Деректер негізінде белгілейді

8. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тегін медициналық көмектің

кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес осындай тексеріп-қарауға жататын адамдардың

профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуі үшін жағдай жасайды.

9. Өндірістік және шаруашылық қызмет саласында жұмыспен айналысатын дара кәсіпкерлер мен

заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтпеген немесе денсаулық

жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермеуге тиіс.

10. Жеке медициналық кітапшаларды берудің, есепке алу мен жүргізудің тәртібін Қазақстан

Республикасының Үкіметі айқындайды.

11. Міндетті және профилактикалық медициналық тексеріп-қараудың уақтылы өткізілуі мен оны

уақтылы өтуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында, медициналық

қызметтер көрсету саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және еңбек жөніндегі

уәкілетті органның мемлекеттік еңбек инспекторлары бақылайды.

Ескерту. 155-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап

қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

156-бап. Профилактикалық егуді жүргізу

1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің

кепілдік берілген көлемі шеңберінде инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық

Егілуге міндетті.

2. Профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, тәртібін, оларды жүргізу

мерзімдерін және жоспарлы түрде егілуге жататын халықтың топтарын Қазақстан Республикасының

Үкіметі айқындайды.

3. Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды

сақтау, тасымалдау және пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге

асырылуға тиіс.

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды

мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары сатып алатын профилактикалық (иммундық-биологиялық,

диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау уәкілетті органның қоймаларында жүзеге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: