Бап. Эвтаназия

Эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады.

142-бап. Анатомиялық сый

1. Анатомиялық сый - әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) ағзаларын

(ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі,

оны тиісінше ресімдеген шарты немесе өсиеті арқылы адам жүзеге асырады.

2. Анатомиялық сый туралы деректер жария етуге жатпайды.

3. Өсиет етілген тіндерден және (немесе) ағзалардан (ағзалардың бөліктерінен) басқа,

табылған күннен бастап қырық бес күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері

де анатомиялық сый ретінде танылады.

4. Анатомиялық сый биологиялық-медициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми,

ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.

5. Анатомиялық сыйды жасаудың және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің тәртібі мен

шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

6-БӨЛІМ. ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ

САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ

24-тарау. ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ

САЛАУАТТЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ

143-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет

жүйесі

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай жүйесіне:

1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге

асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері;

3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге

асыратын мемлекеттік ұйымдар кіреді.

144-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: