Бап. Мiндеттеме тараптары

1. Алынып тасталды - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.
2. Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады (осы Кодекстiң 286-288-баптары).
Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi.
3. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi.
Ескерту. 269-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

270-бап. Мiндеттемеге қатысушылар

1. Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге қатысушылар болып табылады.
2. Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады.
3. Мiндеттеме үшiншi жақ үшiн мiндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделгенреттерде мiндеттеме үшiншi жақтар үшiн мiндеттеменiң бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн.

271-бап. Мiндеттеменiң пайда болу негiздерi

Мiндеттемелер осы Кодекстiң 7-бабында көрсетiлген шарттан, зиян келтiруден немесе өзге де негiздерден пайда болады.

17-тарау. Міндеттемені орындау


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: