Асырады

3. Азаматқа психиатриялық көмек көрсетілген кезде оның құқықтары мен заңды мүдделерін

қорғауды адвокат немесе заңды өкіл жүзеге асырады. Психиатриялық көмек көрсететін ұйымның

әкімшілігі осы Кодекстің 97-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде және 123-бабының 5-тармағында

көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокат шақыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

119-бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы

және оны емдеу

1. Психиатр-дәрігер психиатриялық көмек көрсетеді.

2. Психиканың бұзылуы (ауруы) диагнозын клиникалық көріністерге, зертханалық деректерге,

объективті мәліметтерге сәйкес психиатр-дәрігер қояды. Мәжбүрлі тәртіппен ауруханаға жатқызылған

адамға диагнозды психиатр дәрігерлер комиссиясы қояды. Диагнозды азаматтың қоғамда қабылданған

моральдық, мәдени, саяси және діни құндылықтармен келіспеуіне не оның психикалық денсаулық

жағдайына тікелей байланысы жоқ өзге де себептерге негіздеуге болмайды.

3. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға диагноз қою және оны емдеу үшін

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен рұқсат етілген медициналық

құралдар мен әдістер қолданылады.

4. Медициналық құралдар мен әдістер аурулы ауытқулардың сипатына қарай диагностикалық және

емдеу мақсаттарында ғана қолданылады және оларды адамды жазалау түрінде пайдалануға тыйым


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: