Міндетті

5. Темекі шегуге:

1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған

ұйымдарда;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында;

3) қоғамдық тамақтану орындарында;

4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт

ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі

клубтарда, дискотекаларда;

5) мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;

6) поездар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде;

6-1) әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар,

шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында;

7) әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;

8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;

9) жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;

10) үйлердің кіреберістерінде тыйым салынады.

6. Темекі шегу үшін арнайы жабдықталған орындар бөлінген болса, осы баптың 5-тармағының

3), 6), 7) тармақшаларында көзделген нормалар қолданылмайды.

7. Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген

талаптарға сәйкес жабдықталуға тиіс.

8. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекінің және темекі бұйымдарының барлық

таңбаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық

зерттеулердің нәтижелері туралы, өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында өздері

шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі

бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді келесі жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан

Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жыл сайын табыс етуге міндетті.

9. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекі бұйымдарындағы никотиннің, шайырлы

заттардың және басқа да зиянды қосындылар - жүйелік улардың, канцерогендік және мутагендік

заттардың болуын зерттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген

зертханаларда өз есебінен жүргізеді.

10. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын

рұқсат етілетін шекті деңгейден асатын темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға

Тыйым салынады.

11. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіруге, сатуға және таратуға тыйым


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: