Лекция. Тақырыбы: Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғасырлардағы білім беру мен педагогика ғылымы

Тақырыбы: Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой- пікірлердің дамуы(XV-XVIII ғ. Қазақ хандығы).

Жоспары:

1. Қазақстан территориясындағы тәрбие мен қоғамдық дамудың ежелгі көздері.

2. Араб-шығыс мәдениетiнiң қазақ даласына тарауы, Орта ғасыр оқымыстыларының тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi (X-XV ғ.ғ.).

3. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлiм-тәрбие (Жыраулар поэзиясындағы тәлiмдiк ойлар).

4. Халық педагогикасы жөніндегі ғылыми-зерттеулер.

Негізгі ұғымдар: қоғамдық даму, дәуір, халықты ағарту, жазудың дамуы, ағартушылық іс-әрекет, медресе, діни мектептер, әлеуметтік институт.

1. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөнiндегi сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжiрибесiн, қазақ хандығы құрылған кезеңнен (ХIҮ-ХҮғ.ғ.) бастап қарастыру, тарихи-әлеуметтiк тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткенi кешегi өткен тарих беттерi — Шығыс мәдениетiнiң қайнар көзi болып саналатын ұлы Даланы мекендеген түркi тектес (тiлдес) халықтардың, одан әрi ғұндар мен сақтардың бiр елдi, бiр жердi мекендеп, оны сыртқы жаулардан қорғап, бiр тiлде сөйлеп, бiр дiнге сенiп, әлем мәдениетiнiң қалыптасуына тендесi жоқ үлес қосып, бүгiнгi түркi халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгiнгi ұрпақ өмiр тәжiрибелерiнен көрiп отыр.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңi тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерiнiң iс-әрекеттерiн көпшiлiк болып топтасып, бiрге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшелiктерiне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта бiлдi, аң аулауға көмектестi, қыз балалар үй жұмыстарына араласты, киiм пiштi, тұрмыстық салт-дәстүрлердiң рәсiмдерiне қатысты.

Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңiрқазған, Шарбақты және Ұлытау өңiрлерiн мекен еткен.

2.Ежелгi түркiлердiң ауызекi поэзия дәстүрi бiзге IX ғасырда ғұмыр кешкен әншi, әрi сазгер небiр тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есiмiн жеткiздi. Ол адамзат өмiрiнiң соншалықты қысқалығына наразы болып, пенде атаулыны ажал кұрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзiнiң жанын жегiдей жеген ой-сезiмдерiн қазалы жанның үрейiн, өлiмнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы күйiмен, поэзиялық көркем тiлмен баяндайды

IX—X ғасырларда ұлы Түркi қағанаты бiрнеше мемлекеттерге (қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б.) бөлiнiп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдiк жүргiзулерiне әкелiп соқты. Арабтар ислам дiнiн уағыздаумен бiрге ғылым мен бiлiм де әкелдi. Нәтижесiнде түркi халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Яссауи, Баласағұн және басқалары араб тiлi мен мәдениетiн меңгердi. Оның үлкен прогрессивтiк маңызы болды. Көптеген шаһарларда дiни медреселер ашылды, ғылым мен бiлiм деңгейi артты. Медреселер дiни iлiмдермен ғана шектелiп қалмай, арифметика, медицина, жақаннама (философия), дiнтану, астрология сияқты әлемдiк маңызы зор дәрiснама берудi басты мақсат еттi. Бұл жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екiншi Аристотелi атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870-950) еңбегiне ерекше болды. Ол математика, музыка, логика, философия, психлогия ғылымдарының негiзiн салды.

Iзгiлiк, имандылық, адамгершiлiк қасиеттердi паш еткен Жүсiп Баласағұнидың “Құтты бiлiк”, Ахмет Жүинекидiң “Ақиқат сыйы”, Махмұт Қашқаридiң “Түркi сөздерiнiң түсiндiрмесi”, Қожа Ахмет Яссауидiң “Диуани хикмет” атты еңбектерiнiң ХI-ХII ғ.ғ этикалық-педагогикалық мән-мағынасының зор болғаны, бұл еңбектердiң он ғасыр өтсе де өзiнiң тағылымдық қадiр-қасиетiнiң бiр сәт төмендетпейтiнi сөзсiз.

Алтын Орда ыдырап, қазақ даласы Ресей қол астына қарағанға дейiн (1731) қазақ жерi кескiлескен шайқастардың, майданның аренасына айналды.

Моңғол шапқыншылығына Алтын орданың ыдырауына дейiнгi аралықта (ХIII-ХҮ ғ.ғ.) түркi тiлдерiнде едәуiр жазба мұралар жасалды. Мәселен Р.Хорезмидiң “Махаббатнама” поэмасы, ақын Сайф Сарайдың “Гүлстан” аты дастаны атты еңбектер адалдықты, әдiлдiктi, махаббаты марапаттады.

Дiни медреселерде Шығыс халықтарына ортақ “Чөр кiтаб” атты тәлiмдiк-танымдық педагогикалық туынды дүниеге келдi.

Атақты астроном Ұлықбектiң әлемде тендесi жоқ обсерваториясы ортағасырлық үлкен ғылыми жетiстiк болып саналды.

Алтын Орда мемлекетiнiң кезiнде пайда болған “Бабырнама” (“Бабыр дастаны”), ал Хорезмидiң “Мухаббатнама”, Саиф Сарайдың “Қырық бiр батыр жыры”, “Гулстан бит турки”, Құтыптың “Хусрау Шырын” сияқты туындылары сөзсiз жас ұрпақтарға тәлiм-тәрбиелiк ықпалын тигiздi. Бұл кезеңдердегi тәлiм-тәрбие көрiнiстерi әскери-жауынгерлiк бағытта өрбiдi.

3.Қазақ хандығының құрылуы — ХIҮ-ХҮ-ғасырларда, Алтын Орда мемлекетi мен Ақсақ Темiр империясының өзара бақталастықтарының нәтижесiнде әлсiреп, ыдырай бастаған кезеңдерге тура келедi. Қазақ хандығы — сөзсiз кешегi ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндардың, ежелгi түркiлердiң, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлерi болып саналады.

Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасуы барысында (1470-1718 ж.ж.) 250 жылдай тәуелсiз ел болып, дербес өмiр сүрдi. Бiрнеше ауыр қасiреттердi, жойқын соғыстарды басынан кешiрiп, тiптi жер бетiнен жойылып кете жаздады.

Қазақ халқының өзiндiк мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрi қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнiбек, Керей, Асанқайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қасым, Есiм, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанбердi, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбiлқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды.

XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерiнiң тәлiмдiк идеяларымен Асанқайғы, Шалкиiз, Жиембет, Бұқар жырау секiлдi дала философтары ерекше көзге түскен едi. Халқының қамын жеп, оның береке-бiрлiгiн, келешектегi бағытын, келер күнiн аңсаған Асанқайғы (XV ғ.) өз отандастарының алдағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кештi.

Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы iргетасының қалана бастауына негiз болған Асанқайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қазтуған, Шалкиiз, Үмбетей, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн (39).

XV-XVII ғасырларда өмiр сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрiн, ой-арманы мен тiлек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткенi, жыраулар толғауларынан халықтың небiр нәзiк сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүйiнiшi, келер ұрпаққа айтар өнегелi өсиетi өзектi орын алған. Яғни, олар халықтың тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұлағатты ұстаздарының рөлiн атқарды.

Жалпы ХV-ХIХ ғ.ғ. акын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшiн еткен еңбегiне, ой қиял өрiстеу өресiне, қимыл, әрекет-iсiне қарай үш топқа бөлiп: жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтамбердi, Махамбеттер); мәмiлегер (Асанқайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлiмгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жiктеуге болады. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де, өнегелi iсiмен де халыққа белсене қызмет етiп, тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi.

Тәуке ханның “Жетi Жарғысы”— бүгiнгi Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың (Конституциямыздың} негiзгi iргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дұниеге келген Мұхаммед-Хайдар Дулатидың “Тарихи-и-рашиди”, “Жаханнама”, Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың “Жамиғат тауарих” (Жылнамалар жинағы), халық туындылары: “Наурыз бәйiтi”, “Нысабнами казах” (“қазақтар шежiресi”) т.б. ұрпақ танымы үшiн аса зор тәлiмдiк мәндi шығармалары едi.

Лекция

Тақырыбы: Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғасырлардағы білім беру мен педагогика ғылымы

Жоспары:

1.Қазақтың халықтық педагогмкасының даму кезеңдері. ХІХ-ХХ ғасырлардағы педагогиканың ғылым ретінде дамып қалыптасуы

2.Қазақстандағы ХІХ ғасырдағы білім беру бағыттары

3.Қазақстанның Егемендік алғаннан кейінгі білім беру жүйесі

Негізгі ұғымдар: ағартушылық, мұсылман мектептері, кадет корпусы, аралас мектептер, білім беру реформасы, қоғамдық-педагогикалық қозғалыс, педагогикалық көзқарастар, ағартушылық іс-әрекет, педагогикалық кадрлар.

Бірінші дәуір Б.з.д. Екінші дәуір Б.з.д. Үшінші дәуір Төртінші дәуір Бесінші дәуір Алтыншы дәуір Жетінші дәуір Сегізінші дәуір
Тас, қола заман-дары VII-III ғ.ғ.б.д. Vғ. дейін VI-IX ғ.ғ. аралы-ғы X-XV ғ.ғ. аралы-ғы XV-XVIII ғ.ғ. аралығы XVIII ғ.-дан XX ғ.ғ. 20-ж. дейін 1920-1990 ж.ж. аралығы 1991 ж. кейінгі егеменді ел
Алғаш-қы қауым-дық құры -лыс кезін-дегі тәрбие Сақтар мен ғұндар-дың жауын-герлік тәр-биесі Ұлы түрік қаға-наты кезін-дегі тәлім-тәрбие Араб Шығыс мәде-ниеті, орта ғасыр ойшыл-дары-ның тәлім-герлік ой-пікірле-рі Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәлім-тәрбие көріністе-рі (жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар) Қазақстан Ресейге қосылу кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысымен ағартушы-лық-демокра-тиялық бағытта-ғы тәлім-тәрбие Кеңесті дәуірдегі ғылыми педагогиканың қалыпта-суы Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің өркен жаюы

Қазақтың халықтық педагогмкасының даму кезеңдері

1. ХХ ғасырдың барысында империалистік патшалы Ресейдегі саяси-әлеуметтік жағдайлар шиеленісе түсті. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды.

Ресей империясының құрамында болып келген Қазақстанның зиялы қауымы осы мәселелер төңірегінде саяси-демократиялық қозғалыстарға белсене араласты. Олар патшалы Ресейдің отаршылық және «орыстандыру» саясатын батыл айыптады, қазақтардың шұрайлы жерлерін қайтарып беру және жастардың білім алуларына жағдай туғызу, мектептер салу туралы талаптар қойды.

1937-1938 жылғы жүргізілген Сталиндік жаппай қудалаушылық пен 1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы өте үлкен қырғынға ұшырады. Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды. Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды.

Ұзақ ғасырлардан бері келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмірдің қажеттілігіне айналуына бағыттылған туындылар: М.Жұмабаевтың «Педагогика», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология» атты еңбектері, С.Көбеевтің, М.Әуезовтің т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім көзқарасын қалыптастырды.

Кеңестік дәуірде педагогика, психология ғылымдар саласында М.Жұмабаевтың, Т.Тәжібаевтың, Ә.Сембаевтың, Е.Суфиевтің, А.Темірбековтің, Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Мусиннің т.б. әлденеше монографиялық еңбектері жарық көрді. Педагогикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақстан мектебі» журналы (1925) шығарылып, онда мектеп мұғалімдері мен педагог-ғалымдардың еңбектері үнемі жарық көріп отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тілінде де шығарылып, ғылыми терминдері қалыптасты.

Сөйтіп, педагогика және әдістеме ғылымдары жеке ғылым болып шықты. Ал 1930-1970 жж. арасында Қазақстанда педагогика ғылымы қалыптасып, дамуға толық мүмкіндік алды.

2. XIX ғасырдың басында Қазакстан жерінде халыкка білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді.

Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда, 1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп, 1789 жылы Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік (кеңсе хатшысы) кызметтерге дайындалды. Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1857 жылы бұл мектепті Ыбырай Алтынсарин алтын медальмен бітіріп шыкты. 1865 жылы Омбыда қазақ балаларына арналган тағы бір мектеп ашылды, ал 1869 жылы Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын даярлайтын бөлімше кұрылды.

XIX ғасырдың соңына қарай өлкеде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ училищелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының рөлін аткарды. 1898 жылдан 1914 жылға дейін Қазақстандағы бастауыш мектептердің саны 730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы оқушылардың саны 29 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті. Өлкедегі патша әкімшілігі қазақ халқының сауатын ашуда бастауыш білім берумен, немесе орыс жазуын, әсіресе ауызша сөйлесе білуді және арифметиканың алғашкы төрт амалын үйретумен ғана шектелу жеткілікті деп санады. Ресей өкіметінің осындай кертартпа саясатының нәтижесінде Қазақстандағы орта білім беретін оку орындарының, соның ішінде реалдық училищелердің, ер- мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 жылы олардың жалпы саны 12 ғана болды. Бұларда 4 мың окушы білім алды. 1917 жылға дейін өлкеде халык санының өсуімен және қазактардың білімге деген кұштарлығы арқасында орта білім беретін оқу орындарының қатары өсіп, 47 жоғары бастауыш училище, 17 орта мектеп, 4 реалдык училище, 4 ерлер және 9 қыздар гимназиясы, 13 ауыл шаруашылык төменгі мектебі мен қолөнер училищесі жұмыс істеді. Мектептік білім жүйесі деңгейінің өсуі және казақ қоғамының әлеуметтік-экономикалык дамуындағы өзгеріс мұғалім кадрлар даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Міне, осымен байланысты 1879 жылы Түркістан мұғалімдер семинариясы, 1833 жылы Орынбор қазак мұғалімдер мектебі кұрылды.

3. Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халкының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыкққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шыкты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси кағидалардың қыспағынан кұтылды. Сондықтан өтпелі кезеңнің киыншылығына қарамастан, егемендік алған кезден бастап, Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Гимназиялар, лицейлер, жеке жене авторлық мектептер ашылды. Тарих, Ана тілі және 1-5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бүрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.

Лекция

Тақырыбы: Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде

Жоспары:

1.Педагогика – қазіргі адамтанудың саласы

2.Педагогика пәні, оның негізгі категориялары

3.Педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері жөніндегі түсінік

Негізгі ұғымдар: Педагогика, тәрбие, білім беру, педагогикалық үдеріс, педагогика пәні, педагогика ғылымдарының жүйесі, әдіснамалық негіздер, педагогика ғылымдарының әдістері, педагогиканың пәнаралық байланысы

Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің "paidagogas"-баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін - делдал - ұстаз, мұғалім керек.

Педагогика нысаны - қозғалыстың мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері үрдісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылысын айтамыз.

Педагогика пәні. Білім білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия,әлеуметтану,жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады.

Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым реттінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғырыда аталған пәндік сипатымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер.

Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады.

-сипаттау немесе түсіндіру озат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірбиені зерттеу

-анықтау педагогикалық құбылыс жағдайтын, педагог пен оқушы іс-әрекетің нәтижелігі немесетиімділігі және оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу

-болжау барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткіз және оның негізде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.

Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс берді.

-жобалау (проекттеу) –педагогикалық іс-әрекетпен оның мазмұны әрі сипатын қалыптастыру және реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті әдістемелік материалдарды(жоспарлау,бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар)жасауға болады.

-жаңалау тәрбие және білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізу,пайдалану.

-ықпал таныту және реттеу-түзетулер енгізу(коррекциялық) ғылыми зерттеу нәтижесінің оқу – тәрбие ісіне болған әеер- ықпалын бағалау және одан соңғы ғылыми теория ментәжірбиелік іс-әрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу түзетулерді іске асыру.

Білім мәні- әр адамның өте күрделі өзіндік басқару тиімділігін көтеру және оны жоғары моральдық және азаматтық мұрмттары рухында тәрбиелеу.

  Педагогика ғылымының негізгі категорияларыны  
Оқыту Білім беру Тәрбие
  Педагогика ғылымының басқа ғылымдариен байланысы
Философия Психология Физиология Социология Этнография, археология

Лекция

Тақырыбы: Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі

Жоспары:

1.«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.

2. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар

3. Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті.

Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық даму, тәрбие, қалыптасу, жеке тұлғаның қалыптасу және даму факторлары, субъект және объект, жас ерекшелігі, жыныстық ерекшеліктері, жастық кезеңдері, даралық ерекшеліктері, педагогикалық қолдау, инклюзивтік білім беру.

Тәрбиенің негізгі мақсаты-қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп апектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А. Коменский, К.А. Гельвиций, Д.Дидро, А.Дистерверг, Д.Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К. Крупская, П.П.Блонский, А.С. Макаренко т.б.).

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндімелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі; жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінезқұлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).

Жеке тұлға-бұл интегративті және жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды.Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауап-кершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

«Даралық» ұғым бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид».Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы-«жекелік».Әрбір адам индивид болып табылады.Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып танылады. Даму дегеніміз-төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі.Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы-оның бойында болып жатқан өзгерістер.Сондықтан, даму дегеніміз адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен пихиканың дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси қөзқарасты мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс.

  Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпал етуші факторлар  
  Әлеуметтік орта   Биологиялық фактор   Тәрбие
  Пайыздық мөлшерін көрсетіңіз (100%)  

Лекция

Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет-оқу тәрбие удерісі нәтижелігінің шарты.

Жоспары:

1. Педагогика ғылымының дамуы және мұғалімнің педагогикалық Іс- әрекетіндегі ғылыми зерттеудің ролі.

2. Ғылыми зерттеудің жалпы әдіснамалық әдіснамалық негізі.негізі.

3. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің мәні. (ілімдік,эмпирикалық, эксперименттік, математикалық)

5. Зерттеуге жүйелі тәсіл – құбылыстардың жалпы байланысының көрінісі.

Негізгі ұғымдар: тұжырымдама, бағдарлама, әдіснама, үздіксіз білім жүйесі.

«Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы біздің ойымызша, ел дамуының әдіснамалық тұжырымдамасы. Ал, бұл өз кезегінде мәртебелі, әдіснамалық мәдениетті жасаушылардан проблемаларды талдауды талап етеді. Осыған орай, бір жағынан алғанда, үздіксіз білім жүйесінің теориялық-әдіснамалық мәселелерін талдау «Қазақстан-2030» Бағдарламасын жүзеге асыруды ғылыми тұрғыда қамтамасыз етудің көкейкесті міндеті болып отыр.

Жалпы білім реформасының басты міндеттерінің бірі -оның ғылыми - әдіснамалық қамтамасыз етілуі болып табылады.

Бағдарламада:

- оқытуды ғылыми зерттеулермен кіріктіру, жер-жердегі жоғары оқу орындарында ғылыми іздестірулерді өрістету;

- жоғары оқу орындарының материалдық – техникалық базасын нығайту, оқыту және ғылыми - зерттеу процестерін одан әрі компьютерлендіру;

- жоғары оқу орындарын және жалпы білім беретін мектептерді оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету;

- оқытушылар ұжымдарының білім сапасы үшін жауапкершілігін арттыру жағдайларын жасау.

Жаңа экономикалық жағдайда жас мамандардың көтеріңкі академилық белсенділігі мен әлеуметтік қорғалатындығын қамтамасыз ету мәселелері негізгі орында. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибелерінде өзін ақтаған жаңа білім түрлерін дамытуда көптеген педагогикалық инновациялық әдістердің ішінде деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы АҚШ- да бастауыш сыныптардан, ал Жапония мен Франция елдерінде ортаңғы және жоғары сыныптарда жүзеге асырылуы.

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп – саралап оқыту әдісі оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгеруді талап

етеді.Бұл оқыту әдісінде бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады. Деңгейлеп – саралап оқыту әдісі үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарына сай.

Педагогикалық шеберліктің іске асуы байқалатын тәжірибені мақсатты да белсенді түрде пайдалануға байланысты. Шеберліктік ең жоғарғы деңгейіне жетудің жолы жан-жақтылықпен оның құрамына енетін пе,дагогикалық әрекеттердің бір-біріне ауысуымен сипатталады.

Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалімдердің өз білімдерін және жұмыс әдістерін жаңартып отыруы – мамандық заңдылығы.Сондықтан, мұғалім педагогикалық әрекеттерді іске асыру әдістерін меңгеруі тиіс.

Мұғалім өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылықпен еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіретін маман.

Лекция

Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы,оның заңдары мен заңдылықтары

Жоспар:

1. «Тұтас педагогикалық процесс» түсінігі.

2. Педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері.

3. Педагогикалық процестің кезеңдері.

қызметтері т.б.

Негізгі ұғымдар: процесс,педагогикалық процесс,қозғаушы күштер,педагогикалық көзқарастар.

Педагогикалық процесс – кәсіптік іс-әрекеттің бір түрі, негізгі мақсаты мектеп және әртүрлі оқу орындарының оқушыларын оқыту, тәрбиелеу, білім беру және дамыту.Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі сипаты-педагог пен оқушының біріккен іс-әрекеті, яғни оны мақсатты түрде оқыту, тәрбиелеу, дамыту.

Педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық үдеріс элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық жағдаят) болуы керек.Педагогикалық үдерістің мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінін ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық үдеріс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіптік іс-әрекетпен айналысатын адам арнайы білім алумен қатар, мамандыққа сай білім, іскерлік, дағдылармен қарулануы қажет.

Кәсіптік педагогикалық іс-әрекет пен айналысатын адамдар – тәрбиеші мұғалім, оқытушы, педагог деп аталынады. Атаулары әртүрлі болғанымен, мақсаты бір – адам тәрбиелеу, оқыту, дамыту. Педагогикалық іс-әрекет алғаш ежелгі Грецияда пайда болған (б.э. дейін VI-IV ғ.). Алғашқы мектептерде тек байдың балалары оқыған. Оларды мектепке апаратын, мектепте оқытатын құлдар – педагог деп аталынған. Педагогика – баланы ерту деген мағына береді, яғни педагог – баланы ертіп жүруші, үйретуші деген мағына береді. Кейіннен сөздің мағынасы кеңейіп, ерекше статусқа ие болды, баланы арнайы кәсіптік білім алған адам ғана оқытып, тәрбиелейтін болды. Педагогикалық іс-әрекет тарихи даму кезеңінде көптеген өзгеріске ұшырай отырып, өзінің негізгі мақсатын сақтап қалды-ол келер ұрпақта оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бүгінгі күні педагогикалық жүйеде субъект-субъектілі қарым-қатынас түрі жоғары қойылуда, яғни мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі ынтымақтастық, түсіністік деңгейінде жүргізілуі тиіс. Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту –тәрбиелеу процесінің

теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым, заңдар, заңдылықтар

жатады.Оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту –тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.

Педагогикалық үдерістің заңдылықтары:
1.Оқу мен тәрбие қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайына байланысты. Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу қоғамның тапсырмасы, қоғам өзіне лайықты ұрпақ дайындайды, өз жағдайымен байланыстырады.
2.Тәрбиенің, оқытудың білім берудің жене дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқытусыз тәрбиені іске асыруға болмайды. өйткені, адам баласы белгілі заңдылықтарды білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі әсер етеді.
3.Тәрбие мен өзі-өзі тәрбиелеудің бірлігі.
4.Тәрбие мен оқыту – іс-әрекеттің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекет, қарым-қатынас таным процесін дамытады.
5.Педагогикалық үдерісте оқушылардың жас және дара ерекшелерін есепке алу.
6.Педагогикалық үдерістің процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.
Жеке адам ұжымға тәуелді, ұжымсыз өмір сүруі мүмкін емес. Педагогикалық үдерістің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының өзара байланыс заңдылықтары;
А) Оқыту мен тәрбиенің мазмұны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты.
Ә) Оқыту мен тәрбиенің формалары, оларға ұйымдастырып өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты.
Б) Оқыту мен тәрбиенің әдістері олардың мақсаттарымен анықталады.

Тұтас педагогикалық процесс(ТПП) Оқушылар мен мұғалімдердің,тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің келісілген қызмет жүйесінен тұратын ғылыми талаптарға сәйкес құрылған оқу-тәрбие процесі
ТПП қасиетері ТПП заңдылықтары
1.ТПП оны құрастырған процестерді өзара күштейді. 2.ТПП оқыту және тәрбие әдістерінің тереңдеуіне мүмкіндік береді. 3.ТПП педагогикалық және оқушылар ұжымының біртұтас жалпы мектеп ұжымына айналуына әкеліп соғады 1.ТПП мақсаттары, мазмұны,міндеттері, қалыптары,және әдістері қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен шарттандырылған. 2.ТПП бұл процесс немесе т.б.өтіп жатқан жағдайға байланысты болатын әдістермен және қалыптармен жүзеге асады

Лекция

Тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі

Жоспар:
1. Тәрбиенің мақсаты тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы.

2. Тәрбиенің мақсаты нақты табиғи құбылыс

3. Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға ұғымын қалыптастыру

Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, әлемдік мәдениет, ұлттық мәдениет, жалпыадамзаттық құндылық, ұлттық құндылық, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға.

Тәрбиенің негізгі мақсаты-қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп апектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А. Коменский, К.А. Гельвиций, Д.Дидро, А.Дистерверг, Д.Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К. Крупская, П.П.Блонский, А.С. Макаренко т.б.).

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндімелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі; жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінезқұлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).

Жеке тұлға-бұл интегративті және жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды.Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауап-кершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

«Даралық» ұғым бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид».Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы-«жекелік».Әрбір адам индивид болып табылады.Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып танылады. Әлеуметтану бағытын жоқтаушылар адам биологиялық тіршілік иесі болып туғанымен, белгілі ортада жетіліп, сол ортаның заңдылықтарына байланысты әлеуметтенеді дейді. Адам неғұрлым ортамен қарым-қатынас жасаған сайын, соғұрлым оның биологиялық негізінің кей жақтары өзгеріске ұшырайды. Адамның ұлт өкілі болу көрсеткіштері де соған байланысты болмақ. Ал, биоәлеуметтік бағыттағылар адамның психикалық процестерді (түйсіну, қабылдау, ойлау, т.б.) биологиялық негізде қалыптасатын болса, оның бағыттылығы, қызығушылығы, қабілеті, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасатындығын түсіндіреді.

Лекция

Тақырыбы: Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі

Жоспар:
1. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.

2. Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері

3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі мәселелері.

Негізгі ұғымдар: дүниетаным, дүниеге көзқарас жиынтығы, әлеуметтік орта, дүниетанымның компоненттері, тұлғаның құндылық бағдары, дүниетанымды қалыптастыру құралдары

Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына,

адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіледі: білім жүйесі, дүниетаным, сенім, адам мұраты.

Білім обективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетаным дамуының үлкен тірегі.

Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әртүрлі көзқарастар бар.

Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез –құлқын сипаттайды.

Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы,талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды,қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады.

Дүниетанымды қалыптастыруда оқытылатын құбылыстар мен процестерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру керек.

Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімінің, ғылымының негіздерін және мінез құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.

Дүниетанымдық білімді оқушылыр дене ақыл-ойының күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді.

Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді.

Дүниетанымның психолгиялық құрылымы танымдық эмоцианалдық және еріктік сияқты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек.

Дүниетанымның қалыптасуы-күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Педагогика мен педагогика тарихы, мектеп тәжірбиесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірбиесі жинақталған.

Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік –адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.

Лекция

Тақырыбы:Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны

Жоспар:
1.Тәрбиенің мақсаты мен мазмұны жайлы ұғым.
2.Тәрбие процесінің мәні.
Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мазмұны, тәрбиенің түрлері, тәрбиелік үдеріс, ұлттық тәрбиелік идеал, әлеуметтендіру, әлеуметтенудің түрлері, өзін-өзі дамыту Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының бір тұтатығы деп түсіну керек.
Мектепте тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірімен басланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық білімменқаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет.

Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектепбасшылары мен педагог арасындағы қарым – қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет. Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл – ой тәрбиесі, құлақ тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б.
Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін - өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әр қашанда дайын болу қажет.

«Ұлттық тәрбие» терминін енгізу педагогика ғылымында әлі өз шешімін таба қойған жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында енгізілуі тиіс. Өйткені, этнопедагогика – ұлттық тәлім-тәрбиені жинақтайтын, оны қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.

«Адамгершілік» термии сөзі өзінің бастапқы «адамдық» сөзінен алынады. Латынша адамдық сөзі /moralis/– мораль. «Адамдық» – бұл, өзінің күнделікті іс- әрекетінде, өзінің мінез- құлқымен адамдармен қарым- қатынасқа түскенде қолданылатын өлшем. Адамдық қасиет мәңгілік емес және өзгеретін санатқа жатпайды, олар әдет күші бойынша қалыптасады, қоғамдық көзқарасты белсенділікпен қолдайды»

Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілелеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті

Экономикалық тәрбие - Тәрбиеленушілердің шаруашылықты оңтайлы жүргізудің, өндірісті ұйымдастырудың, байлықтарды дұрыс бөлудің және тұтынудың табиғатына, принциптері мен ережелеріне сәйкес білімдерін, біліктерін және дағдыларын, қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және ойлау стилін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мақсатты ықпалдасуы.

Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері.

Ақыл-ой тәрбиесі – оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.

Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта – ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы.

Лекция

Тақырыбы: Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі

Жоспары:
1. ТПҮ қозғаушы тетіктері ретінде тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік

2. Тәрбие әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері.

3. Тәрбие әдістерін қолданудың педагогикалық шарттары.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері, құралдар, формалар, әдістер, тәрбие технологиясы, тәрбие әдістерін жіктеу, оқушының тәрбиелігінің диагностикасы.

Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.

Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік. Сипаты бойынша əдістер – сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау. Мұндағы «сипат» мəні – əдістің бағыт-бағдарын, қолдану аймағын, ерекшеліктерін жəне т.б. білдіреді.

Сананы қалыптастыру əдістері

Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған

Этикалық тақырыптағы əңгіме – инабаттық мазмұнға негізделген деректер мен оқиғаларды


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: