double arrow

Лекция.

Тақырыбы: Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы

Жоспары:

1. Алғашқы қауымдық құрылыстағы тәрбие сипаты.

2. Құлдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп.

3. Феодалдық құрылыстағы тәрбие мәселелері.

Негізгі ұғымдар: тәрбие формасы, тәрбиенің пайда болуы, алғашқы қауымдық қоғам, еңбек іс-әрекеті.

Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы – рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттармен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зот болды.Ф.Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді.Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп түсіндірді. Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қол өнеріне үйретілді.Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды.Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жіктелді, ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез- құлық тәрбиесінің құралына айналды.

Тәрбиенің ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі – рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.

Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орнына құлдық қоғам пайда болды.Солтүстік Африкада Египеттен бастап оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды.Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем тптың балалары тәрбиеленді.

Спартада құлдарды қатал қанауға негізделген егін шаруашылығымен кәсіп етті.Сондықтан бұл елде құлдардың көтерілісін қатал күшпен басатын әскери шыңдалған құл иеленушілер даярлауға көп көңіл бөлінді.Спартада үстем тап балаларына әскери тәрбие берілді.Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді.

Құл иеленушілердің 7 жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды.Қыз балалар семьяда ғана тәрбиеленіп, үй жұмыстарына үйретілді.Ер балалар 7-ден 13-14 жасқа дейін грамматист және кифарист мектептерінде оқыды.

Афинада мектептерді жеке адамдар ашып, балаларды оқытқаны үшін ақы алатын болды.Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті.Кифарист мектебінде музыкаға, ән, тақпақ айтуға жаттықтырды.

Құл иеленушілерден басқа жай халықтың өз балаларын мектепке оқытуға көпнесе мүмкіндігі болмады.Олар балаларын қол өнерге үйретті, кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды.Ал құлдар тек «сөйлейтін құрал» ретінде бағаланды.

Көрнекті грек философы Платон тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру деп есептеді.Платон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жақтады.3-тен 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиешілердің басқаруымен уақытын ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санады.

Ежелгі Рим педагоктарының ең көрнектісі Марк Фабий Квинтилиан болды.Ол- «шешендікке тәрбиелеу туралы» деген еңбектің авторы.Квинтилиан балалардың табиғи нышандарын жоғары бағалады.Балалар мектепке тәрбиеленуі керек, мұғалім әр балаға ерекше көңіл бөлу қажет деп есептеді.

Феодалдық қоғамда үстемдік етуші сословиелер федолдар мен дін иелері болды.Олар бүкіл жердің және өздеріне бағынышты шаруалардың қожасы саналды.Феодалдық қоғамның негізгі тірегі – дін мекемелері.Орта ғасырда Қытай мен Индияда, Таяу Шығыс пен Европада ересектер мен жастарды оқыту мәселесі діни ұйымдардың қолында болды, білім діни мазмұнында берілді. Барлық халықтарда дін қарапайым адамдарда үстем тапқа бағынуға үгіттеді.

ХІІ –ХІІІ ғасырларда Батыс Европадағы мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыс кеңіді, қалалар пайда болды, қол өнер мен сауда дамыды.Экономикалық даму терең білімнің болуын қажет етті,осыған байланысты университеттер ашылды. ХІІ ғасырда университеттер Италияда, Францияда, Англияда т.б. елдерде, ХІV ғасырда Чехияда кейінірек Польшада ашылды.

Қайта өрлеу дәуірінде сауданың, қаланың дамуымен бірге тоқыма өндірісі өркендеді, капиталистік өндіріс кәсібі дамыды, Буржуазия табы туды.Ғылымның әр саласынан жағалықтар ашылды.

Гуманист педагоктар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика,астраномия, миханика,жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті.Бұл дәуірде қол өнершілер мен сауда қызметкерлерінің балалары үшін ашылған қала мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілді.ХVІ ғасырда бастауыштан жоғары латын мектептері және орта мектептер ашыла басталды.Бұл мектептердің оқу мерзімі 8-10 жыл болды, оларды тек үстем таптың балалары ғана оқыды.Кейбір діни ұйымдар балаларға жаппай бастауыш діни білім беруді жүзеге асырды.

Қайта өрлеу дәуірінде Англияның сатциал утописі Томас Мор педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды.Басқа Европа елдеріне қарағанда Англияда капитализм тез қарқынмен дамыды.

3-дәріс

Тақырыбы: Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту

Жоспары:

1.Ежелгі Үндістандағы тәрбие мен мектеп

2.Ежелгі Шығыс ежелгі өркениет мемлекеттеріндегі мектеп

3.Ежелгі Египеттегі мектеп пен тәрбие

4.Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.

Негізгі ұғымдар: ежелгі өркениет, э – дубб, Көшпенділер әлемі, еңбек әрекеті, дене жетілуі, әскери дайындық, Антикалық әлем, педагогикалық ой-пікірлер.

Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.
Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.
Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады.

Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.
Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді. Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.э.дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды.

Ертедегі Египетте қолданылған әдістер мен тәсілдер тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен идеялына сәйкес келеді. Оқушыға ең алдымен тыңдай білуге үйретті. "Тыңдай білу – адамның ең негізгі қасиеті” қанатты сөзі кеңінен қолданылды.

Ертедегі Индияда ерекше қасеитті және сонымен бірге оқу кітабі болып табылатын "Бхагавадгита” (б.э.д. 1-мыңжылдықта) ерекше атауға болады, шәкірттерді тәрбиелеу және оқыту мазмұны мен жолдарының үлгілері ұсынылды.
Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол көп білетін, "өзінің жандүниесінде бейбітшілік пен үйлесілімділікті қалыптастыратын адамды тәрбиелеу” мақсатын қойды. Ертедегі кітаптар бойынша, бірінші мектептер Қытайда б.э.д. 3-мыңжылдықта пайда болды. Олар сян және су сюй деп аталды. Оқытудың негізгі мақсаты пероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына 6 өнердің түрі кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату, атқа міне білу.

Қытай – ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемлекеттің бірі ретінде тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан пайымдауға алғашқы қадамдар жасалды. Ертедегі Қытайда педагогикалық ой-пікірдің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті.
Конфуций (551-479жж. б.э.д.) өзінің мектебін құрды, онда 3 мыңға тарта шәкірт даярлады. Конфуций Ертедегі Қытайда тәрбиелеу және оқыту тәрбиесін жинақтады және өзінің тамаша ойлары мен идеяларын ұсынды. Конфуцийдің айтуынша, идеялдық тәрбиеленген адам адамгершілігі жоғары, шындыққа ұмтылу, әділдік, рухани мәдениеті бай адам болу керектігін ерекше жоғары бағалады.

Ертедегі Греция – көптеген құлиеленуші мемлекеттерді- полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) – Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды.

Ертедегі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да болды.
Ертедегі грек ғалымдары мен философтары еңбектерінде тәрбие және оқыту мәселелеріне ерекше мән берді. Педагогика ғылымы алғашында философия ғылымының құрамында дамыды. Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық теориялардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.
Аристотель (384-322 жж.б.э.д), Платонның шәкірті, көрнекті философ-идеалист және ертеден Грецияның ғұлама ғалымы. Аристотель адамда тәні мен жаны болатындығы, материя мен түр сияқты бөлінбей өмір сүреді. Тәрбиенің мақсаты табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту. Аристотель баланың табиғатына сәйкес дене, адамгершілік, ақыл-ойтәрбиесін ұйымдастыру, сонымен қатар балалардың 1 жас ерекшеліктерін ескеріп атқаруды ұсынды.
Марк Фабий Квинтилиан – белгілі Рим шешені және педагог, Римдегі ең таңдаулы шешендік мектептердің бірінің негізін салушы, көп кешікпей оның есімі кеңінен таныла бастады және мемлекеттік болды.
Өз мектебінің тәжірибесі және античный дүниенің педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері негізінде Квинтилиан "Шешеннің тәрбиесі туралы” алғашқы арнаулы педагогикалық еңбекті жазды, онда кейбір жалпы педагогикалық мәселелер сөз болды.
Педагогикалық ой-аікірдің даму тарихында Квитилиан дидактика мен әдістеменің негізін қалаған, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің талаптарын біржүйеге келтірген алғашқы арнаулы педагогикалық еңбектің авторы ретінде ерекше орын алады.

4-дәріс

Тақырыбы: Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту.Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие

Жоспар:

1.Византияда мәдениет пен ағарту дамуының негізгі кезеңдері

2.Орта ғасырда Индиядағы оқыту мен тәрбие.

3.Орта ғасырда Қытайдағы білім беру мен мектеп, мемлекеттік емтихандар жүйесі.

Негізгі ұғымдар: ағарту, Византиядағы ағарту, византиялық ықпал ету, педагогикалық ой-пікірлер.

Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодальдық құрылыспен өзгертуге алып келді. Ал, сөзсіз оның алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте құлдарға қарағанда кейбір ынталылық танытты), бірақ феодальдық құрылыстың негізіне феодалдардың, діниелерінің жерге жекеменшігі жатты.

Феодалдық құрылыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол орта ғасырлық батысевропалық қоғам өмірінде ерекше роль атқарды. Шіркеу бұқара халықты басты-даншуды жақтап отырды.

Католиктік діниелері ертедегі мәдениетке қарсы болды: ғылымға, өнерге, мектепке;

Манастырлардың жанында манастырлық мектептер, шіркеулердің – приходтық мектептер ашылды. Ең алдымен ол мектептер діни адамдарды дайындады. Бұл мектептердің мұғалімдері – монахтар мен діниелері оқитын ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында тәрбиелеуді, оларды оқуға және жазуға олар үшін жат латын тілінде оқытты, құдайға құлшылық ету латын тілінде жүргізілді. Бұл мектептерде оқыту өте қиын, әрі ұзақ болды. Балаларды үлгермегені және аз-кем тәртіпті бұзғаны үшін шәкірттерді өте ауыр дене жазасын беріп отырды.

5-дәріс

Тақырыбы: Таяу Шығыста,Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XV ғ.ғ.)

Жоспары:

1. Әлем өркениеттері

2. Ж.Баласағұнның ізігілкті басқару идеясының көздері

3. Ертедегі Шығыс өркениеттерінің ой-пікірлері және педагогикалық идеялардың дамуы

Негізгі ұғымдар: Ренессанс, Орталық-Азиялық Ренессанс, педагогикалық тұжырымдама, ізгілік көзқарастары, тәрбиелік дәстүрлер, ағартушылық іс-әрекет, гуманист-ғалым, педагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық көзқарастар жүйесі.

«Басқару - әр алуан ортаның (әлеуметтік, биологиялық, техникалық) белгілі бір құрылымын сақтап, әрекет ету режимін қолдау, олардың мақсат-мұраттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған жүйенің қызметі. Дегенмен, басқару – сан алуан ғасырларды басынан өткізген күрделі үрдіс.

Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізігілкті басқару идеясының танымдық көздерін анықтауға мүмкіндік берді.

Түркі тілінде ең алғаш жарық көрген «Құтты білік» дастанының ерекше құрылымы. Дастанында төрт кейіпкер төрт қасиетті ұғымның - Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат - иесі болып табылады.

Баласағұнның көздеген мақсаты – ізгілікті басқару идеясын негізге ала отырып, ізгілікті қоғам орнату. Құтты білік» дастанында халық қамын ойлау, халыққа қамқорлық жасау билік иелерінің басты міндеті болып келеді.

Батыстық өркениеттегі басқару мәселесінде ізгіліктің құнды қағида екеніне көз жеткіземіз. Мұнда ізгілікті басқару тәрбиесіне ерекше мән берді. Ежелгі грек философы Сократ (б.з.д.469-399ж.ж) рахымшылдық, мейірімділік, білімділік, даналықты, жақсылықты терең түсінгенде ғана мейірімді бола алады, ол ақиқат – шындық, таза болмыс адам ақылының алғы шарты десе, Платон мен Аристотель қоғамды тәрбиелеуде ізгілікті басқару идеясын басшылыққа алады. Платон (б.з.д.427-347жж) адамдар теңсіздігінің, әділетсіздіктің себебін қоғамдық өмірді ұйымдастырудан іздеген. Адамзат дамуындағы ізгілікті басқаруды көздейтін негізгі идеяларды жүйелесе болады

Басқару – үздіксіз үрдіс. Ол адамзат дамуының әр кезеңінде жаңа идеяларға, жаңа бағыттарға талаптанып отырады. Бұл идеялар, біздің пікірімізше, ауыз әдебиетінен көрінетін рухани мұралардан басталып, жазба мәдениетіміздің, тіліміздің ең көнесі болып саналатын тарихи мұрамыз − Орхон-Енисей және Талас жазуларында (V-VI ғғ.) ірге тасын қалаған.

Басқару туралы құнды мәселелер, әсіресе, ізгілікті басқару идеясы Орталық Азияда Қайта Өрлеу, яғни Ренессанс дәуірінде қарқынды дамып, Тұран жерінде ерекше құбылысқа айналды (IX –XIII ғғ.). Ренессанс – дегеніміз мәдениеттің жаңарып, жаңғырып отыруы. Ондай дәуірлер Ренессанстық тұлғаларды дүниеге әкеледі. Солардың қатарында әлемнің екінші Ұстазы атанған Әл-Фараби, әйгілі «Шахнаманың» авторы Фирдоуси, медицина негізін қалаушысы Ибн сина, ең алғаш түркі тілінде шығарма жазған Жүсіп Баласағұн, Орталық Азиядағы тұнғыш сөздігінің авторы Махмұд Кашгари, т.б. Игілікті басқару идеясының түрлі қырлары ғұламалардың еңбектерінде жан-жақты ашылады. Ерекше назар аударытыны олардың басқару іс-әрекетін адамгершілік, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланыстыра қарастырағандары. Ғұламалардың құнды ойлары төменгі кестеде жүйеленген.

1-кесте – Шығыс ғұламаларының ізгілікті басқару туралы идеялары

Ғұламалар Негізгі ой Тәрбиелік мәні
Ал- Фараби    
  Әлеуметтік-этикалық трактат: саяси қайраткерлер қала тұрғындарын ізгілікке үйретіп, оларды абзал адамдарға айналдырады; Азаматтық саясат: бірінші басшы алдамдарды бақытқа апаратын әрекеттерді белгілеуге әрі анықтауға қабілетті; Қайырымды қала: адамның мүшелерінің мүлде мінсіз болуы; өзіне айтылғанды жете түсінуі және оған айтқанның бәрін өзіне елестетуі қажет; ел басшысы – елдің ең басты тәрбиешісі;  
Фирдоуси Шахнама: таза өмір сүр, құмартпа тамашаға. Байлық құма, тұрашыл, білімді бол, өз патшаңа барынша сенімді бол баланы жастайынан ізгі қасиеттерге баулу: білім, әділ, сенім
Ибн Сина Қоғамға ақылды, жомарт патша қажет Ақыл і мен жомарттық қасиет тәрбиелеу
Махмуд Кашгари Диуани-лугат-ат турки: Ұлық болсаң – iзгi бол (халық тәлімінен) әдептілікке,адамгершілікке шақыру

Орта Азиялық Ренессанс дәуірінің мынадай ерекшеліктерін атауға болады:

- гуманизм мен ізгілік -Ренессанстің негізі ұстанымдары;

- ізілікті қоғам орнату – дәуірдің мұрат-мақсаты;

- адамгершіліктің күшеуі, мәдениеттің дамуы, адамды ең жоғары тұлға деп қарастырып, оның еркіндігін, жақсы өмір сүруін насихаттау – заманның құндылығы.

Лекция

Тақырыбы: Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер

Жоспары:

1.Ерте ортағасырда Еуропадағы білім берудің ерекшеліктері.

2. XVII - XVIII ғғ. Еуропалық елдердегі ағартушылық. В.Раткенің педагогикалық идеялары

3.Я.А.Коменскийдің педагогикалық ілімі. XVIII ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріндегі педагогикалық ойлар.

Негізгі ұғымдар: білім беру, катехумендер мектебі, кафедралды мектептер, собор мектептері, шіркеу мектептері, еуропалық университеттердегі білім беру, Қайта өрлеу мен Реформация дәуірі, еуропалық ағартушылық, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірлер, педагогика классиктері, білім бері тенденциялары.

Чех педагогы Ян Амос Коменский ХVІ ғасырдың аяғы, ХVІІ ғасырдың басында педагогика ғылымының негізін қабылдады.1592 жылы 28 наурызда дүниеге келген еді. Каменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегі дүние жүзіне танылып, ең алғашқы оқытудың заңдылықтарын принциптерін, сынып – сабақ жүйесінің негізін салған.Сондай-ақ ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері зерттелген Каменский 1641-1654 жылдары аралығында Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп реформасын әзірлеу ісіне қатысып, оқулықтар жазған.Ал 1648 жылы ол өзінің «Чех туыстық» қауымымен құрып оның басшысы болды.Осы жылдары «Әлемді суреттеп бейнелеу».

Жақсы ұйымдастырылған мектептік заңдары, «Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» деген еңбектері жарық көрді.Сондай-ақ Венгрия да жүргенде 1654 жылы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Аналар» мектебін ашады.Ал 1650 жылы Венгрияда мектептегі реформа ісіне басшылық жасайды.Каменскийдің шығармалары риалистік және материялистік көзқарасы тұрғысынан қарастырамыз.Дидактиканың принциптерін материал тұрғыдан, ал оқу мен тәрбие жүйелерін құруда, яғни таным проблемасын шешуді екі жақта көзқарастар қарастырылады.Каменскийдің идеясы логикалық, яғни оның негізгі діни сапа, сондай-ақ табиғатты танудан көрінеді.

Каменскийдің көзқарасының жаңа бағыттары қайта өрлеу дәуірінде гуманистік тұрғыдан әсері күшті болды. Яғни адамның бойында ең алдымен адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу керек деп есептеп немесе адамгершілік шеберханасы болу керек деген, ең алдымен адамға оның ақылымен күшіне сену керек дейді. Ақиқатында адам ақылы зор мәнге иелі.Каменскийдің бұл көзқарасы орта ғасырларда адам гуманизімі жайындағы көзқарасы жайлы кері ықпал етті.Ол өз кезегінде білім беру жүйксін, сынға алып, білім алуға қол жетпейтін төменгі тап өкілдеріне, олардың құрылғысын зерттеп келе білім әр адам үшін қол жетерліктей болу керек деп көрсетеді.Ұлы дидактика деген – еңбегінде реалистік позиция педагогиканың өзекті мәселелерін шешуде өмір тілеуіне қоғамның демократиялық топтарына бағына көрсетті.Ең алдымен жас жеткіншектерге тәрбие мен білім беру қажет, ол өмірге пайдалы, қажетті білімді оқудан талап етеді.Адам болу үшін ол білім алу тиіс, білімді адам нағыз адам болу керек.Тәрбие ісі табиғатқа сәйкес жүргізілуі керек, яғни адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарап, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін тәрбиелеуге бағытауы тиіс.Осыған байланысты «Табиғатқа сәйкестік принципін» ұсынады.

Мектептегі оқуының жүйесі. Ол адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отыра, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың 4 сатылы кезеңін, осыларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.

1) Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде – «Ана мектебі»

2) 6-дан 12 жасқа дейіегі балалар үшін әрбір қауымда «Ана тілі» мектебі.

3) 12-ден 18 жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын мектебі.

4) 18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді.

Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізгі», «нақтылыдан абстрактылыға», «жеңілден ауырға» қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: