Семинар №13 А» вирусты гепатиті

Тақырыбы: Паразиттік тері аурулары. Вирусты гипатит,ӨРВИ,ӨРА

А» вирусты гепатиті

«А» вирусты гепатитімен аурушаңдық бүкіл әлемге кең таралған. Ашық көрінген маусымдылығы бар: ең жоғары аурушаңдық күзгі-қысқы мерзімде белгіленеді. «А» вирусты гепатиті үшін аурушаңдықтың мерзімді көтерілуі тән, ол әр 5-7 жыл сайын тіркеледі.

Соңғы 10 жылда облыс бойынша «А» вирусты гепатитімен аурушаңдықтың нақты төмендеуі белгіленді және республика бойынша ең төмен болып табылды. Солай 2000 жылдан 2009 жылды қоса мерзімде аурушаңдық 261-ден 25 жағдайға төмендеді, яғни 10 есе.

2011 жылғы 7 ай ішінде облыста «А» вирусты гепатитімен 13 науқас тіркелді (2010 жылы ұқсас мерзімде 18 жағдай), аурушаңдық көрсеткіші республикалықтан 2 есе.

«А» вирусты гепатиті ауыр зақымдануды болдырмайды және көбінесе ауру айқын белгісіз жеңіл түрде өтеді (99% сауығып кетеді).

Жұқпаның көзі тек ауру адам болып табылады.

«А» вирусты гепатиті қатынастық-тұрмыстық жолмен, кір қол арқылы, жеке гигиена сақтамаған кезде беріледі. Сол сияқты«А» вирусты гепатитімен жұққан азық-түлік немесе суды тамаққа пайдалану кезінде беріледі.

«А» вирусты гепатиті үшін инкубациялық кезең (жұқтыру кезеңінен алғашқы белгілердің пайда болуына дейін) 7 күннен 50 күнге дейін, орташа 35 күнге созылады.

Жағдайдың қиындауы «А» вирусты гепатитінің сыртқы орта факторларының іс-әрекетіне тұрақты. Вирус +40С температурасы кезінде бірнеше ай бойы сақталады, - 200С кезінде бірнеше жыл, үй температурасында бірнеше апта сақталады, ал вирусты қайнатқан кезде 5 минутте өледі, ультракүлгінмен сәуле түсіргенде 1 минут ішінде өледі, зарарсыздандыратын құралмен суға салып қойса 30 минут ішінде өледі.

«А» вирусты гепатитын алдын алу жеңіл, гигиенаның қарапайым ережелерін сақтаса: тамақтану алдын қол жуу және дәретханаға барғаннан кейін қол жуу; жуылмаған көкеністер мен жемістерді жемеу, ашық су көздерінен (өзен, көл, бассейн, фонтан және т.б. сулары), суару су құбырынан қайнатылмаған суды ішпеу, үй-жайларды таза ұстау.

Вирустық гепататтердің алдын алудың маңызды шаралардың бірі өзгеше алдын алу ретінде А вирустық гепатитіне қарсы вакциналау өткізу болып табылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: