Тапсырма

Тапсырма 1. Желіілк адаптер платасынң драйверін орнату.

1. Activity бағдарламалық топта Lab белгішесін екі шертіңіз.

2. Main басты бағдарламалық топта Control Panel белгішесін екі рет шертіңіз. Экранда Control Panel терезесі пайда болады.

3. Network белгішесін екі рет шертіңіз. Экранда Network Settings терезесі пайда болады. Назар аударыңыз: Installed Adapter Cards енгізу өрісі бос.

4. Add Adapter батырмасын шертіңіз. Экранда Add Network Adapter терезесі пайда болады.

5. Network Adapter Card өрісінде «3Com EtherLink IIâ Adapter» жазуы бар екеніне көз жеткізіңіз. Continue батырмасын шертіңіз.

6. Осы мысалда келесі орнатулар пайдаланылады:

Параметр Мағынасы
IRQ level  
I/O Port Address 0x300
Transceiver Type OnBoard
Memory Mapped No

7. Дұрыс параметрлерді таңдап, OK шертіңіз. Осымен бағдарламалық жасауды орнату аяқталады және экранда Network Settings терезесі ашылады. Назар аударыңыз: 3Com EtherLink II Adapter платасы Installed Adapter Cards өрісінде пайда болды.

8. Intel EtherExpressTM 16 LAN Adapter адаптерлерін келесі орнатулармен қосыңыз:

Параметр Мағынасы
Interrupt Number  
I/O Port Address 0x300
I/O Channel Ready Late
Transceiver Type Twisted-Pair (TPE)

Назар аударыңыз: Installed Adapter Cards тізімінде екі платалар – 3Com EtherLink II Adapter и Intel EtherExpress 16 LAN Adapter бар

Тапсырма 2. Желілік адаптер платасының драйверін жою.

1. 1. Network Settings терезесінде Installed Adapter Cards тізімінен 3Com EtherLink II Adapter адаптерін таңдаңыз..

2. Remove батырмасын шертіңіз. Назар аударыңыз: «3Com EtherLink II Adapter» жазуы желілік адаптер платалары орнатылған тізімдерінен.

3. File менюінде Exit Lab командасын шертіңіз.

№6 зертханалық жұмыс.

Тақырыбы:Өткізгішсіз желілер интерфейсі

Жұмыс мақсаты: Өткізгішсіз желілердің үш типімен және олардың қолданылуымен, және өткізгішсіз желілерде мәліметтерді берудің төрт тәсілімен танысу. Масштабталатын модельдің желісін есептеуді автоматизациялау. Типологиясы көрсетілген берілген масштабталатын моделге арналған желінің құнын автоматты есептеу бағдарламасын жасау.

Теориялық бөлігі

Өткізгішсіз желі

«Өткізгішсіз орта» сөз тіркесі желідегі өткізгіштердің мүлдем болмайды дегенді білдірмейді. Әдетте өткізгішсіз әрекеттер беру ортасы ретінде кабель пайдаланылатын желімен әрекеттеседі. Мұндай аралас компонентті желілер гибридті деп аталады.

Өткізгішсіз ортаның компоненттері:

- жұмыс істеп тұрған кабельді желіге уақытша қосылуды қамтамасыз етеді;

- жұмыс істеп тұрған кабельді желіге резервті көшіруді ұйымдастыруға көмектеседі;

- жылжымалылықтың белгілі деңгейіне кепіл береді;

- желінің мыс немесе тіпті оптикалық талшықты кабельдермен салынатын максималды созылуына шектеуді жоюға мүмкіндік береді.

Кабельді орнату қиындығы – бұл өткізгішсіз ортаның артықшылығының факторы. Ол әсіресе келесі жағдайларда пайдалы болуы мүмкін:

- адамдар лық толған ғимараттарда (мысалы, кіре берісте немесе қабылдау бөлмесінде);

- бір орында жұмыс істемейтін адамдар үшін (мысалы дәрігерлер немесе медбибілер үшін);

- оқшауланған мекемелермен ғимараттарда;

- жобалауы жиі өзгеретін мекемелер;

- кабельді орнатуға болмайтын құрылыстарда (мысалы, тарих немесе сәулет ескерткіштерінде).

Өткізгішсіз желілер типтері

Технологияларына байланысты өткізгішсіз желілерді үш типке бөлуге болады:

- жергілікті есептеу желілері;

- кеңейтілген жергілікті есептеу желілері;

- жылжымалы желілер (тасымалданатын компьютерлер).

Осы желі типтерінің арасындағы негізгі айырмашылық – беру параметрлері. Жергілікті және кеңейтілген жергілікті есептеу желілері желі жұмыс істеп тұрған ұйымға тиісілі берумен қабылдағышты пайдаланады. Тасымалданатын компьютерлер үшін сигналдарды беру ортасы ретінде АТ&Т, MCI, жергілікті телефон компаниялары және олардың жалпыға ортақ қызметтері пайдаланылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: