Келісуге міндетті

Ескерту. 144-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап

қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

145-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер:

1) өндірістік, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды,

жабдықтарды, көлік құралдарын күтіп-ұстау мен пайдалануға;

2) құрылыс салуға жер учаскесін таңдауға;

3) объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға беруге

әрі күтіп-ұстауға;

4) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге;

5) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарларға және оларды өндіру

технологияларына;

6) тамақ өнімдері мен тағамдық азық-түлікке, оларды өндірудің,

өлшеп-ораудың, тасымалдаудың, сақтаудың, өткізудің, кәдеге жаратудың және жоюдың шарттарына;

7) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өнімдерге, онда генетикалық

түрлендірілген объектілердің және қауіпті химиялық заттардың, оның ішінде жойылуы қиын

органикалық ластауыштардың болуына бақылауды ұйымдастыруға және оның жүйесіне;

8) халықтың арнаулы, емдеу-профилактикалық, балалар тамағын, диеталық және қоғамдық

тамақтануын ұйымдастыруға;

9) химиялық заттарды, уларды, биологиялық заттар мен материалдарды қолдануға;

10) су көздеріне (шаруашылық-ауыз су үшін су жинау орындарына), шаруашылық-ауыз сумен

жабдықтауға әрі мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне;

11) қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдары аумақтарындағы атмосфералық

ауаға, өндірістік, тұрғын үй мен басқа да үй-жайлардың ауасына, микроклиматына;

12) топыраққа және оның қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің, өнеркәсіп,

құрылыс алаңдарының аумақтарын күтіп-ұстауға;

13) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға,

тасымалдауға, сақтауға және көмуге;

14) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, арнайы және

емдеу-профилактикалық тамақтану жағдайларына;

15) биологиялық және химиялық заттармен, улармен, биологиялық және микробиологиялық

организмдермен және олардың токсиндерімен жұмыс істеу жағдайларына;

16) адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына;

17) халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу, оқыту, олардың өмір сүруі және өндірістік

практика жағдайларына;

18) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;

19) радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық,

паразитологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

20) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға, шикізаттың жаңа түрлеріне,

технологиялық жабдықтар мен процестерге, құрал-саймандарға, азық-түлік шикізаты мен тамақ

өнімдеріне, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелену көздеріне, ыдысқа, химиялық, биологиялық

және дәрілік заттарға, буып-түйетін және полимерлік материалдарға, парфюмерлік-косметикалық,

полиграфиялық өнім мен кең тұтынылатын басқа да тауарларға әзірленетін нормативтік-техникалық

құжаттамаға (стандарттарға, ұйымдардың стандарттарына, нормативтік құжаттарға, рецептерге);

21) дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау құралдарын, жабдықтарын,

материалдарын әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді,

қолдануды, дезинфекция қызметі объектілерін күтіп-ұстау мен пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен

көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды қамтитын жұмыстар мен

көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

22) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды жүргізу

шарттарына;

23) дәрілік заттардың өнеркәсіптік өндірісінің жағдайларына;

24) тағамдық ас тұзын йодтауға және тамақ өнімдерін байытуға (фортификациялауға);

25) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттарды қолдану мен пайдалануға және

олардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануын айқындауға;

26) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның ішінде Қазақстан Республикасының

аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу

жөніндегі, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықты

медициналық тексеріп-қарауды, профилактикалық егуді жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға

және жүргізуге;

27) шикізатты сақтау мен қайта өңдеуге;

28) объектілерді сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге;

29) жүктерді, улы заттарды тасымалдау мен сақтау шарттарына;

30) жолаушыларды тасымалдау шарттарына;

31) объектілерді жоюға, консервациялауға, қайта бейіндеуге;

32) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

33) тағамға биологиялық активті қоспаларды қолдануға және пайдалануға қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Ескерту. 145-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

146-бап. Тамақ өнімдерін және адам денсаулығына зиянды

әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген

түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және

мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып

Алу

1. Тамақ өнімі және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген

түрлері, оған қоса:

1) алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет

әкелінетін (импортталатын) балалар тамағы өнімдері, тағамға тағамдық және биологиялық активті

қоспалар, генетикалық түрлендірілген объектілер, бояғыштар, дезинфекциялау, дезинсекциялау және

дератизациялау құралдары, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдар;

2) Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын), өндіріске

алғаш рет енгізілетін және бұрын пайдаланылмаған заттар және олардың негізінде дайындалған,

халық үшін ықтимал қауіп төндіретін материалдар мен препараттар халықтың

санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: