Жатады

Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

69-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар

мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек

саудада өткізу

1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме

саудада өткiзудi дәріхана қоймаларында көтерме саудада өткізуге тиісті лицензия алған не

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметін

бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен

медициналық техника айналымы саласындағы субъектiлер жүзеге асырады.

2. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек

саудада өткiзудi дәріханаларда, дәріхана пункттерінде, жылжымалы дәріхана пункттерінде бөлшек

саудада өткізуге тиісті лицензия алған не «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының

Заңында белгіленген тәртіппен қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттардың,

медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы субъектiлер

жүзеге асырады.

3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме

және бөлшек саудада өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге

Асырылады.

4. Мыналарға:

1) Тиісті өндірістік практика жағдайында өндірілген дәрілік субстанцияларды қоспағанда,

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;

2) сапасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпсіздігі және

сапасы туралы қорытындымен расталмаған;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін;

4) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен;

5) осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық ұйымдардағы

медицина қызметкерлері өткізетін;

6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша

сақтау қоймалары арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық

техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады.

5. Дәрігердің рецепті бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: