Сараптау

2. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет

органдары мен ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, кеден органдарының лауазымды

адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өз құзыреттері шегінде жүргізеді.

3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жобалардың сараптамасы бөлігінде -

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары, санитариялық-эпидемиологиялық

зертханалық зерттеулер бөлігінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары

жүргізеді.

4. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-эпидемиологиялық

сараптаманың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, токсикологиялық,

санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, эпидемиологиялық, бактериологиялық,

вирусологиялық және паразитологиялық зертханалық зерттеулер, тамақ өнімдерінің энергетикалық

және биологиялық құндылығына зерттеулер, шуылды, дірілді, электр-магниттік өрістерді және

физикалық факторларды өлшеуді жүргізуге, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық

зерттеулер жүргізуге байланысты бөлігі болып табылады.

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама

жүргізу үшін олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы табыс етеді.

6. Жарамсыз тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаты болған жағдайларда

санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмейді.

7. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама не ғылыми сараптама нәтижелері бойынша адамның

немесе болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін әлеуетті қауіпті деп танылған химиялық және биологиялық

заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынады. Қазақстан Республикасында қолдануға

тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттар тіркелімі мерзімді баспасөз

басылымдарында жариялануға жатады.

8. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер, бақылаудың өзге

де нысандары және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде:

1) атом энергетикасы мен өнеркәсібі, ғарыш қызметі және жер қойнауын пайдалану

объектілерін, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық заттардың шығарындылары, физикалық

факторлары бар объектілерді, экологиялық зілзала аймақтарындағы объектілерді және баламасы жоқ,

жаңа технологиялық процесстері бар объектілерді орналастыруға, реконструкциялауға және

кеңейтуге;

2) өндірістік күштерді орналастыруға, қалалар мен ауылдық елді мекендер, курорттық

аймақтар құрылысының бас жоспарларына, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің

техникалық-экономикалық негіздемелеріне, құрылысы мен реконструкциялау жобаларына;

3) болжамды құрылыстың немесе функционалдық бейінін (мақсатын) ауыстыра отырып,

реконструкциялануға жататын объектінің учаскесіндегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы

материалдарға;

4) қоршаған ортаға ластаушы заттардың және физикалық факторлардың жол беруге болатын шекті

шығарындылары мен жол беруге болатын шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен

санитариялық-қорғаныш аймақтары, геологиялық зерттеулер, технологиялар бойынша

техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобаларға және басқа да нормативтік құжаттамаға;

5) шикізатқа, тамақ өнімдеріне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, тетіктерге, машиналарға,

жабдыққа, құрылыс материалдарына арналған нормативтік құжаттардың жобаларына, сондай-ақ халықтың

әр түрлі топтарын оқыту, тәрбиелеу, олардың тәни даму, еңбек ету, өмір сүру, демалу, тамақтану,

сумен жабдықталу, медициналық қызмет көрсетілу режимдеріне;

6) шикізатты, тамақ өнімдерін, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын

тауарларды, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану

және өткізу, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызметтер көрсету жағдайларына;

7) халықтың әр түрлі топтарын оқыту, тәрбиелеу, олардың тәни даму, еңбек ету, өмір сүру,

демалу, тамақтану, сумен жабдықталу және медициналық қызмет көрсетілу жағдайларына;

8) санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды, халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын

материалдарға, инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар туралы және уланулар туралы

мәліметтерге;

9) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық,

токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөніндегі материалдарға;

10) жаңа өнімге, технологияға, жабдыққа;

11) жобаланып жатқан, салынып жатқан және пайдаланылып отырған өнеркәсіптік және азаматтық

мақсаттағы объектілерге, өнеркәсіп бұйымдары мен көлікке, сондай-ақ халықтың денсаулығы үшін

ықтимал қауіпті және (немесе) маңызы бар басқа да объектілерге;

12) сәйкестігі міндетті расталуға жатпайтын тамақ өнімдеріне, тамақ өнімдерімен жанасатын

материалдар мен бұйымдарға;

13) білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемесі мен оқу режиміне;

14) балаларға арналған тауарларға, тағамдық қоспаларға;

15) елдi мекендер құрылысын жоспарлаудың, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы

объектiлердi орналастырудың, салу мен реконструкциялаудың, санитариялық-қорғаныш аймақтарының,

су пайдалану мен сарқынды суларды бұру, уытты, радиоактивтi және басқа да зиянды заттарды кәдеге

жарату мен көму шарттарының, шикiзаттың, технологиялық жабдықтың, тамақ өнiмдерi өндiрiсi

процестерiнiң, азық-түлiк шикiзатының, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының,

иондандырушы сәулелену көздерiнiң, химиялық заттар мен өнiмдердiң, биологиялық, дәрiлiк,

дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы құралдардың, медициналық

иммундық-биологиялық препараттардың және азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және ауыз

сумен жанасатын ыдыстардың, орама және полимерлiк материалдардың, парфюмериялық-косметикалық

және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құрал-саймандарының

жаңа түрлерiне арналған стандарттар мен нормативтiк құжаттардың жобаларына;

16) елді мекендердегі шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің объектілеріне, олардың

санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемдеріне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.

9. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың негізінде санитариялық-эпидемиологиялық

қорытынды (гигиеналық қорытынды, гигиеналық сертификат) - жобалау құжаттамасының, мекендеу

ортасы факторларының, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің, өнімнің, жұмыстар мен

көрсетілетін қызметтердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы

нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкес еместігін)

куәландыратын құжат беріледі.

10. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі)

Заңымен.

Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа

енгізіледі), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен

соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі),

2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі) Заңдарымен.

63-бап. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар

мен медициналық техникаға сараптама

1. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама -

дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға физикалық-химиялық,

биологиялық, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізу,

олардың биоэквиваленттігін айқындау, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік

затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркеуге табыс етілген тіркеу

деректерінің құжаттарын, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды зерделеу арқылы

олардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы тұрғысынан зерттеу немесе сынау.

2. Дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама

жүргізу мемлекеттік монополияға жатады және оны дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар

мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылатын,

шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың

(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған

күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

63-1-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік

заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың

қауіпсіздігі мен сапасын бағалау

1. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы

бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы

бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасының оларды Қазақстан Республикасында тіркеуге негіз болған

тіркеу деректемесінің, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың деректеріне сәйкестігін

айқындау арқылы жүргізіледі.

2. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы

бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан

Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары бар,

дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы

мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық

мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың

(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 12-тарау 63-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми

жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

64-бап. Ғылыми-медициналық сараптама

1. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектілері:

1) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;

2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалар;

3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелері;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылатын ғылыми жұмыстар;

5) денсаулық сақтау практикасына енгізу жоспарланатын ғылыми-медициналық әзірлемелер болып


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: