Бұл тәсіл қарапайым радиостанция хабарын еске түсіреді. Пайдаланушылар беру мен қабылдағыштарын белгілі жиілікке баптайды. Бұл кезде тікелей көру міндетті емес, хабар аумағы шамамен 46500 м2 (500 000 шары фут). Пайдаланылатын жоғары жиілікті сигнал металл немесе темір бетонды бөгеттер арқылы өтпейді.
Мұндай байланыстың тәсілін қатынауды қызмет көрсетушілер арқылы іске асырылады. Байланыс ақырын (4,8 Мбит/с шамамен).
Шашыраңқы спектрдегі радиоберу
Бұл тәсіл кезінде сигналдар бірнеше жиілік жолақтарында беріледі. Бұл бір жиілікті беруге тән байланыстағы проблемаларды болдырмауға мүмкіндік береді.
Қатынау жиіліктері екі каналға, немесе интервалдарға бөлінген. Адаптерлер белгіленген уақыт аралығында орнатылған интервалға бапталады, содан кейін басқа интервалға ауысады. Желілердегі барлық компьютерлердің ауысып қосылуы синхронды түрде өтеді.
Мәліметтерді санкцияланбаған қатынаудан қорғау үшін кодтауды қолданады.
250 Кбит/с беру жылдамдығы осы тәсілді ең ақырындардың санатына жатқызады. Бірақ оның негізінде құрылған желілер бар, олар ашық кеңістікте мәліметтерді 3,2 км дейінгі қашықтықта жылдамдығы 2 Мбит/с дейін – және ғимарат ішінде 120 м дейін береді.
Бұл нағыз өткізгішсіз желі. Мысалы Microsoft Windows 95 немесе Microsoft Windows NT операционды жүйе типінің Xircom CreditCard Netware адаптерларымен жабдықталған екі (немесе одан да көп) компьютер бір ранкті желі ретінде кабельсіз жұмыс істей алады. Осы уақытта егер желі Windows NT Server негізінде жұмыс істеп жатса. Сіз осы желілерді Windows NT-компьютерлерінің біреуіне Netware Access Point желі құрылғысын қосу арқылы байланыстыра аласыз.
Кеңейтілген жергілікті желілер
Өткізгішсіз компоненттердің кейбір типтері кеңейтілген жергілікті есептеу желілерінде, олардың ұқсасы – кабельді желілерінде сияқты қызмет етуге қабілетті. Өткізгішсіз көпір, мысалы бір бірінен үш милге дейінгі қашықтықта орналасқан желілерді байланыстырады (сурет 18).
Өткізгішсіз көпір (wireless bridge) деп аталатын компонент кабельдің қатысуынсыз ғимараттар арасында байланысты орнатуға көмектеседі. Қарапайым көпір адамдарға өзеннің бір жағасынан екінші жағасына өтуге қызмет етсе, сол сияқты өткізгішсіз көпір мәліметтер үшін екі ғимарат арасында жол салады. AIRLAN/Bridge Plus көпірі, мысалы, шашыраңқы спектріндегі радиоберу технологиясын ЛВС байланыстыратын магистральді жасау үшін пайдаланады. Олардың арасындағы қашықтық жағдайға байланысты 5 км дейін жетуі мүмкін. Мұндай құрылғыны эксплуатациялау құны қымбат болып көрінбейді, өйткені байланыс сызығын жалдау қажеттілігі болмайды.
Сурет 18. Екі жергілікті желіні байланыстыратын өткізгішсіз көпір
Егер өткізгішсіз көпір «қамтитын» қашықтық жеткіліксіз болса, алысқа әсер ету көпірін орнатуға болады. Ethernet және Token Ring желілерімен жұмыс істеу үшін қашықтығы 40м ол шашыраңқы спектрдегі радиоберу технологиясын пайдаланыды. Оның құны (қарапайым өткізгішсіз көпір сияқты) қанағаттанарлықтай болуы мүмкін, өйткені микротолқынды каналдар немесе Т1 сызығын жалдау шығыны болмайды. Т1 сызығы бұл мәліметтерді 1,544 Мбит/с дейін жылдамдықпен мәліметтерді беру үшін арналған стандартты сандық сызық. Онымен сөйлеген сөзді және мәліметтерді беруге болады.