірістің технологиялық қажеттіліктеріне, қуат және жылу алу үшін пайдаланылатын жанар-жағар майдың барлық түрлеріне, яғни көмір, шымтезек, ағаш, сексеуіл жатады. Отынның басқа түрлерін газ отыны, жанатын тақта тас құрайды.

«Ыдыс және ыдыстық материалдарға»- жабдық-ыдыс және шаруашылық мүліктері (цистерналар, бөшкелер, флягалар) сияқты пайдаланылатынан басқа ыдыстардың бәрі, соның ішінде ыдысты пайдалану мен жөндеуге арналған(жәшіктерді құрастыратын бөлшектер, бөшкелік жапсырма, дөңгелек темір) материалдар мен бөлшектер де кіреді.

«Қосалқы бөлшектер»- машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдары мен техниканың басқа түрлерінің(детальдар, агрегаттар, аккумуляторлар, автомобиль шиналары) тозған бөліктерін ауыстыру, жөндеу үшін арналған қосалқы бөлшектерді.

«Басқа материалдар»- өндірістің жарамсыз қалдықтары, жөнделмейтін ақау, негізгі құралдарды жоюдан алынған құндылықтар, тозған шиналар, ескі резиналарды.

«Қайта өңдеуге берілген материалдар» - басқа жаққа қайта өңдеуге берілген және қайта өңдеуден кейін алынған бұйымдардың өздік құнына енгізілетін материалдарды;

«Құрылыс материалдары» (құрылыс салушы кәсіпорындар пайдаланылады) – құрылыс бөлшектерін дайындау үшін, құрылыс және монтаждау жұмыстарын тікелей жүргізу кезінде пайдаланатын құрылыс материалдары. Бұл шоттар құрылыс қажетіне керек басқа да құндылықтар есепке алынады. Мысалы: қопарғыш заттар, қағаз.

1310 «Шикізат пен материалдар» бөлімшесі шоттарының дебеті бойынша айдың басы мен соңындағы қалдықты, материалдардың түсуін көрсетеді; кредиті бойынша – олардың жұмсалуын көрсетеді. Материалдық қорларды заттай және ақшалай өлшемдермен есептейді. Материалдық босалқылардың қозғалысына байланысты барлық операциялар бойынша құжаттар дайындалып, шығарылады. Материалдық босалқылардың қабылдануымен байланысты келіп түскен құжаттар (шот-фактуралар, төлем талап тапсырмалары, тауарлық көліктік жөнелтпе қағаздары) жабдықтау бөліміне тексеруге және акцепке қабылдауға беріледі. Бұл жерде оларды келіп түскен жүктерді есепке алатын журналға тіркейді. Бұл журнал қорлардың түсуі мен кіріске енгізілуін бақылауға, сондай-ақ шоттарды төлеу мерзімдерін немесе акцептен бас тартуды жедел түрде бақылауға арналған.

Материалдардың қозғалысын есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланылады.

Сенімхат. Материалдық қорларды қабылдау кезінде лауазымды тұлғаның, субъектінің сенімді өкілінің құқысы бар адамға сенімхатты рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. Материалдық құндылықтардың алынғандығын, берілген сенімхаттаоды есепке алатын, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға тіркейтін субъектілер қолданады.

Берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы. Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданылады. Сенімхатты пайдаланған кезде оның берілгендігі және алынғандығы сенімхаттың түбіртегіне жазылады. Мұндай жағдайда берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы жүргізілмейді.

Кіріс ордері жабдықтаушылардын немесе өңделгеннен кейін субъектілерге келіп түсетін босалқыларды есепке алуға қолданылады. Босалқылар қоймаға келіп түскен күні материалдық жауапкершілігі бар тұлға кіріс ордерін бір дана етіп толтырады.

Материалдардың қабылданғаны туралы акт. Жабдықтаушылардың жолдама құжаттарындағы мәліметтерден сандық және сапалақ айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдағанда жасалады. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні екі дана етіп жасайды. Құндылықта қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлық-көліктік жөнелтпе қағаздар, спецификациялар т.б.) актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі-жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе бухгалтерияға жіберіледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: