Асырылады

2. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында медициналық

зерттеп-қарауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының

шешіміне жоғары тұрған органға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.

107-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын

азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің

негізі мен тәртібі

1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді

мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптомдық

емдеуді қамтиды.

2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрігер

тағайындаған емделуден медициналық құжаттамада тіркелген бас тартуы негіз болып табылады.

3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп

емдеу туралы шешімді денсаулық сақтау органдарының (ұйымдарының) ұсынысы бойынша сот қабылдайды.

4. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінен босатылған,

туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан азаматтарға

соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін түзеу мекемесінің әкімшілігі

материалдарды босатылғанға дейін бір ай бұрын сотқа жібереді.

5. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды олар келіп түскен күннен бастап бес күн

мерзімде сот мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс

енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің

қатысуымен қарайды.

6. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот

шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.

Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

108-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп

емделуде жүрген науқастардың құқықтары

1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастар Қазақстан

Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда болу

режимін сақтау қажеттігіне байланысты шектеулермен пайдаланады.

2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп

соқпайды.

3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастың жұмыс

орны сақталады.

4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында еңбек стажы үзілмейді және ол жалпы еңбек стажына


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: