Function F(num)

{

var len = num? 0: 1;

While(num)

{

num = (num - num % 10) / 10;

len++;

}

return len;

}

var sum = 0;

var num1, num2, num3;

num1 = prompt(" Бірінші санды енгізіңіз ", "");

sum += F(numl);

num2 = prompt(" Екінші санды енгізіңіз ", "");

sum += F(num2);

num3 = prompt(" Үшінші санды енгізіңіз ", "");

sum += F(num3);

alert(" Енгізілген цифрлардың жалпы саны: " + sum);

Браузер бұл скриптіні былай орындайды. Мұндағы мына тізбек:

Function F(num)

{

...

}

бірден орындалмайды, бірақ браузер «F атты функция сипатталды» деген мəлі-

метті есте сақтайды. Өйткені function түйінді сөзі жəне оның блогы {...} коман-далар тізбегі емес, тек декларация (хабарлама, сипаттама) ғана болып саналады.

Функциядан кейін орналасқан командалар əдеттегідей орындалады. Соның

ішінде F функциясы кездессе, браузер функция сипаттамасына оралып, оның формальді аргументі num орнына num1, num2, num3 тəрізді нақты параметр-

лерді қойып орындап шығады. Негізінде параметрлерді ауыстыру кезінде

браузер F функциясын орындамай тұрып, мынадай меншіктеулер жасайды:

num = num1; — содан соң F(numl) орындау;

num = num2; — содан соң F(num2) орындау;

num = num3; — содан соң F(num3) орындау.

Жалпы функцияны сипаттау былай атқарылады:

function Функция _ аты ( үтірмен бөлінген формальді аргументтер тізімі )

{

...

функция тұлғасы

...

return ( мəні );

}

return командасы программада қолданылатын функция мəндерін анықтайды, ол бірнешеу болуы да мүмкін, тіпті болмауы да мүмкін. Ол болмаса, функция

ешқандай мəн бермейді, мұндайда функцияны өрнектерге енгізуге болмайды. Мысалы, мəні жоқ функцияны меншіктеу командасында пайдалануға болмайды.

Функцияны шақыру (пайдалану) былай орындалады:

Функция _ аты ( үтірмен бөлінген нақты аргументтер тізімі )

Нақты аргументтер ретінде тұрақты, айнымалы, өрнек немесе сан қолданылады.

F атауын функцияға дұрыс берілген атау деп айта алмаймыз, мұнда математика-

дағы сияқты функция бір əріппен белгіленген. Программалауда бір əріппен емес,

бір сөзбен белгілеу қалыптасқан, ол функция əрекетін білдіретін сөз болуы тиіс. Жоғарыда келтірілген мысалда DlinaChisla немесе LenOfNumber атаулары F

атауына қарағанда түсініктірек болар еді. Функция аты шектелмейді, бірақ ол бір сөзден ғана тұруы тиіс (бос орын болмауы керек). Атау латын əріптері мен цифрлардан тұрады, астын сызу таңбасын қолдануға болады. Орыс, қазақ əріптерін пайдалануға болмайды. Атаудың алғашқы символы əріп немесе астын сызу таңбасы болуы керек. Əріптер регистрі бірдей болып қабылданбайды.

27. JavaScript while және do… while циклдері, айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

while циклінің орындалуы: алдымен шарт тексеріледі. Егер ол ақиқат болса,

командалар (цикл тұлғасы) орындалады. Келесі жолы да осы əрекеттер қайталанады, яғни шарт тексеріледі, егер ол ақиқат болса, цикл орындалады, т.с.с. Кезекті тексеру кезінде шарт жалған болған кезде, цикл жұмысы аяқталады. Циклде шарт алдын ала тексерілетін болғандықтан, ол бір де бір рет

орындалмауы да мүмкін.

Жалпы жазылуы: while( шарт )

команда;

Мысалы:

var i = 1;

var sum = 0;

while(i <= 100)

{

sum += i;

i ++;

}

alert(" Қосынды 1 + 2 +... + 100=" + sum);

do while операторы while операторымен өте ұқсас, тек 1 ғана айырмашылығы шарттың ең соңында ғана тексерілетіндігінде және денедегі барлық іс-әрекет ең болмағанда 1 рет орындалады. Ал while операторында іс-әрекет орындалмауы да мүмкін,себебі онда шарт алдымен тексеріледі.

do while операторына мысал:

do {
  var a = prompt('Введите число 23','');
  if (a == 23) {alert('Условия выполнены!');}
  else {alert('Условия НЕ выполнены!');}
  }
  while((isNaN(a)) || (a!= 23));

28. JavaScript for функциясын пайдалану. Циклдерді практикалық түрде пайдалану.

Төменде for циклының жалпы жазылу түрі мен алдыңғы мысалдың осы команда

арқылы орындалуы көрсетілген.

Жалпы жазылу түрі:

for ( цикл басы;шарты;қадамы )

команда;

Мысалдар

var i;

var sum = 0;

for(i=1; i<=100; i ++)

sum += i;

alert (" Қосынды 1 + 2 +... + 100 = " + sum);

Цикл жұмысы келесі түрде атқарылады: циклдегі алғашқы теңдік жүзеге

асырылып (мысалдағы i=1; командасы),содан соң келесі əрекеттер орындалады:

- шартты тексеру (мысалдағы i<=100);

- цикл тұлғасын орындау (мысалдағы sum+=i);

- қадамды көрсету командасын орындау, (мысалдағы i++).

Егер шарт бірден жалған болса, while командасындағы сияқты цикл тұлғасы бір

Де бір рет орындалмауы да мүмкін. Мұндайда қадам беру командасы да орындалмайды. Ал циклдің алғашқы командасы əрқашанда кем дегенде бір рет орындалады. Цикл басындағы for жолының үш командасының – басы, шарты, қадамы кез -келгені жазылмай кетуі де мүмкін, бірақ олардың арасында тұратын нүктелі үтір міндетті түрде сақталады. Егер шарт көрсетілмесе, оның мəні

ақиқат (true) болып саналады. Мұндайда, цикл шексіз түрге айналып кетеді:

for (;;) команда

Бұл цикл шексіз орындала береді, яғни аяқталмайды.

Оны тек цикл ішіндегі break командасы көмегімен ғана аяқтауға болады.


29. JavaScript логикалық операциялары.

Шарт ретінде логикалық өрнектер де жазыла береді, ондайда келесі логикалық операциялар қолданылады:

Логикалық қатынас операциялары кез келген типтегі операндқа қолданыла береді.

Операция нəтижесі – салыстыру мəндері дұрыс болса, логикалық true, ал оған кері

жағдайда – false мəні болып табылады.

! (логикалық ЕМЕС) операциясы логикалық типтегі операндтарға қолданылады, егер

операнд мəні true болса, онда!а өрнегінің мəні – false, ал егер операнд мəні false

болса, онда!а = true болады.

А&&В өрнегінің мəні – екі операнд мəндері де ақиқат болғанда ғана ақиқат, қалған

жағдайларда жалған болады. А| |В өрнегінің мəні – кем дегенде, бір операнд ақиқат болса, ақиқат, ал басқа жағдайларда – жалған болып саналады.

Символдар тізбегінен тұратын тіркестік мəндер үшін символдарды конкатенациялау

( біріктіру ) операциясы анықталған. Операция «плюс» белгісімен белгіленеді. Бұл операцияның нəтижесі екі операндтар тізбегінен құралатын жаңа сөз тіркесі болады, мысалы, төмендегі меншіктеу операторының орындалуы нəтижесінде

st = "озат "+"студент"

st айнымалысы "озат студент" мəнін меншіктейді. Тағы бір мысал

қарастырайық. Мынадай екі оператор берілген болсын:

stl = "озат "; st2 = "студент"

Төмендегі операторды орындау нəтижесінде

stl += st2

st1 айнымалысы "озат студент" мəнін меншіктейді.

Операцияның басымдылығы өрнектегі амалдардың орындалу реттілігін анықтайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: