Орналасады

Төмендегі мысалда, жоғарыда айтынған үш түрлі туралау түрлері қолданылып, үш суреті бар HTML құжаты келтірілген.

<HTML> <HEAD> <TITLE> ІMG тəгінде ALІGN атрибутын қолдану </TITLE>

</HEAD>

<BODY> <P> <IMG SRC=dog.jpg ALIGN=TOP>

Бұл мəтін суреттің жоғарғы жағында орналасады.

<P> <IMG SRC=dog.jpg ALIGN=MIDDLE>

Бұл мəтін суреттің ортасында орналасады.

<P> <IMG SRC=dog.jpg ALIGN=BOTTOM>

Бұл мəтін суреттің төменгі жағында тұрады.

</BODY>

</HTML>

<HTML>

<HEAD> <TITLE> ІMG тəгінде ALІGN атрибутын қолдану </TITLE> </HEAD>

<BODY>

<P> <IMG SRC=fish.jpg ALIGN=LEFT>

Бұл мəтін суреттің жоғарғы оң жағында орналасады.

<P> <IMG SRC=fish.jpg ALIGN=MIDDLE>

Бұл мəтін суреттің ортасында орналасады.

<P> <IMG SRC=fish.jpg ALIGN=RIGHT>

Бұл мəтін суреттің жоғарғы сол жағында орналасады.

</BODY> </HTML>

3.Гиперсілтемелерді сыртқы файлдарға(суреттік, мәтіндік) жасау.

HTML-да мəтіннің бір фрагментінен екіншісіне ауысу үшін

<A HREF="[ауысу адресі]"> мəтіннің белгіленген фрагменті </A >

тəгінің көмегімен орындалады, [ауысу адресі] параметрінің орнына аргументтердің бірнеше түрін қолдануға болады. Ең қарапайымы – ауысатын HTML құжаттың атын беру. Мысалы:

<A HREF="pr2.htm"> Мазмұн </A>

Бұл мысалдағы HTML-құжатта Мазмұн деген белгіленген фрагмент пайда

болады, оған тышқан курсорын апарып басқанда, келесі терезеде pr2.htm

құжаты ашылады.

Мынаған назар аударыңыз: Егер адресте каталог (бума) көрсетілмесе, онда

ауысу ағымдағы каталог ішінде орындалады. Ашылған файлды көріп болғаннан кейін артқа қайтып оралу үшін браузердің құралдар тақтасындағы КЕЙІН (НАЗАД) батырмасын шерту керек.

Сонымен, егер сіз бір буманың ішінде орналасқан жəне бір-біріне сілтеме

жасайтын бірнеше HTML-құжаттар дайындасаңыз, бұл құжаттарды жергілікті желінің немесе Интернеттің басқа компьютер бумаларына орналастырсаңызда дəл бұрынғыдай жұмыс жасайды. Енді сіз Интернетке қосылмай-ақ көптеген құжаттар коллекциясын дайындауға мүмкіндігіңіз бар. Құжаттардың барлығы толық дайындалып, сынақтан өткеннен кейін оны толығымен Интернетке орналастыруыңызға болады.

4.Құжаттың ішкі элементтеріне сілтеме жасау. Мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану.

Қажет болған жағдайда сілтемеді қандайда бір құжатқа емес сол құжаттың

ішіндегі белгілі бір сөзге де жасауға болады. Ол үшін сілтеме барысында

ашылатын құжатта қандайда бір сүйеніш нүктесін немесе анкер ашу керек.

Мысал арқылы талдайық.

Мəселен, pr1.htm құжатынан pr2.htm құжатының “Ауысу аяқталды”

(құжаттар бір буманың ішінде орналасқан) деген сөзіне көшу керек делік.

Алдымен, pr2.htm файылында мынадай анкер ашу керек:

<A NAME="AAA">Ауысу аяқталды</A>

“Ауысу аяқталды” сөзі мəтінде ешқандай белгілеусіз жазылады. Енді

pr1.htm файылында осы анкерге көшуді анықтау керек:

<A HREF="2.htm#AAA"> AAA анкеріне ауысу </A>

Анкерге ауысуды pr2.htm құжатының ішінде де орындауға болады, ол үшін

құжат ішіне мынадай фрагмет қосу жеткілікті:

<A HREF="#AAA"> AAA анкеріне ауысу </A>

Бұл көлемді құжаттар жасағанда, оның басына бөлімдер тақырыбында орна-

ласқан анкерлерге сілтеме жасайтын мазмұнды орналастыруға қолайлы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow