Бап. Реквизициялау

1. Дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, iндеттер, соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде немесе соғыс уақытында және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлiк қоғам мүддесi үшiн мемлекеттiк органдар шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен жағдайларда меншiк иесiнен оған мүлiктiң құны төлене отырып алып қойылуы мүмкiн (реквизиция).
2. Меншiк иесiне реквизицияланған мүлiктiң құны өтелген бағаны оның сот тәртiбiмен даулауына болады.
3. Мүлкi реквизицияланған адам реквизиция жүргiзуге байланысты жағдайлар тоқтатылған кезде сақталған мүлiктi өзiне қайтарып берудi сот арқылы талап етуге құқылы.
Ескерту. 253-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.03.02 N 211, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!
254-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

254-бап. Тәркiлеу

Заң құжаттарында көзделген реттерде мүлiк меншiк иесiнен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшiн санкция түрiнде сот тәртiбiмен тегiн алынуы мүмкiн (тәркiлеу).

255-бап. Жер учаскесін және басқа да табиғи ресурстарды
алып қоюға байланысты жылжымайтын-мүлікке меншік
құқығының тоқтатылуы

Ескерту. 255-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Мемлекеттiк органның меншiк иесiнен мүлiктi алып қоюға тiкелей бағытталмаған шешiмiне, соның iшiнде меншiк иесiне тиесiлi үй, өзге де қора-қопсы, құрылыстар немесе өсiмдiктер бар жер учаскесiн алып қою туралы шешiмiне байланысты қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының заң құжаттарымен белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана меншiк иесiне құны тең мүлiк берiп және өзге де келтiрiлген залалдарын өтей отырып немесе меншiк құқығының тоқтатылуынан келтiрiлген залалдарын толық көлемiнде өтей отырып тоқтатылуына жол берiледi.
2. Меншiк иесi меншiк құқығын тоқтатуға әкелiп соқтыратын шешiммен келiспеген жағдайда оны дау сот тәртiбiмен шешiлгенге дейiн жүзеге асыруға болмайды. Дауды қарау кезiнде меншiк иесiне келтiрiлген залалдарды өтеудiң барлық мәселелерi де шешiледi.
3. Осы баптың ережелерi мемлекеттiк органның мүлiк орналасқан тау баурайларын, су айдыны учаскелерiн және басқа учаскелердi алып қою туралы шешiмiне байланысты тиiсiнше қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығы тоқтатылған кезде қолданылады.
Ескерту. 255-бапқа өзгеріс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

256-бап. Күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет
ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды алып қою

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше бағалы әрi мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткіштерінің, мәдени құндылықтардың меншiк иесi бұл ескерткіштер мен құндылықтарды күтiп ұстамай, бұл олардың өз мәнiн жоғалту қатерiн төндiрген реттерде мұндай қазыналарды мемлекет меншiк иесiнен сот шешiмi бойынша сатып алу арқылы алып қояды немесе жария сауда-саттықта сатылады.
Тарих және мәдениет ескерткіштері, мәдени құндылықтар сатып алынған кезде меншiк иесiне - тараптардың келiсуiмен, ал дау туған ретте сот белгiлеген мөлшерде олардың құны өтеледi. Жария саудаға салып сатқан кезде меншiк иесiне сатудан түскен сома сауданы өткiзу шығындары шегерiлiп берiледi.
Ескерту. 256-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

257-бап. Меншiк құқығы тоқтатылған
кезде мүлiктi бағалау

Меншiк құқығы тоқтатылған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мүлiк оның нарықтық құны негiзге алына отырып бағаланады.
Ескерту. 257-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

258-бап. Меншiк иесi емес адамның заттық
құқығының тоқтатылуы

Меншiк иесi емес адамның заттық құқықтары осы Кодекстiң 249-257-баптарында белгiленген ережелер бойынша, сондай-ақ заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында немесе меншiк иесiнiң мүлiк иесiмен жасасқан шартында белгiленген тәртiп бойынша меншiк иесiнiң шешiмiмен тоқтатылады.

15-тарау. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау

259-бап. Меншiк құқығын тану

Меншiк иесi меншiк құқығын тануды талап етуге құқылы.

260-бап. Меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз
иеленуiнен талап етуi

Меншiк иесi өзгенiң заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы.

261-бап. Адал алушыдан мүлiктi талап етiп алдыру

1. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегiн алынып, алушы мұны бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адал алушы), мүлiктi меншiк иесi немесе меншiк иесi мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуiнен де ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етiп алдыруға құқылы.
2. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы жоқ адамнан тегiн алынса, меншiк иесi барлық ретте мүлiктi талап етiп алдыруға құқылы.
3. Егер мүлiк сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тәртiп бойынша сатылған болса, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мүлiктi талап етiп алдыруға жол берiлмейдi.
Ескерту. 261-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

262-бап. Ақша мен бағалы қағаздарды талап етiп
алдыруды шектеу

Ұсынушыға берiлетiн ақшаны, сондай-ақ бағалы қағаздарды адал иеленушiден талап етiп алдыруға болмайды.

263-бап. Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып
алу кезiнде есеп айырысу

1. Меншiк иесi осы Кодекстiң 260, 261-баптары негiзiнде мүлiктi талап ете отырып, арам ниеттi иеленушiден бүкiл иеленген кезiнде өзi алған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн қайтаруды немесе өтеудi; адал иеленушiден иеленуiнiң заңсыздығы туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған немесе меншiк иесiнiң мүлiктi қайтару туралы талап қою жөнiндегi хабарламасын алған кезден бастап өзi алған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн талап етуге де құқылы. Адал иеленушi өз кезегiнде меншiк иесiнен мүлiктен табыс есептелетiн уақыттан бастап ол мүлiкке жұмсаған қажеттi шығындарды меншiк иесiнiң өтеуiн талап етуге құқылы. Арам ниеттi иеленушi мұндай өтемдi иеленушiнiң талабын сот негiздi деп тапқан реттерде толық немесе iшiнара алуға құқылы.
2. Заңсыз иеленушi өзi жасаған жақсартуларды, егер олар затқа зақым келтiрмей бөлуге келсе, өзiнде қалдыруға құқылы. Егер жақсартуларды бұлайша бөлу мүмкiн болмаса, адал иеленушiнiң жақсартуға жұмсаған шығындарын өтетудi талап етуге құқығы бар, бiрақ ол зат құнының ұлғайтылған мөлшерiнен аспауы керек. Арам ниеттi иеленушiнiң мұндай құқығы жоқ.

264-бап. Меншiк иесi құқықтарын иеленуден айыруға
байланысы жоқ бұзылудан қорғау

Меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы.

265-бап. Меншiк иесi емес адамның заттық
құқықтарын қорғау

Меншiк иесi болмағанымен, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiзбен мүлiктi иеленушiнiң де осы Кодекстiң 259-264-баптарында көзделген құқықтары болады. Бұл адамның өз иелiгiн меншiк иесiнен де қорғауға құқығы бар.

266-бап. Заңда көзделген негiздер бойынша меншiк
иесiнiң құқықтары тоқтатылған кезде оның
мүдделерiн қорғау

Қазақстан Республикасы меншiк құқығын тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған ретте, осы құжаттарды қабылдау нәтижесiнде меншiк иесiне келтiрiлген залалдарды меншiк иесiне Қазақстан Республикасы толық көлемiнде өтейдi.

267-бап. Меншiк иесiнiң құқықтарын және басқа заттық
құқықтарды бұзатын мемлекеттік органдар
мен лауазымды адамдар құжаттарының
жарамсыздығы

1. Егер мемлекеттік органның не лауазымды адамның заңдарға сәйкес келмейтiн қалыпты немесе жеке құжат шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа адамдардың өзiне тиесiлi мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi құқықтары бұзылса, мұндай құжат меншiк иесiнiң немесе құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады.
2. Нақты iс бойынша сот шешiм шығарған жағдайда мемлекеттік органдардың заң құжаттарына қайшы келетiн құжаттары қолданылмайды.
Аталған құжаттарды шығару салдарынан меншiк иесiне келтiрiлген залал тиiстi мемлекеттік органның тиiстi бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелуге тиiс.
Ескерту. 267-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3 бөлiм. Міндеттемелік құқық

1-бөлiмше. Міндеттеме туралы жалпы ережелер

16-тарау. Міндеттемелер ұғымы және
олардың пайда болу негіздері

268-бап. Мiндеттеме ұғымы

Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: