Есептеледі

5. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйінде тұратын, туберкулездің жұқпалы түрімен

ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастардың емдеуде болуының бүкіл уақыты ішінде тұрғын

үйі сақталады.

109-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда

туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын

науқастарды емдеу және ұстау

1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда туберкулездің

жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ

онда науқастардың болу режимі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу олардан

туберкулездің микробактериялары бөлініп шығуы тоқтатылғанға дейін жалғастырылады, содан соң олар

тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық жағдайда емдеуді жалғастыру үшін шығарылуға жатады.

Емдеуге қойылған талаптар сақталған жағдайда, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын

науқас консилиумның қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұйымға ауыстырылады және онда

қарапайым стационарлық жағдайда емделуді жалғастырады.

110-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын

науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі

медициналық байқау және емдеу

Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар туберкулезге

қарсы мамандандырылған ұйымнан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы

ұйымда есепке тұруға және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен туберкулездің жұқпалы түрімен

ауырудың қайталануын болғызбайтын ем алып тұруға міндетті.

111-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға

әлеуметтік көмек

Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан

шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарға жергілікті атқарушы органдар

олардың еңбекке орналасуына және тұрмыстық жайласуына көмек көрсетеді.

19-тарау. АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАРҒА ЖӘНЕ ЖИТС-ПЕН

АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ

112-бап. АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тың профилактикасы,

диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: