Нормалау

1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау санитариялық-эпидемиологиялық

қызметтің жұмысы болып табылады және ол:

1) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының негіздемесі бойынша бірыңғай

талаптарды әзірлеуді және олардың әзірленуін бақылауды;

2) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын әзірлеуді (қайта әзірлеуді),

сараптауды, бекіту мен жариялауды;

3) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын зерделеуді, қолданылу практикасын

қорытуды, олардың қолданылуын бақылауды;

4) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының бірыңғай деректер банкін

қалыптастыру мен жүргізуді;

5) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын жалпыға бірдей қабылданған

халықаралық талаптармен үйлесімді етуді қамтиды.

2. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары санитариялық

қағидалар, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқамалар,

әдістемелер, бұйрықтар, техникалық регламенттер, қағидалар мен стандарттар болып табылады.

3. Санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді қоспағанда,

санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен бекітудің

тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

4. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (оның ішінде мекендеу факторларының,

кәсіпкерлік және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам үшін

қауіпсіздігінің және (немесе) зиянсыздығының критерийлерін) белгілейтін халықтың

санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер

санитариялық қағидалар болып табылады, оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп

төндіреді, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді.

5. Гигиеналық норматив - зерттеулерде белгіленген, мекендеу ортасының белгілі бір факторын

сипаттайтын көрсеткіштің адам үшін оның қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан

алғанда, жол берілетін ең жоғарғы немесе ең төменгі сандық және (немесе) сапалық мәні.

6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық

актілер, гигиеналық нормативтер Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды

тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

7. Мемлекеттік органдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелеріне

қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту кезінде оларды уәкілетті органмен


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: