Фармацевтика инспекторлары болып табылады

5. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы

саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жоғары фармацевтикалық

білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.

6. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының:

1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сараптама жүргізу үшін оны жүргізуге жеткілікті

және осыған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы

бұйымдар мен медициналық техниканың үлгілерін, осы өнімнің құнын өтемей алып қоюға;

2) жарамсыз болған, қолдан жасалған, жарамдылық мерзімі өткен және Қазақстан

Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан

Республикасының аумағына әкелуге, онда өндіруге, дайындауға, сақтауға, қолдануға және өткізуге

тыйым салуға;

3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы

саласындағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;

4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес

фармацевтикалық қызметке арналған лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата

тұруға;

5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес

фармацевтикалық қызметке арналған лицензиядан айыруға бастамашылық жасауға;

6) заңды талаптарды немесе уәкілетті органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды,

қаулыларды жеке және заңды тұлғалар орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа

жүгінуге;

7) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы

саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары

талаптарының сақталуы тұрғысынан фармацевтикалық қызмет жүзеге асырылатын объектілерге баруға;

8) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы

саласындағы субъектілерден дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық

техниканың айналымы мәселелері бойынша ақпарат, есептеме алуға құқығы бар.

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

23-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық

қамтамасыз ету көздері

1. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері:

1) бюджет қаражаты;

2) ерікті сақтандыру қаражаты;

3) ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер болып табылады.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық

қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдістемесін уәкілетті

орган айқындайды.

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шығындарды

қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген

көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын

қаржыландыру нысандары

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын

қаржыландыру:

1) мемлекеттік медициналық мекемелер үшін - жеке-дара қаржыландыру жоспары бойынша;

2) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары үшін - бюджеттік

бағдарламалардың әкімшілерімен шарт негізінде жүзеге асырылады.

25-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету

көздерін пайдалану

1. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қаражаттары:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі шығындарды

өтеуге;

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;

4) дәрілік заттарды, орфандық препараттарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды

және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ медициналық мақсаттағы

бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға;

5) инфекциялық аурулардың көріністері мен эпидемияларын жоюға;

6) медицина және фармацевтика кадрларын даярлауға, олардың біліктілігін арттыру мен қайта

даярлауға;

7) медицина ғылымының жетістіктерін дамытуға және енгізуге;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады.

2. Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Шығындарды өтеу көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне уәкілетті орган

жүзеге асыратын бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: