Лекция

Тақырыбы: Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы

Жоспар:

1.Ежелгі Русьтегі мәдениет пен білім беру

2. XVII ғасырдың соңында Ресейдегі педагогикалық ой-пікірлер.

3. Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық іс-әрекеттері. К.Д.Ушинский-ғылыми педагогиканың негізін салушы

Негізгі ұғымдар: халықтық білім беру, білім беру мәселелері, білім беру мекемелері, педагогикалық ой-пікірлер, мәдениет, білім беру, тәрбие, оқыту, Екатерина дәуіріндегі педагогика, әйелдерге білім беру, педагогикалық іс-әрекет.

ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресейде үлкен қоғамдық қозғалыс кезеңі болды. Ол өндіргіш күштердің дамуы мен бұл дамуды тежейтін крепостнойлық қатынастардың арасындағы күннен-күнге өршіп келе жатқан қайшылықтардың негізінде пайда болды.

1853 – 1855 жылдардағы Қырым соғысы Ресейдегі крепостнойлық жағдайдың әлсіздігін айқын ашып берді. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы Ресейдегі революциялық қозғалыс саяси, экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды.

60-жылдардағы орыс мәдениетінің барлық саласында да материалистік идеяның, сыншыл реализмнің, халықтық идеяның дамығандығын байқауға болады. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық қозғалыс сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Крепостнойлық тәрбиені қатты сынау, сословиелік мектеп пен ерте мамандандыруға күрес, жалпы білім беру үшін, азаматты тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім беру үшін күрес, ескі діни оқуға, құрғақ жаттау мен жазалауға қарсы күрес, баланың жеке басын сыйлау, халық мектептерін көптеп ашуды талап ету.

Белгілі дәрежеде революцияшыл-демократиялық бағыттан буржуазиялық–либералшыл педагогикалық бағыттың айырмашылығы бар. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдерінің бірі -Н.И.Пирогов.

60-жылдардағы қозғалыстың алғашқы басталған кезінде үкіметтің мектептер туралы жаңа ережелер қабылдауы – орыс жұртшылығының жаңа мектептер ұйымдастырудағы және оқу-тәрбие жұмысының әдістерін жақсартуға бағытталған шаралары еді. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен бұл жылдары бірнеше педагогикалық журналдар пайда болды. Олар тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін қызу талқылап отырды. Олардың көбі өз жұмысын реакция жылдарында, яғни 70 – 80 жылдарда тоқтатты.

60-жылдардың бас кезінде кейбір арнаулы журналдар жалпы тәрбие мекемелеріне арналып отырылды. Мәселен, Пигровтың «Өмір мәселелері» атты белгілі мақаласы 1856 жылы «Морской сборник» журналында басылған болатын. Н.И. Пирогов – белгілі орыс ғалымы, атақты хирург, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, әрі ірі педагог. Пирогов жалпы адамгершілік тәрбиесіне байланысты сословиелік мектепте қарсы бағытталған мектеп жүйесінің жаңа жобасын ұсынды. Демек, Пирогов мектеп жүйесін бірнеше сатылы болу керек деп есептеді. Бастауыш 2 жылдық мектептен кейін екі типті 4 жылдық прогимназия, одан кейін тағы да екі типі 3 – 5 жылдық оқу мерзімі бар гимназия.

Н. И. Пирогов өзінің оқу округтары бойынша шығарған нұсқауларына мұғалімдердің ескі, догматикалық оқу тәсілін алып тастап, жаңа әдістерді қолдануға баса назар аударған болатын. Пирогов балалардың ойын, қабілетін дамытуға, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыруға көңіл аударып отырды. Пирогов саналық, көрнекті, оқушылардың белсенділігі мен дербестігі деп санады. Сонымен қатар кіші жастағы мектеп балаларының музыкамен, ән-күймен және басқа да көркемөнердің түрлерімен шұғылданулары қажет деп есептеді.

Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы 18 ақпанда Тула қаласында туды. Әкесі оқыған офицер дәрежесін 1812 жылғы Отан соғысына қатысты. Өзінің саяси-қоғамдық көзқарастар бойынша Ушинский буржуазиялық демократ, ағартушы болды. К.Д.Ушинский өзінің философиялық дамуында идеализмнен материализмге қарай ойысып отырады, оның ойларында материализм мен идеализмнің элементтері қабаттасып келеді. К. Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні - әрбір елде халықтың мақсат-мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтық идея ұсынды.

К. Д. Ушинскийдің өмірі мен қызметі өз еліне және өз халқына жан-тәнімен шын беріле қызмет етудің тамаша үлгісі болды. Орыс мұғалімнің ұстазы К.Д.Ушинский өзінің педагогикалық жүйесін өз кезіндегі ең озық ғылым дәрежесіне көтерді. Ушинский өз шығармаларында педагогикалық әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екенін, тәрбие мақсаты мен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы, мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі мәселелерін ғылыми негізде шешті, өзінің прогресшіл педагогикалық жүйесін құрды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басынды Ресейде Ушинский теориясы мен жүйесін қолдаушы, ұлы педагогтың жолын ұстаған педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты.

Л.Н.Толстой өзі үстем таптың өкілі бола тұра, шаруалардың мүддесін жоқтады. Бірақ осыған қарсы күресуінің орнына, ол соған көнуге шақырды. Өз шығармаларында Л.Н. Толстойдың сол дәуірдегі қоғамдық тәртіпті сынауын, оның шығармаларын жоғары бағалаумен бірге, Л.И. Ленин оның әлеуметтік көзқарасының утопиялық екенін және мазмұны жағынан реакциялық екенін баса айтты. Толстой халыққа білім беру саласында шұғылданды. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балаларына мектеп ашып, мұғалімдер шақырып, бұл мектепте өзі де сабақ берді.

Кейінірек Л.Н. Толстойдың мектепке көзқарасы мүлде өзгерді, 1874 жылы жазған «Халық ағарту туралы» деген мақаласында халық мектебіне артта қалған шаруалар тұрғысынан қарады

1872 жылы Л. Н. Толстой жазған «Азбука», 1875 жылы «Жаңа азбука» және 4 оқу кітабы басылып шықты. Осы жылдарда ол бастауыш білім берудің методикалық шұғылданды. Оқытудың өмірге жақын болуын жақтап, Л.Н. Толстой балаларды байқағыштыққа үйрету қажет деп есептеді. Ясная Поляна мектебінде ол экскурсия және тәжірибе жасаужы көп қолданды. Таблица мен картиналарды пайдалануды да қуаттады.

Л. Н. Толстой өзінің дидактикалық пікірлеріне бастауыш мектептің оқулығын қандай болуы туралы көп кеңестер ұсынды. Осы талаптарға сай жазылған «Азбука» және «Оқу кітаптары» ХІХ ғасырдың ІІ жартысында құнды педагогикалық ескерткіш болып саналады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: